Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың бұйрығымен Валихан Әлиханұлы Разов БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов көптеген мемлекеттік органдардың, соның ішінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттіктерінің де біріктірілгенін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті құрылып, бұдан бұрын Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Серік Жұманғарин комитет төрағасы болып тағайындалғаны белгілі. Осындай өзгерістер өңірлерде де болып жатыр.

Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша департаментін басқарған Ербол Есіркепов басқа жұмысқа ауысты. Ол қысқа мерзім ішінде өзін жақсы қырынан көрсете білді.

Жаңа басшы В.Разов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінде, «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтында, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде агроном, экономист, заңгер мамандықтары бойынша білім алған. ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірнеше коммерциялық құрылымдарда менеджер және коммерциялық директор қызметтерін атқарған. 1998-2000 жылдары облыстық салық басқармасында, 2005-2010 жылдары Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы, басшының орынбасары, 2010-2011 жылдары «Алгоритм» технопаркі» ЖШС-ның директоры, 2012 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша бас инспекторы, экономикалық талдау, ішкі бақылау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.

2012 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының басшысы болды.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз