ШҰҒЫЛ: Оралда такси жүргізушісіне шабуылдаған адам іздестірілуде

Бүгін түске таман Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ауданында оқыс оқиға орын алды.

Сол маңда тұрған жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің автокөлігі жанына Бортау (Меловые Горки) жақтан келе жатқан «Лада Приора» тоқтап, ішінен пышақтан жарақат алған азия нәсілдес ер адам түсіп, құлаған. Оны полиция қызметкері қызметтік автокөлігіне отырғызып, облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізген. Таксисттің сөзіне қарағанда, ол еуропа нәсілдес жігітті Бортауға апарған. Алдын ала мәліметке қарағанда, сол кезде ақша төлеуге байланысты туындаған ұрыс-керіс жолаушының жүргізушіге пышақ салып алуымен аяқталған.

Орал қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, таксистің жағдайы қазір қалыпты, ол облыстық ауруханада жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз