Жалған қоңырау соғып, жұртты дүрліктірген тұрғынның бостандығы шектелді

Орал қалалық сотының үкімімен терроризм актісі туралы жалған қоңырау шалып, жұртты дүрліктірген В.Володин ҚР ҚК 242-бабы бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бостандығы шектелді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын биылғы 26 маусым күні 17 сағат 58 минутта мас күйінде үй телефонынан БҚО төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне қоңырау соғып, бейтаныс үш ер адамның электр есептегіш құралын шешіп алып, оның үйіне жарылғыш зат қойып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен тиісті қызметтер сол аумақты қоршауға алып, қосымша күштер қойған.

В.Володиннің қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан 17 мыңнан астам теңге шығын келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз