Ресейдің бірлік мейрамын батысқазақстандықтар да атап өтті (ФОТО)

Көршілес Ресейде 4 қарашада кеңінен тойланатын Халық бірлігі күнін батысқазақстандықтар да атап өтті.

Оралда осы мейрамды алғаш рет ұйымдастырған «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Сергей Погодиннің айтуынша, бұл мереке елімізде жыл сайын 1 мамырда аталып өтілетін Қазақстан халқының бірлігі күнімен үндес келеді. Ол ел аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарын насихаттайды. Ең бастысы, бауырластыққа, достық пен бірлікке жетер ештеңе жоқ.

Халық бірлігі күніне орай өткізілген көркемөнерпаздар шығармашылығы фестиваліне орыс, татар, шешен, украин, еврей этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, мерекелік концертке «Скоморохи», «Сударушка», «Яикушка», «Ялкын», «Радуга» фольклорлық ансамбльдері қатысып, өнер көрсетті.

Фестиваль аясында «Менің Қазақстаным - менің Ресейім» деген тақырыпта балалар сурет көрмесі болып, оған суретші Сәкен Ғұмаров атындағы көркемөнер мектебінің шәкірттері, ұлттық-мәдени орталықтар мүшелерінің балалары қатысты. Бұл байқау Ақ Жайық жерінде талантты жеткіншектердің өсіп келе жатқандығын көрсетті. Сондай-ақ орыс кітаптары мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі де ұйымдастырылды.
Фестиваль соңында РФ-ның Орал қаласындағы бас консулы Саид Забитов белсенді қатысушыларға құрмет грамоталарын табыс етті.

«Елбасымыз Ұлытау төріндегі толғанысында қазақ жерінде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеп, дамыту қажеттігін атап көрсетті. Ел бірлігін нығайту, тамыры бір, тарихы ортақ туыс халықтардың өзіндік салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауда мұндай мерекелердің маңызы зор», - деді С.Погодин.

1

3

4

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз