ВЕРНУТЬСЯ

Әлифби өлеңі

        Әлифдек ай йүзіңе
ғибрат1 еттім, 
Би, бәләи2
дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән
шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6
мәдхия7 хүрмәт еттім.
Жем, жамалың8
қандай ақ рузи9 маған,
Ха, хәлиллик10
таппадым, жаным, сәнан.
Хи, халайық, мен
емес, бәрі ынтизар,
Дәл, дариға ғишық
оты бермес аман.
Зәл, зәлиллік11

Қасиетті дұға (М. Ю. Лермонтовтан)

         Өмірден тепкі
жесем жазығым жоқ, 
Ешнәрсеге көңілім
болмаса тоқ,
Қайта-қайта оқысам
бір дұғаны,
Сөніп қалған
жүректе жанады шоқ.
Қуаты бар дұғаның
қуантарлық,
Қапаланған
жүректі жұбантарлық.
Адам ұқпас бір
тәтті лебізінен
"Уан"
деген естілер ұлы жарлық.
Көңілім ауыр
жүктен бір құтылар,

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

      Көңіл құсы
құйқылжыр шартарапқа, 
Адам ойы түрленіп
ауған шақта.
Салған ән -
көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына1
билесін ол құлаққа.
Шырқап, қалқып,
сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп,
оятар баста миды.
Бұл дүниенің
ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала
алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан
жүректі ән оятар,

Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ

       Адасқанның алды -
жөн, арты - соқпақ,
Оларға жөн -
арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға
бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді
істен биттей қорқпақ.
Бір аршопке
шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып,
басады алшақ.
Қас алдына
жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың
құлағы салтақ-салтақ.
Жаздыгүні ақ

Разаққа

        Мына үйде отыр
Разақ,
Елдің жөнін айтар
ма,
Шақырып алып
сұрасақ.
Үлкен қожа ортан
қол,
Өзгелері аты жоқ
пенен шынашақ.
Сонда Абайдың
немересі Әубәкір: Омархан ағам ше? дегенде:
Оны дағы
байқармыз,
Біраз ғана сынасақ.

Страницы