Жайық өзенінде су деңгейі едәуір көтерілуі ықтимал - БҚО әкімі

Ресей Федерациясы су қызметінің болжамына қарағанда, биыл Жайық өзенінде су тасқыны деңгейі едәуір көтерілуі ықтимал. Өйткені, өткен жылы күзде Жайық өзені қиып өтетін көршілес Орынбор облысы аумағында жауын-шашын мөлшері қалыптағыдан асып түсті.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Жайық, Шаған, Қараөзен, Сарыөзендердегі су тасқыны барысы, Ирикла мен Варфоломеев су қоймаларынан судың жіберілуі жөнінде Ресей төтенше жағдайлар қызметімен, Орынбор, Саратов облыстарымен жедел хабар алмасылуда.

Облыс орталығы мен барлық аудандарда қар шығару жұмыстары жалғасуда. Күні бүгін 132 мыңнан астам текше метр қар аулаққа апарылды.

Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңестен кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз орынбасарлары мен аудандар әкімдеріне су тасқынының алдын алуды тағы бір пысықтап, барлық жағдайды жасау керектігін ескертті.

«Көктемгі су тасқынының маңыздылығы сондай, сол өңірді жақсы білетін ақсақалдардың да пікірін ескеру керек. Осы кезеңде барлық аудан әкімдері, басқарма басшылары еңбек демалысына тек менің рұқсатыммен шығады. Ал олардың орынбасарлары облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтің рұқсатымен шығады. Су тасқыны ерекше бақылауда болуы қажет», - деді әкім Н.Ноғаев.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз