Суға кеткен төрт жасар баланың атасының да мүрдесі табылды

17 қазанда түнде Орал қаласы іргесінде Жайық өзенінен 1957 жылғы ер азаматтың мүрдесі табылды.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мұның алдында осы маңнан суға кеткен төрт жасар баланың денесі табылған еді. Кейін белгілі болғанындай, оның атасы мен әжесі Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 16 қазан күні Оралдағы туысқандарына (әжесінің інісіне) қыдырып келген. Содан кейін серуендеуге шыққан атасы мен немересі қайта оралмаған. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз