ВЕРНУТЬСЯ

Теректің сыйы (М. Ю. Лермонтовтан)

      Асау Терек
долданып, буырқанып, 
Тауды бұзып жол
салған, тасты жарып.
Арыстанның
жалындай бұйра толқын
Айдаһардай
бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан шықты
жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол
кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат
бойында, беті күліп,
Момынсынған
пішінмен ағады қу.
Кавказдай құзда

Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас

     Жүрек - теңіз,
қызықтың бәрі - асыл тас, 
Сол қызықсыз
өмірде жүрек қалмас.
Жүректен
қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш
қызық іс табылмас.
Достық, қастық,
бар қызық - жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір
ақыл - күзетшісі.
Ар мен ұят
сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын - бұл
күннің мәртебесі.
Қартаң тартқан

Болды да партия

      Болды да партия, 
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен
шарынды.
Құрбыдай хош
тұттым
Жасың мен
кәрінді.
Жоқтамай,
ұмыттым,
Ақыл мен нәріңді.
Ортаға көп салдым
Өзімде барымды.
Япырым-ау, неңді
алдым,
Сау қоймай
арымды?

Білектей арқасында өрген бұрым

      Білектей
арқасында өрген бұрым, 
Шолпысы сылдыр
қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ
тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп
пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара
көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық
тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ
етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп
пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы

Страницы