Парашют спортынан ел чемпионатында БҚО құрамасы 3 күміс, 4 қола медаль иеленді

Жуырда Алматы қаласында классикалық парашют спортынан ел чемпионаты мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарынан және ҚР Қарулы Күштері парашюттен даярлау орталығының спортшылары қатысты. БҚО намысын Илья Китин, Андрей Гредасов, Михаил Землянушин және парашют спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Раис Сүйіндіков қорғады. Топтық секіру бойынша жерге дәл түсуден батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы үш күміс, төрт қола медальді еншіледі. Әсіресе, жасөспірімдер арасында Илья Китин үш мәрте күміс жүлдегер атанып, ҚР спорт шебері талабын орындады.

2682543

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз