Пара алған полиция қызметкері ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында 14 наурыз күні ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен қаржы полициясы қызметкерлері әкімшілік полициясы басқармасы әкімшілік практика бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Е.Мұхитовты ұстады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полиция қызметкері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 463-2 бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Орал қаласының тұрғынынан жүргізушілік куәлігін қайтарып беру үшін 40 мың теңге талап еткен. Қарау барысында қылмыстық айғақ - 40 мың теңге табылмаған. Алайда полиция қызметкерінің ақша бопсалағанын дәлелдейтін деректер бар. Осыған байланысты ол өз кінәсін мойындаған.

Ұсталған полиция қызметкеріне ешқайда кетпеу туралы шара қолданылып, материалдары ҚР Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 192-бабына сәйкес БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне берілді. Оған қоса қызметтік тексеру де жүргізілуде.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз