Оралдықтар «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасын» теректіліктерге табыс етті

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы ұйымдастырған кең көлемдегі «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» шарасы аясында  Орал қаласының делегациясы Теректі ауданында болып, эстафетаны табыс етті.

Достықты ту етіп, облыс орталығынан келген өнер ұжымдары концерттік бағдарлама қойып, түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді. Оралдық өнерпаздарды теректіліктер жылы қабылдады. Шара барысында басқа да мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Концерттен кейін Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевке «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасының» бейне-кітабын табыс етті. Осыған дейін шара аясында Оралдағы этномәдени орталықтар, жастар бірлестіктері түрлі шаралар өткізген болатын. Теректі ауданы ауылдарында да кездесулер жалғасын тауып, Долинныйда «Еднання» украин этноорталығында мәреге жетпек. Содан кейін эстафета 5 наурыз күні Ақсай қаласында Бөрлі ауданы өкілдеріне тапсырылады.  

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің тілектері жазылатын аталмыш бейне-кітап барлық он екі ауданда болып, сәуірде Оралға қайта оралады. Содан кейін облыс халқы бірлігінің көрінісі ретінде облыстық мұражайға тапсырылмақ.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз