ВЕРНУТЬСЯ

Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп

       Қалқам-ай, мен
үндемей жүремін көп, 
Ойлама отсыз,
ойсыз, суық жан деп.
Жүректегі жалынды
көзден жас қып,
Ағызғаным болады
ол неге сеп?
Антұрған ел
көзіне тік қараймын,
Сонымды сен
сөгеді-ау деп ойлаймын.
Жүрегімді
кескілеп сатып жүрген
Арсыздарды досым
деп неге аяймын?
Ішімде қайғым

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

       Алланың өзі де
рас, сөзі де рас, 
Рас сөз ешуақытта
жалған болмас.
Көп кітап келді
алладан, оның төрті
Алланы танытуға
сөз айырмас.
Аманту оқымаған
кісі бар ма?
Уәктубиһи
дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес,
адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол
сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа,
мінез күнде өзгерді,

Сағаттың шықылдағы емес ермек

        Сағаттың
шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек
ол білдірмек.
Бір минут бір
кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді,
тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры
шықылдаған,
Өмірді
білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ,
тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас,
бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір
белгісі осы сыбдыр,

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)

       Шырылдауық
шегіртке 
Ыршып жүріп ән
салған.
Көгалды қуып
гөлайттап,
Қызықпен жүріп
жазды алған.
Жаздыгүнгі
жапырақтың
Бірінде тамақ,
бірінде үй,
Жапырақ кетті,
жаз кетті,
Күз болған соң
кетті күй.
Жылы жаз жоқ,
тамақ жоқ,
Өкінгеннен не
пайда?

Страницы