Орынбор облысы жағынан аса мол судың келуі күтілуде - БҚО

Үкімет отырысынан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев су тасқыны және басқа өзекті мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар берді.

Әкімнің атап өткеніндей, қазір өңірде қар кетті, Орынбор облысы жағынан ғана үлкен судың келуі күтілуде. Кез келген құрылысты су баспас үшін оның алдын ала білген абзал. Тасқын суды суармалы жайылмаларға көбірек шығару мүмкіндігін қарастыру керек.

«Қазсушар» РМК БҚО филиалының директоры Қазбек Кенжеғалиевтің айтуынша, Жайықтан басқа Шаған, Деркөл, Қараөзен мен Сарыөзен, Быковка сынды өзендерде су қайта бастады. Ресейлік әріптестермен келіссөз жүргізіліп, олар бүгін Орынбордағы Ирикла су қоймасынан судың секундына 360 текше метрдің орнына 120 текше метр көлемінде жіберіліп жатқанын мәлімдеді. 5 сәуірден бастап су  секундына 90 текше метрден босатылмақ.

Облыста күрделі мәселенің бірі жол болып тұр. Орал қаласы көшелерінің өзінде жол шұрық-тесік. Сондықтан өңір басшысы оны бірден сапалы жөндеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қатқыл табанды жол төсеудің барлық технологиялары сақталуы тиіс. Биыл БҚО-да жол құрылысына 6 миллиардтай теңге қаралып отырса, соның ішінде Орал қаласында 36 шақырым жол жөнделеді. Қатқыл табанды жол Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары орталықтарына дейін жетеді. Жәнібек ауданына және Саратов облысына қарай шығатын күре жолдар салынады.

Жиында Орал қаласын санитарлық тазалау жұмыстарын жалғастыру, ауа райына қарай жылыту маусымын созу мәселесі де сөз болды.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз