Оралды қар суы жайлап барады

17 наурыз күні кешкісін Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Орынғалиевтің төрағалық етуімен су тасқынына байланысты жедел кеңестің отырысы болды.

Ғ.Орынғалиевтің айтуынша, қардың тез еруіне байланысты «Жұлдыз» шағын ауданы, Деркөл, Зачаган кенттерінде шалшық су көбейді. Қазіргі кезде бұл аумақтарға 96 техника жұмылдырылған.

Зачаган кентінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жертөлесіне кірген су сорылып алынған. Сол сияқты өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа емханаға барар жолды су алып кеткен.

Бұл жерде айта кететін жайт, балалар ауруханасы су жүретін сайдың орнына салынса, емханаға апаратын қатқыл табанды жол төселмеген. Соның салдарынан қазіргі кезде емхана қызметкерлері мен оған қаралатын тұрғындар әбігерге түсуде.

Жедел кеңесте «Жұлдыз» шағынауданы үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Рүстем Закарин, Зачаган кенті үшін оның әкімі Құрманғали Байғаржанов, Деркөл үшін Губби Бегалиев бекітілді. Жалпы жауапкершілік қала әкімінің орынбасары Қуаныш Елубаевқа жүктелді.

Жұлдыз  
Жұлдыз 
Жұлдыз 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз