ВЕРНУТЬСЯ

Неткен мынау желді қоңыр кеш еді!
Кешеде шам жарқ етеді, ешеді;
Күздің  кезбе май қаңбағы жиналып,
Жөңкіледі, ықтасынға кешеді.
Мысық пеште ұзақ ұйқы соғады;                     
Жыңғыл отта құлақты ылғи шағады.
Ауру адам алақаны секілді
Cap жапырақ терезені қағады.
Орта тегеш тасымайды, толмайды,-
Өзі салған үйрек пісіп болмайды;
Сыртта көзі, ас бөлмеде Айболов
Екі қолын арқасынан алмайды.
Ақ көйлегі (көрсем тағы түрін мен)
Жағасы жоқ, екі жеңін түрінген.
Табжылмайды...
Кім біледі, бәлкім ол
Құлақ алмай жел-құйынды тұр үннен.
Шуылдайды...
Жарысады жел-құйын.
Бұл сағатқа шақырған ба жел жиын?
Олай емес...
Ойық жолдас секретарь!
Өмір үлкен, белесі кеп, жол қиын.
Көшені қой, көңілінде шаң жоқ па?!
Қиял неге қашады алып жуан-жаққа?..
Сарғайды деп жапырақты жазғырма,
Кінә қойма жүгірді деп қаңбаққа!..
Бұлтты сөкпе қадалса да көзің мың,-
Бұлттың көбі қабағыңда өзіңнің.
Сен білесің, неге бүгін күңгіртсің,
Күрсінетін демін, болды өз мінің.
Сенің бүгін екінішің - кешегі
Бюродағы - обкомдағы кештегі.
Ол сағатта өзге болып жаралдың...
Сенде қылау жоқ деп едім еш тегі.
Білемісің неге сені сөз жеді?
Here сенің үлкен жаның тезбеді?
Ұясында ыстық күрең қаны бар,
Сабыры жоқ саған біткен көз бе еді?!
Сен сөйледің - кеудең неге зекірді,
Қағаз неге қатты шошып секірді?                 
He себепті секретары обкомның
Қаламсаппен қоңырауды екі ұрды?..
Тағы сөйтті, қалай оны қоя алад?-
Рас, Шапай арызында - қиянат:
Өзің түгіл демейсің де біреуге:
«Кеңсені жап, қозыны же, қоян ат!»
Тағы жала:
«Бензин алды», «шай тықты».
«Каналға да жібермеді Тәйтікті»
«Жала» деген аты жаман болған соң,
Ол заманнан олай етпей қайтіпті?..
Жүр-ақ шығар содан теріп «тарысын»,
Кір-ақ шығар намысы мен ары шын.
Жолдас, бірақ, сен емес пе кінәлі
Сондай ауру әлі күнге бары үшін?..
Шапай еді уыз бала кеп-кеше,
Қуанатын маңдай тері кеппесе.
«Трактор да тартынады,-дейтін ол,-
Бабын тауып, баға беріп күтпесе».
Өкініштің етіп кеткен күні әне,
Келді ғой ол: «Істейік деп, мынаны».
Дүйсенбіде неге қабылдамадың?
Пленумда тақтың артық кінәны.
Оның сынын өз басыңа тағылар
Жуытпадың, сәтті күттің тағы ұрар...
Досоваға артық кетті қолпашың,-
Кім біледі, қызғанары тағы бар.
Бүйтер болсаң, көкке неге ұшырдың?
Бекер оны трактордан түсірдің.                                         
Оқытпадың, отты бала - директор,
Білімсіз де «боладыға» төс ұрдың.
Шапай бұзық, мейлі саған өш әрі;
Арызында бар ғой бірақ ашары:
Құпия ма - құмға күріш егуге
Ауданыңның даярлығы нашары.
Арызының болғаны ма жалғаны -
Жас тамырды шегірткенің жұлғаны?-
Құпия ма - құлап барып құмдағы
Тәжрибе жапырағы солғаны.
Өрескелің оған зіркілдегенің,
«Мінім болса, ол айтпасын!» дегенің,
Тура неге қарамадың шындыққа,
Бұл ма сенің жерде жеңілмегенің?!
Шапайға
Мініңді айтса, одан азып-тозды нең?
Сырқатың бүл!- Сырқатыңа алдың ем!
Кей басшының кеудесінде көпірген
Әттең, осы кекті құртса алдымен!
Бұлтты сөкпе қадалса да көзің мың!
Бұлттың көбі қабағыңда өзіңнің.
Қиын бәлкім ашылғанша қабағың -
Міне, тағы келді саған сезім-мұң.
Күшік үрді, кезіктірді бұл кімді?
Күндегі бір күңкіл дауыс үғымды:
Хат тасушы қара кемпір есікте,                                                     
Бір минутқа белуардан сұғынды.
- Инженерден - қосағыңнан үйіне!--
Деді кемпір.
Жолықты бұл күйіңе:
Оқу бітті, сүйген жарың алысқа
Кетті тағы даяр ма едің биіңе?
Әрине, сен оған даяр емессің;
Үйрегіңді үйде тыныш жемессің;
«Қарауыма жібер!»-деген өз сөзің
Күлкі бопты, «жақсы етіплін» демессің...
...Өзіне өзі осыншалық үрысып,
Толық беті бір суынып, бір ысып,
Айболов тұр бағанадан ас үйде,
Тәйтік кірді, әдептінің бірісіп.
 Обком бюросынан ескерту алған.
Тәйтік кірді, қабырғаны қармады,
Бір нүктені таппай әрі бармады;
Қараңғыны - босағаны сипалап,
Барлық үйдің шамын жақты бармағы.
Тәйтік келді, жуасыды, жасыды,
Көз алдында сорпа ғана тасыды,-
Айболов тым салқын еді,
Тәйтігі
Салбырады, самайын бір қасыды.
Қалың  қабақ баяғыша тырысқан,
Айболов тұр (шыбын да жоқ бір үшқан);
Неше бақсаң екі көзі аумайды
Ұясы жоқ өрмекшіден - бұрыштан.
Тілейді ғой бұған айтар сез еп те,-
Үндемейді.
Адам барын сезед те...
Салбыраңқы басын ауыр көтеріп,
Тәйтік оған сөйледі бір мезетте:
- Секретарь жолдас!                                             
Бұлай қалып болмас,-
Комсомол дейді мені де.
Ұрыспаңыз маған,
Каналға барам,                                          
Осы емес пе жөні де...
Гүлжаннан естіп келдім,
Қайгейін, өстіп келдім:
Жеткенше тайлақтай желдім,
Көйлегімнің салмаппын да түймесін.
Каналға жұрттың бәрі де өтіпті.
(Киімдерін де дәрілепті),
Жасқұстар тіпті әрі кетіпті...
Бір кесірім өзінізге тимесін.
Шақырып айттыңыз - жерге қарадым,
«Бармаймын!» деуге жарадым.
Ұят аты - ұят! Мен барамын.
Сөз болыпты обкомда дәмді.
Ыздауайттайын кімге -
машинамды?
Жасқұс та хат жазып ұрсады,                                    
Оқып ем - тер жерге тамды.
Ұят аты - Ұяты.Мен барамын!
Ыздауайттайын
кімге...
машинамды?
Осылай бір туа салды сыр түптен,
(Асыралған бала жоқ қой кір сүтпен)'.
Қара кәз де қалтырап сәл түрды да,
Екі моншақ құлап кетті кірпіктен.
Оны сүртпей, сүртті желке тақырын...
(Шақыр, Тәйтік... Аузынан бір шақыр үн!)
Айболовтың әлгі суық жүзіне
Жылжып жылы күлкі келді ақырын.
Оның ерні айтар сөзін аулады,
Өрмекшіден көзі бері аунады;
Қолын қойды иығына Тәйтіктін;
Көңілді бір кездерінен аумады:-•
Тартты міне жадыраңқы бір кезің:
_ Әділ,- деді, бала сенің мінезің!
Сөйткенін, жөн!
Машинаң ба? Правом бар,-
Машинанды қабылдаймын мен өзім.                     
Талай шаңғыт қиын жолда жүрдік қой,
Моторыңның барлық жерін сүртіп қой-
Шайқы бала жүгірді де жоғалды,
Кім біледі, оны қандай түртіпті ой?
...Мына шалдың тыныққаны осы ма?-
Жаңа ғана кеткен еді қосына:
Есік ашып қарсы алғаны -
Долгині,
- «Шефповардың,» дәл келдіңіз асына!                    
Үйрек үйттім, «жейік» болсын ұйғарыс,
Оған дейін төр үйіміз -
ибамыз...
Пленумға әлі көп бар, қанеки,
Макентошты... Александр Иванович.
Долгин төрде; көне көзі түр қайда?
Кітаптарға қалды бетін тақай да.
Ұзақ-ұзақ оның алар сыры бар
Толстойда, Абайда да, Тоқтайда.
Саусағынан сақалының ақ ұшын
Еппен алып, тағы сөйтіп тағысын,
Жатқа соқты Некрасов алдында
Оның мұңды Волгасының ағысын.
Күліп айтты бала күнгі өз халін,
Қасіреттің әлдеқашан тозғанын.
...Кей кітаптан кейін керді аралап,
Айболов пен әйелінің сызғанын.
Айболовтар көзден талай ғасырды
Көп кітапта белгі қойып асырды:                         
«Міне, адам - шеп киінген жалаңаш,
Ұшқын іздеп, шақпақ тасқа тас ұрды».
«Міне, бір құл кісеніне бас ұрды...
Құлағы жоқ... жанарында жас тұрды».
«Міне, саған атағы зор философ
Өмір заңын езінен де жасырды!»
Дейді тура: «Жауынгермін әлі -
өзім»,
Міне, осы - нағыз капитализм.
Бұл сияқты дандайсыды тірлікте
Өткен-кеткен талай кәрі шал «изм».
«Қанаушының сүйенгені - қатыбас,
Өң-түсі жоқ өндірістік қатынас.
Міне, оның тұсындағы кеңшілік:
Әке - тұтқын, бала - өлік,
қатын - аш».
«Еншісіне бір төсегі,
Ері - жүз;
Міне, тәні түгел ашық бала қыз»...
Айболовтар тағы талай жазыпты -
Кәрі емірдің беті қара, жолақ із.
Олар қалып, оза берді қарт әрі,
Ұстағаны таныс томдар қатары;
Біле қойды (өз қолымен жиғандай)
Қайда Маркс, қайда Ленин хаттары.
Шалқы жырым! Шалқып алға жүр, қане!
(Тездеткендей мәз жүрегім ұрғаны,)
Маған мақтан ақыл-ойдың дариясы
Жағасында жаңағы шал түрғаны.
Қарапайым қатырмамен тыстаған
Данышпандың нұр сәулесі түсті оған,
Өзгешедей бұл шкафтың әйнегі,                
Ағашы да әлгі қолы ұстаған.
Ол ойласа, түптеушінің құр наны  нан
Емес те бұл: қатырманың бар мәні:
Бұл дүниеде болмас сірә,
мұқаба,
Сені істеген жұмысшы қол арманы!
Әсем шкаф, құрғақ, таза, жылы ішің!                    
Қай шебердің қуанышты жылысьн!
Мөлдір әйнек қайда балқып,
ақ қайың,
Қай орында өстің екен бұл үшін!
Терең пікір пұшпағында сызық көп;
Жазыпты да: «Бір оқы да, жүз ұқ»,- деп.
Мезгіл өтті;
Үй қожасы тағамы
Тұра қалды, тұнығына жүзіп кеп.
-  Асбапшы етті мына шебер қол кімді?
Жасырмаймын ондай да бір болғымды...
Деді Айболов,
Кітаптағы жазудан
Асқа зорға ажыратты Долгинді.
-  Ac алыңыз, бұрыш міне, тұз әні.                        
Долгин айтты:
-  Бұдан дәмді тұз қане?
Ақын кітап оқығаны секілді,
Поэзия қолыңыздың сызғаны!
-  Жөн де болмас кітап бетін сызғаным;
Жасырам ба, о да шығар қызғаным...
Бар еді,- деп қатты күлді Айболов,-
Баяғыда қызға өлең жазғаным.                                   
-  Жігітте өнер барлығынан болмақты...
-  Есейгенде адресін сәл нақты...
Тарелкаға еңкейісіп, күлісіп,
Екеуінің отырғаны салмақты.
...Кейінгі сөз қүрылысқа ауысты:
Жұмыс бабы тез көтерді дауысты.
Олар сонау бұрғышылар жайы мен
Тәйтік, Шапай туралыны тауысты.
Қабырғада мезгіл бітіп қалса айып,
Бара жатыр сегізден де сәл тайып.
Шана табан орындықтар екеуін
Аз тербетті алға барып, шалқайып.
Долгин айтты өмірдегі ой-қырды.
Айболов тек ұғып нені оқырды,
Дөп-дөңгелек түтіндерін шылымның                  
Ерінімен көкке қуып отырды.
Бұл отырыс, бұзылады-ау, қап, енді!-
Екеуі бір терең кетіп қап еді.
Ұшардағы ала қаздан, үніндей
Екі дүркін дыбыс берді «Победа».
Сыртта бұлар.
Машина да таныс бап                                               
Жарқырайды. Қол фонарын тағы үстап,
Тәйтік алда сіреседі солдатша,-
Кеткелі тұр машинаны табыстап.
Айболов тез қабылдады.
-  Жүрейік;
Қане,- деді,-
бір зымырап берейік.
Тәйтік жайып алақанын:
-  Жоқ,-деді,-
Шығарыңыз правоны, көрейік.
Айболовтың таңдайы бір тамсанды;
Қалтасын ол барлады да қымшады:
Түксиіңкі Тәйтік оны үйдегі
Ұмытылған правоға жүмсады.
Тәйтік қайтсін «қағаз үйде жатырды»,
Кетті Айболов;
Бұйырды да, жас тұрды.
Долгин үнсіз бетіндегі күлкісін
Макентоштын, жағасына жасырды.
Ойда жоқта инспектор жаралды...
Долгин содан сүйінді де нәр алды.
Правосы оң қолында Айболов
Ақсай басып, үлкен аттап оралды.
«Ұмыттым» деп іші бәлкім ашиды,
Күлімсіреп ол маңдайын қасиды.
Правоны машинаның көзіне                                    
Тәйтік үстап оқыды да, бас иді.
Қоштасарда Айболов сыр айтып тың,
ұзақ тұрды ұстап қолын Тәйтіктің:
Соңғы сөзі:
«Көпіршіме, жақсы бол,
Опығына оралады қайтып кім?.
Ол екеуі бір минутта
Өткенді,
Бірге жүрген талай күнді өткерді.
Ескі шофер есік жапты еңкейіп,                            
Жаңа шофер сапарына от берді.