Жастар арасындағы өзекті мәселенің бірі дін болып отыр

Қазіргі таңда жастар арасындағы өзекті мәселенің бірі дін болып отыр. Бұл туралы БҚО дін істері басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығы және облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған кезде айтылды.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Серік Тоқмамбетовтің сөзіне қарағанда,  бұл бағытта мамандармен бірлесе отырып, діни сауаттылықты арттырып, дәстүрлі дінді насихаттаудың маңызы зор.

Мамыр айында өз жұмысын бастаған дін мәселелерін зерттеу орталығы бұған дейін жастар арасында діни сауаттылық бағытында көптеген жұмыстарды атқарған. Атап айтқанда, тұрғындарға 113 теологиялық, 70 психологиялық, 22 құқықтық кеңес-көмектер көрсетіліпті. «Дін мәселесінде ортақ пікір мен идеология керек», дейді аталмыш орталық басшысы Жарас Аханов.

Аталмыш орталықтың бас маманы, теолог Арман Нұрахметұлының айтуынша, діни адасушылықтың басты себебі - мәсхабсыздық. Дәстүрлі исламда Ханафи, Шафиғи, Мәлики, Хамбали мәзхабтары бар. Діни тұрғыдан келгенде, олардың арасында айырмашылық жоқ, тек географиялық таралуында. Мысалы, имам Шафидің мәзхабы Малайзия, Сингапур, Индонезия елдерінде таралса, имам Мәліктің шәкірттері Солтүстік Африка, Испания, Португалияға ілім таратқан, ал Орта Азия өңіріне Ханафи мәзхабы келген. Сондықтан біздің ұстанатынымыз - осы жол. Дәстүрлі исламды ұстанушылар ешкімді кәпірге санамайды, адамның өмірін бағалайды. Дәстүрлі дініміз туралы толық әрі сенімді ақпараттар алу үшін тұрғындардың www.e-islam.kzwww.azan.kzwww.muslim.kzwww.oral-islam.kz  сайттарына жүгінуіне болады.

Меморандумға қол қойылғаннан соң жиналғандар өзара пікір алмасты. Жастар ұйымдары өкілдері мамандарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз