ВЕРНУТЬСЯ

Ұяламын дегені көңіл үшін

        Ұяламын дегені
көңіл үшін, 
Ұсақ қулық бір
ғана өмір үшін.
Татымды достық та
жоқ, қастық та жоқ,
Жігері жоқ,
маңызы жеңіл үшін.
Жалығу бар, шалқу
бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш
адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят
ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ,
бүгінге болған құмар.
Туысқаның,
достарың - бәрі екіұшты,

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

       Базарға, қарап
тұрсам, әркім барар,
Іздегені не
болса, сол табылар.
Біреу астық
алады, біреу - маржан,
Әркімге бірдей
нәрсе бермес базар
Әркімнің өзі
іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына
сонан алар.
Біреу ұқпас бұл
сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым
қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы
күнде кісі бар ма?

Асқа, тойға баратұғын

      Асқа, тойға
баратұғын, 
Жаны асығып, жас
жігіт.
Қолға кетті жауға
бір күн,
Тірі адамның ісі
- үміт.
Қозғады жау батыр
ерді,
Жауға сойқан
салғалы.
Қалыңдығы қала
берді,
Жатыр еді алғалы.
Асықсаң да,
шырағым,
Саған деген
құданың
Жазылған қандай

Дүтбайға

      Жылуы жоқ
бойының, 
Жылмиғаны
неткені?
Құбылуы ойының -
Кетпей құйтың
еткені.
Мұңды, жылмаң
пішінін
Кезек киіп, ел
жиып,
Болыс болса,
түсінің
Түксігін салар
тырсиып.
Бір көрмеге
тәп-тәтті
Қазаны мен
қалбаңы.
Дөң айналмай ант
атты,

Жүрегім менің қырық жамау

       Жүрегім менің
қырық жамау 
Қиянатшыл
дүниеден.
Қайтып аман
қалсын сау,
Қайтқаннан соң
әрнеден.
Өлді кейі, кейі -
жау,
Кімді сүйсе бүл
жүрек.
Кімі - қастық,
кімі - дау,
Сүйенерге жоқ
тірек.
Кәрілік те тұр
тақау,
Алдымызда айла
жоқ.
Қайғысыздың бәрі

Страницы