Ресейлік және қазақстандық ғалымдар инновация мен жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады

Орал қаласында «Еуразиялық өзен аралығы» экономика білімінің «Ғылым-Білім-Тәжірибе» кластерлік триадасы» тақырыбында Менделеев жобасының VІІ халықаралық интеграциялық конгресі өтіп, оған ҚР Ұлт­тық инженерлік академиясының ака­­демигі Талғат Жүнісов, Қазақ­станның және Ресейдің жоғары және орта техникалық оқу орын­дарының басшылары мен ғалым­дары қатысты.

Олардың арасында Самара мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының ректоры В.Семенычев, М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің профессоры С.Ки­бальников, Саратов мемлекет­тік әлеуметтік-экономикалық уни­верситетінің профессоры Р.Бай­ния­зов, барлығы отыздан астам түрлі академиялардың мүшелері бар.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев Елбасының Қа­­зақ­стан халқына арнаған Жолда­уын­да ғылымға негізделген эко­но­микаға қол жеткізу, жаңа инно­вация­лық ізденістерге ден қою, әлемдік озық технологияларды экономика­ны дамытуда ұтымды пайдалану керектігі алға қойылғанын атап өтті.

«ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені заман тынысын әріден сезініп, іргедегі Ресеймен екі арада ғы­лым, инновация салаларындағы интеграциялық үдерістерге баса мән беріп келеді. «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың аясында аталмыш кешенде ғарыштық технологиялар, автоматтандыру және радиоэлектроника, сонымен қатар  салааралық технологиялар бойынша ғылыми конференция-конгрестер ұйымдастыру  дәстүрге айналды. 

ҚР Ұлттық инже­­нер­лік академиясы БҚО филиалының төр­­ағасы, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені­нің президенті Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені 2010 жылдан бері Пенза мемлекеттік университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетімен бірлесіп, интеллектуалдық және инновациялық идеялардың трансфертін жүзеге асырып келеді. Былтырдан бері Ресейдің «Дубна» халықаралық табиғат, қо­ғам және адам университетімен «Бірқалыпты инновациялық да­му» атты консорциумдық жоба жұ­мыс істеуде. Осындай жұмыс­тардың нәтижесінде уни­верси­тет ғалымдары Кедендік одақ мем­лекеттері және Еуропа­ның ғылыми орталықтарымен тұ­рақты байланыс орнатып, инно­вациялық көрмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соңғы жылдары Ресей мен Еуропада өткен ғылыми инновациялық көрмелерде қайтадан жандандырылатын энергия, автоматтандыру және телемеханика, радиоэлектроника салаларын қамтитын жобалар жоғары бағаланды.

Мәскеудің, Дубнаның, Самара­ның, Тольяттидің, Орынбор мен Саратовтың жетекші ғалымдарын  университеттегі оқу үрдісіне тартып, зияткерлік ин­вестициялардың құйылуына мүм­кіндік жасалған. Соның бір дә­леліндей мысал, С.Королев атын­дағы Самара мемлекеттік аэро­ғарыш университетімен арадағы жасалған келісімшарт негізінде ҚазИИТУ ғалымдары ғарыштық аппараттар тікұшақтары иондық қозғалтқыштарының жаңа үлгі­ле­рі мен жобаларын жасаған.  Жоба­лар Самарадағы аэроғарыш уни­вер­ситеті ғылыми ұжымының жоғары бағасына ие болды. Осындай ілкімді жұмыстардың нәтижесінде оралдық универси­тет кешені Еділ өңірінің ІТ техноло­гиясы саласындағы жетекші жоғары оқу орнындағы қауымдастығының құрамына кірді.

Көрші мемлекеттердің ғылым жолындағы ізденістерін бір ар­нада тоғыстыратын кезекті ин­­те­­грациялық конгреске қаты­су­­шылар алдағы уақытта да бір­ле­сіп жұмыстануға дайын екендік­терін жасырмады. Дубна­лық халықаралық универ­ситет­тің және М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік универ­си­теттің ғалымы Сергей Кибаль­ни­ков­тың сөзіне қарағанда, өткен жылдан бастап «Дубна» универ­ситетінде ҚазИИТУ-дың жас мамандары қа­тарынан магистранттар даяр­лаудың арнайы бағдарламасы қолға алынған. Ал самаралық бір­қатар мемлекеттік университеттерде осы үрдіс жалғасуда. Осы­ның бәрі - ғылымдағы интегра­цияның нақты мысалдары. Сон­дық­тан инновация, жаңа техно­ло­гияны трансферттеу  бағытын­да­ғы жұмыстар жалғаса бермек.

Конгресс жұмысы барысында мәскеулік ғалым Сергей Кибальников облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану халықаралық академиясының академигі атағы берілгенін хабарлап, диплом мен осы атақ берілгені жөніндегі куәлікті облыс әкімдігі өкілдеріне табыстады.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз