Полиция қызметкері жалған нөмірлі көлікпен жүрген

БҚО ішкі істер департаменті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізген жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған айлық кезінде полиция қызметкері қолға түсті.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 26 ақпан күні 01.00 сағат шамасында Орал қаласында әкімшілік полиция қызметкерлері «Toyota» автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің көлік құралын тіркеу туралы куәліктегі дерекке сәйкеспейтіні белгілі болды. Оның үстіне автокөлікті мас күйінде айдады деген күдікпен жүргізушіге медициналық тексеруден өту ұсынылды. Алайда ол бұдан бас тартты.

Бір «қызығы», жүргізуші ішкі істер департаментінің қызметкері болып шықты. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 471-бабы 2-бөліміне сәйкес (мас күйіндегі жағдайды анықтау үшін медициналық тексеруден өту жөніндегі ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін) және 461-бабы 3-1-бөлімі бойынша (жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын айдау) әкімшілік іс қозғалып, ол Орал қалалық әкімшілік сотына жолданды. Оған қоса қызметтік тексеру жүргізілуде.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз