Отбасы бүтіндігіне не жетсін - К.Айтасқызы, ардақты ана, БҚО

Елбасымыз барлық жағдайды жасап отырған қазіргідей заманда ең алдымен ұрпақ ертеңін, отбасы бүтіндігін ойлау керек.

Бұл туралы Қазталов ауданы Бостандық ауылында тұратын ардақты ана Кенжеғаным Айтасқызы мәлім етті.

Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген Кенжеғаным тұрғыластары секілді ерте есейіп, еңбекке араласты. . Қаршадай қыз шөп жинаған пішеншілердің өгіз арбасын жетектеп жүрді. Күннің күйіп тұрған ыстығына, жа­уын-шашынға қарамайтын, ба­­лалыққа салынып қыңқ етпейтін. Одан кейін Куйбышев, қа­зір­гі Қайып бөгеті салынғанда өгіз арбамен топырақ тасыды. Бас­қар­ма қайда жұмсаса, сонда жүрді. Ұлы Жеңісті жақындатуға еңбек етті. Сол қиындықтың барлығы артта қалды.

Кенжеғаным Айтасқызы отаға­сы Қапиятолла Ахметсафин екеуі алтын асықтай 12 бала тәр­бие­леп өсірді. Ұл-қыздары байла­­нысшы, құрылысшы, мұғалім, дә­рі­гер болып қызмет атқарады. Ері Қапиятолла ұзақ жыл мал­­­­­­­шы, жүргізуші болып еңбек етті. Ел алғысын арқалаған азамат 1991 жылы өмірден өтті. Батыр ананың 18 немересі, 6 шө­бе­ре­сі бар. Немерелері де азамат бо­лып қалды. Бірі - полиция қызмет­ке­­­рі, екеуі - музыкант, енді бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­­­­тық мемлекеттік университеті­нің сту­денті, өзгелері - мектеп, ба­ла­­­­бақшада. Қара шаңырақ­тың ақ әжесі атанған ана немере, шө­бе­релеріне аналық ақы­лын айтып, жөн сілтеп отырады.

-Аллаға шүкір, бала-шағам­ның ортасында бақытты өмір сү­ріп жатырмын. Бастан өткер­­ген қиындығымыз көрген түс­тей болды. Тек ұрпағымыз енді ондайды көрмесін, татулық ұя салған жарасымды отбасылар көбейе берсін, - дейді сексен жас­қа аяқ басқан ауыл әжесі, ардақты ана Кен­­же­­ға­­ным Айтасқызы.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз