Жұмыспен қамту: үш ғимарат жөнделіп, бір нысан бой көтермек

Зеленов ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес, әлеуметтік саладағы үш ғимарат күрделі жөнделіп, тағы бір нысан бой көтермек. 

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Виктор Баштавенконың айтуынша, қазірдің өзінде Зеленов колледжінің жатақханасы мен асханасын 48,436 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары аяқталды. Мұнда 12 тұрғын уақытша жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, Мичурин ауылындағы мектеп ғимаратын жөндеуге бағдарлама бойынша 246,951 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарына ауылдың 26 азаматын тарту жоспарланған.

Бағдарлама арқылы жаңа кейіпке енетін келесі нысан - Дариян ауылындағы балабақша ғимараты. Оның күрделі жөнделуіне бюджеттен 27,183 млн. теңге қарастырылса, жергілікті сегіз тұрғынды жұмысқа орналастыру көзделген.

Сондай-ақ, Мичурин ауылынан дәрігерлік амбулатория салуға 148,218 млн. теңге бөлініп, бүгінде оның 57 миллионнан астамы игеріліп үлгерген. Бұл жерде ауылдың жеті азаматына уақытша жұмыс орны ұсынылған.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз