Төртінші сынып оқушысын өз иті талап тастады - БҚО

Зеленов ауданы Переметный ауылында Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Батырбек Орынбекұлын «Алабай» тұқымды өз иті талап тастады.

Батырбектің апасы Айымгүл Ақдәулетованың сөзіне қарағанда, бес жыл бойы асырауда болған «Ақмойнақ» үнемі тор қоршауда тұрған. Атырау қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын әкесі кетерінде итті шынжырлап байлайды. Бірақ сол күні шынжырды үзіп, аула ішінде еркін жүрген ит мектептен келіп, сыртқы есіктен кірген Батырбекке бірден бас салған. Баланың жанайқайын естіген көршісі мылтық әкеліп, итті атып тастаған.

Ерні жыртылып, қолы таланып, арқасын ит тырнаған Батырбекке алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Орал қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, ота жасалған. Қазір баланың жағдайы қалыпты, емделу үстінде.

Баланы талаған иттің тісі қағып алынып, сараптамаға жолданған.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз