Үш адамды қаққан бұрынғы шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Үш адамды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған Теректі ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Абзал Бірәлиев әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы жол-көлік оқиғасына ұшырағын жәбірленушілердің үшеуі де сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартып, А.Бірәлиевке қоятын талаптары жоқ екенін айтқан. Сол себепті А.Бірәлиев ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 467-бабы 3-бөлімі (көлікті мас күйінде басқару және жол-көлік оқиғасын жасау) және 469-бабы (жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, А.Бірәлиев 6 сәуір күні «Тойота Камри» автомашинасын мас күйінде айдап, үш бірдей адамды қағып кеткен болатын. Содан кейін ол «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылып, қызметімен де қош айтысқан еді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз