Жазықсыз жазаланған журналистер жадымызда

"Жайық Пресс" ЖШС медиахолдингінің мәжіліс залында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтуде.

Шараның басты мақсаты елім деп еніреп өткен жандарды ұмыт қалдырмай, олардың ұлтты сақтап қалу жолындағы еңбектерін ұрпаққа жеткізу, насихаттау, ел басына күн туған сол сұрапыл жылдары "халық жауы" деп айыпталған "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің редакторлары мен тілшілерінің тағдырлары туралы тың деректер жинау болып табылады. Бүгінде қылышынан қан тамған қатігез саясаттың құрбаны болган 6 редактордың есімдері анықталып, ҰҚК-нің мұрағаттарынан оларға тағылган айыптарға қатысты құжаттар табылып отыр.

Жазықсыз жазаланғандардың ішінде басылымға адал қызмет еткен Халел Есенбаев, Ахмет Мәметов (қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың әкесі), Әбдірахман Байділдин, Рахым Сүгіров, Сәтбек Иманқұлов, Ізбай Қощанов жане "Приуралье" газетінің бастауында тұрған "Яицкая правда" газетінің редакторы Иван Иванович Ульянов секілді саңлақтар болған.

Аталған шара осы адамдардың ұрпақтарының басын қосып, естелік әнгімелерін тыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз