ВЕРНУТЬСЯ

Ауру жүрек ақырын соғады жай

Ауру жүрек ақырын соғады жай, 
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты

Вадим

I

Батар күнге
шымылдық - көк бұлт кең,

Толқынды қызыл
торғын өртпенен тең.

Өткен дәурен
секілді нұры жайнап

Арттағы мұнараға
береді рең.

Ол - монастырь
сопылар тұрар жері,

Кешкі қоңырау
соғылған көптен бері.

Сопылар,
қызметкерлер басылған жоқ,

Тас көшесін
сыпырып жүргендері.

Ұзын қара
бешпентті, ұзын шашты

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен

       Нұрлы аспанға
тырысып өскенсің сен, 
Менмен, кердең,
қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытүрым
жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой
жеткен егінмен тең.
Сонан бері
рахымсыз көп жыл өтті,
Орақ келер,
орылар мезгіл жетті.
Жылы менен
суықтың бәрін көріп,
Қайран көңіл
қайыспай қайрат етті.
Ауыр ойды көтеріп

Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан)

      Көңілдің күйі
тағы да 
Өмірсіз жанның
алды ішін.
Аударды өлең
жағына,
Нәпсінің сынған
қайғысын.
Жат жерде елге
қосылмай,
Сенімді доссыз
жалтақтап,
Көк қанат бейіш
құсындай,
Қу ағашқа
қонақтап.
Ол бұтақтан
қозғалмас,
Өкіріп дауыл,
соқса жел.

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

     Жапырағы қуарған
ескі үмітпен 
Қиял қып өмір
сүріп, бос жүріппін.
Жыбыр қағып,
көңілді тыншытпайды
Қашанғы өтіп
кеткен бұлдыр көп күн.
Ол дәурен өмір
емес, бір көрген түс,
Ойға түйме
қызықты қиялдан күс.
Қарашы, өз
бойыңда түгел ме екен
Ыстық жүрек, өң-шырай,
қуат пен күш?
Төңкеріліп

Страницы