Әскери үшсайыс пен жеңіл атлетикадан оралдықтар жеңімпаз атанды

Оралдағы 5517-әскери бөлім базасында әскери үшсайыс пен жеңіл атлетикадан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі мәреге жетті. Майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, үш күндік жарысқа Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен және Орал қалаларындағы әскери бөлімдерден алты команда қатысып, әскери-қолданбалы спорт түрлері: қол гранатасын дәл лақтыру, АК-74 автоматынан үш жағдайда нысана көздеу, кедергілер жолағынан өтуден сынға түсті.

Үшсайыстан жекелей сында Орал қаласындағы 5517-әскери бөлім сержанты Р.Кенжеғалиев жеңімпаз атанса, қатардағы жауынгерлер, ақтаулық Б.Ахметбекұлы (6656-әскери бөлім) мен Д.Шидоков (Орал) екінші-үшінші орындарды бөлісті. Екінші күні 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден де Р.Кенжеғалиев озып келді. Үшінші күні командалық эстафетада оралдықтар үздік шықты.

Жалпыкомандалық есепте 5517-әскери бөлімі - бірінші, 3502-әскери бөлімі мен 6656-әскери бөлімі (екеуі де Ақтаудан) екінші, үшінші орындарды иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
2  

3 

4 

5 

6 

7 

8

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз