ВЕРНУТЬСЯ

Біздің ауылдың қызы Гүлжанға-1

«Аупарткомның секретары бірінші»--
Кабинет бұл;
Кең дүние бір іші.                                                          
Сәнге қойған артық жиһаз мұнда жоқ,
Өмір - төрі, босағасы, бұрышы.
Сол қабырға - осы ауданның картасы,
(Бұл баяғы құм мен Жайық ортасы.)
Әр шетінен жатыр әне сығалап
Көрші ауданның орман, тары, арпасы,
Сол картаның ортасында «Кирзавод»,
Брынза ма, тағы сондай бір завод.                                     
Қатарында сүттің аппақ фермасы,                                  
Болмағы да малға соның бір жағы от.
Оң қабырға сурет: Ауыл торпағы,
Аттай құлын шалғын кешіп тұр тағы.
Қатарында өз күйінде әйнекте
Келешектің бидайы мен топырағы.
Өрге тартып қызыл, жасыл жолдарды,
Диаграмма санатады жылдарды:
Биылғы істі кере алмайсың шалқаймай,
Биыл жаңа бір биікке жыл барды.

Біздің ауылдың қызы Гүлжанға-2

Экспедиторларымыз «югтен»,
Ақ өркешті Алатаудан - биіктен.                                
Алтайлық та болар бәлкім осында,-
Бір тотыққан, күн көзіне күйіп тең.
Олар түнде орналасты осында,
Бүгін құдды дәл өз босағасында
Әркім-ақ жүр;
Әне, Галя - ақ қалпақ,
Нәзік қолы сүзеген лақ басында.
Лақ пен Галя қуаттарын жинайды,
Босағада тіреседі - ойнайды.
Әжеміз кеп:                                                         
- Қатты тиер мүйізі,
Жаным, балам, қолыңды ал!-деп қинайды.
Анау үйде Тәшмәт әкә ұйқыдан
Жаңа тұрған;
Дала шаңғыт ұйтқыған;
Тәшмет әкә елемейді,
Күледі
Көзін алмай бір баладан ит қуған.
Түскен үйдің баласы ғой сүйгені,
Келе-сала бар сыйлығын үйгені.
Оған қызық - қара бала делдитіп,
Тәшмәт әкә тақиясын кигені.
Анау үйде жас бұрғышы Кулагин
Бұрғысының тазаласа қалағын,
Қарсы алдында терезеден телміріп,
Ала бұзау қалқитады құлағын.
Әне, дүкен,
Қажет десең, бас сұқ, бар!
Қант, шай онда, картоп та бар, астық бар;
Орталықтан көріп бәрін осының,
Жолға түсті бір «Победа» бастықтар.
 
                         II
Орталыққа таяу бү шек, о шегі,
Бізге таныс «Май» колхозы кешегі,                   
Көк шатырлы, ағаш аула - кексесі,
Қеңсесінде председатель Көшегі.
Көшекті мен танимын «Кім? демей де -
Көшек көрсем, бүлкілдейтін кемей де...
Мұның-дағы өзгергенін қарай гөр!
Айтушы еді оқыды деп Семейде.                            
Айтушы еді қыста малды тебінде,
Атпен жазда жүреді деп егінде;                 
Ерте тұрып кереді ұстап,
дейтін ол
Бесқонақтың тоң топырақ, шөбін де.
Көңіл хошта кетік тісін көрсетіп,
Баяғыша күлед дейді мырс етіп.
Өйтпегенде, жиналыста столға
Жұдырығы түседі екен дүрс етіп.
Колхоз председательдерін даярлайтын курста оқыған.                      
Отыр Көшек
Көз әйнегі жылтырап.
(Осы әйнегін киді деген былтыр ап).
Жаңа ғана жағалаған әр үйді
Қонақтардың ұйқы жайын бұл сұрап.  
Дамылдамақ ойы болып аз тыста,
Газет қарап отыр еді басқышта,
Қақпа ашылды,
Бір «Победа» саңқ етті;
Шықты тысқа бухгалтер қыз Жасқұс та.                        
Көшек көріп, газеттерін ысырды,
Көз әйнегін құлағынан түсірді.
Тұра беріп, дәу қолымен қаққыштап,
Шалбарының жұққан шаңын ұшырды.
-   Здрасти!-
Долгинмен ол танысты.
Айболов пен Гүлжан айтты:
-   Кәні, істі...
-   Көріңіз,- деді Көшек.
Кетті олар.
Тәйтік шофер қыздың қолын жанышты.                        
-        Бетіңе әкеп жинадым ба қаныңды?!-
Қолым, бәлем, ауыртты ма жаныңды?!-
Жасқұс кенет оң жағына майысып:
-        Құтырма сен, ауырттың,- деп жалынды.

Біздің ауылдың қызы Гүлжанға-3

Неткен мынау желді қоңыр кеш еді!
Кешеде шам жарқ етеді, ешеді;
Күздің  кезбе май қаңбағы жиналып,
Жөңкіледі, ықтасынға кешеді.
Мысық пеште ұзақ ұйқы соғады;                     
Жыңғыл отта құлақты ылғи шағады.
Ауру адам алақаны секілді

Біздің ауылдың қызы Гүлжанға-4

Жаңа бітті баяндама оқылып,
Көп айтылды сәтті жұмыс, олқылық.                      
Ашынады пленумвың  залында
Анау сөйлеп, бүл қызарып, ол күліп.
Көшек, міне
Тақырыбы - бұл апта.
Сөзі қажет, сөйлегені олақ та.

Страницы