ВЕРНУТЬСЯ

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (М. Ю. Лермонтовтан)

           Асау той, тентек
жиын, опыр-топыр, 
Ішінде түсі суық
бір жан отыр.
Алысты
тұманданған ол ойлайды,
Өзге жұрт ойды
нетсін, өңкей соқыр.
Ішкен-жетен,
таласқан, ойнап-күлген,
Кезек жоқ,
келісім жоқ, сөйлей берген.
Дауырыққан,
күліскен, өлеңдеткен
Қайғысызға
қайғырып, жиіркенген.
Көп отырды,

Шығыс ақындарша

       Иүзи - рәушан1,
көзі - гәуһар2, 
Ләғилдек3 бет үші
әхмәр4.
Тамағи қардан әм
биһтар5,
Қашың құдрет6,
қоли шигә7.
Өзәң гүзәлләра
рәһбар8,
Сәңә ғишық болып
кәмтар,
Сүләйман, Ямшид,
Искандәр,
Ала алмас барша
мүлкигә.
Мүбәда9 олса ол
бір кәз,
Тамаша қылса
йузмә-йуз.

Масғұт

Я, алла, құрметіне достың Махмұт,1
Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан-Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
Кез болды бір бишара шал байғұсқа.
Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
Айырып алған жан жоқ оны барып.
Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
Масғұт ұшты ұрыға оңдайланып.

Назарға

       Мынау келген
Назар ма?
Ақсақалды ауыл
азар ма?
Сұрағаның бір ақ
тай,
Бермейді деп
сазарма!

Страницы