ВЕРНУТЬСЯ

Күнді уақыт итеріп (М. Ю. Лермонтовтан)

      Күнді уақыт
итеріп 
Көк жиектен
асырса,
Көлеңке басын
көтеріп,
Алысты көзден
жасырса -
Сонда көңілім
жоқтайды
Татуы мен асығын,
Көзі жетіп
тоқтайды
Өткен күннің
қашығын.
Көкке бақтым алла
деп,
Тамаша етіп
құдіретін.
Рахматы оиың онда
көп,

Жалын мен оттан жаралып

      Жалын мен оттан
жаралып, 
Жарқылдап Рағит
жайды айдар.
Жаңбыры жерге
таралып,
Жасарып шығып гүл
жайнар.
Жайына біреу
келсе кез,
Белгілі жұмыс,
сор қайнар.
Қуаты күшті нұрлы
сөз,
Қуатын білген
абайлар.
Жалын мен оттан
жаралған
Сөзді қғатын
қайсың бар?

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында

      Бір сұлу қыз
тұрыпты хан қолында,
Хан да жанын
қыяды қыз жолында.
Алтынкүміс
кигені, қамқа, торғын,
Күтуші қыз
келіншек жүр соңында.
Деген сөз: « Бұқа
буға, азбан дуға»,
Хан қарық боп
түсіп жүр айғай шуға.
Етімді шал
сыйпаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз
құлапты терең суға.
Сән салтанат
жұбантпас жас жүректі,

Антпенен тарқайды

      Антпенен
тарқайды, 
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.
Анттасып алқайды1
Сен тентек
демеске.
Кім анттан
шалқайды
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай
қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.

Страницы