ВЕРНУТЬСЯ

Әншілер (И. А. Крыловтан)

           Көршіні көрші
шақырды, 
Болды да сыйлап
ас бермек.
Қулығын ішке
жасырды:
Баланың әнін
есіттірмек.
Балалар шулап,
бақырды,
Ынтасы - даусын
білдірмек.
Қонақтың күйін
қашырды,
Басты ауыртты көп
дүрмек.
Алды-алдына
кетеді,
Қосылмайды
әндері.

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М. Ю. Лермонтовтан)

        Жолға шықтым бір
жым-жырт түнде жалғыз, 
Тастақ жол
жарқырайды буға амалсыз.
Елсіз жер
тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп
ымдасқандай көкте жұлдыз.
Мен көрдім көктің
ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап,
көкшіл шықпен бу алғанын,
Менің не мұнша
қапа, қысылғаным?
Үміт пе, өкініш
пе ойланғаным?
Дүниеден үмітім

Есек

    Қырық-елу қос бір
жерден 
Қайтқан екен
керуендер.
Мал айдап барып
әр елден
Сауда қылып
жүргендер.
Алтын артқан бір
есек
Соларменен келеді.
Ол жай жүрсе,
жұрт та жай,
Ол желсе, жұрт
желеді.
Тамам қостың
байлары
Маңайынан
кетпейді.
Қошемет қылып

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

         Қыран бүркіт не
алмайды, салса баптап, 
Жұрт жүр ғой
күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса
қияға, жібереді
Олар да екі құсын
екі жақтап.
Қарқылдап қарға
қалмас арт жағынан,
Күйкентайы
үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды,
қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады
бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза
қып, ұстатпаса,

Страницы