ВЕРНУТЬСЯ

        Яки жетпіс, яки
жүз,
Яки өтті сексен
жыл -
Бәрібір сол
Бетпақ түз,
Бәрібір сол
сексеуіл.
Мейлі көктем,
мейлі күз,
Оны қайтсін
Бетпақ шөл,                             дала
Бәрібір сол
сұрғылт түз,
Бәрібір сол
тентек жел.
Сол себепті ай,
күнмен
Жылын қозғап
нетейік,                                   
табиғат
Әйтеуір бір тай
мінген
Жолшыны айтып
өтейік:
Ол таңертең не
кеше
Кемпірге айтып
сылтауын,
Шықты ауылдан
немесе
Қалдырып кетті
Қан тауын.
Жолшы қазақ - сол
казақ                             қазақ
Кете берді
тепеңдеп,
Сол қазақты
жел мазақ
Ете берсем
екен деп,
Жұлқылайды
етектен,
Құлағына сарнайды;
Кейде алдынан жетектеп,
Кейде артынан қалмайды.
Кұйын соғып маңдайға,
Көздерін де күндейді;
Кім төзуші ед ондайға!..
Желді қазақ тілдейді.
Төзетұғын
жөні жоқ,
Бәрін қазақ тілдейді;
Жол дейтұғын
жолы жок,
Бағытын да білмейді...
Бірдеңені
сол қазақ                    қазақ
Бітіргелі жүр ме
екен,
Әлде түзде
сор-азап
Соны күтіп тұр
ма екен?
He боларын біз тұрмақ
Білмейді ғой өзі де,-
Әйтеуір бір шытырмақ,
Әйтеуір бір кезі де...
Жапанда лағып ерте-кеш,
Жүрмейді бірақ,
жай кісі;
Қоныс
деген бір елес --
Үзілмеген қайғысы...
Қайғыны бекер бүркенбей,                         қайғы
Арманын іздеп аттанды;
Іздену десе іркілмей,
Сол үшін
кейде мақтанды.
Еліне тарап жақсы
аты,
Жер іздей берсе болғаны,
Сол еді барлық мақсаты,
Сөз емес баска қалғаны...
Шөлдеді. Сапар ұзарып,
Берекесін қашырды,
Елесін Бетпақ қызғанып,
Сағымын да жасырды...
-        Кәрі Балқаш
алдымда
Жақын ба - деп қарады;
Жақындамай
ол мұнда,
Алыс тартып барады.
Көлеңкесі жалбырап
Тұр алдында сексеуіл,
Саясына, ал бірақ,
Шықпас та кәзір ексе гүл!..
Сөйтсе-дағы ежелден
Көлеңке аты көлеңке:                    көлеңке
Қорғайды күннен не желден,
Сонымен тәуір сол өлке...
Жолаушы мұнда
жатады
Едәуір салқын түскенше,
Өйтпесе шөлден
қатады,
Өйтпесе мүлдем түсті еңсе...
Есептеп мұны
жолаушы,               жолаушы
Тағы да біраз ойлады;
-        Жоқ қой,- деп,
мұнда тонаушы,
Бұтаққа тайын байлады.
Тайды байлап
бұтаққа,
Азықты
басқа жастанып,
Өзің келсең шатаққа,
Күн көзінен жасқанып -
Аяушы ма еді у жылан,
Арманыңды ол не қылсын!
Әйтеуір бір өлсін жан,
Әйтеуір у төгілсін...
...ұйқтады
жолшы бишара                              жолаушы
Көлеңкеде көсіліп,
ұйқтаған
соң не шара,
Қалды үкімі кесіліп. -
Өрмеледі жүрекке
Мұз секілді бір сызық,
Осыны ол тілеп пе,
Осы ма еді бар қызық?.;
Мүскін - бейбақ ұлы
күн!
Енді өмірдің мәні
не?
Сұм ажалдың
ұрығын
Егін ыстық
тәніне...
Түсін көрмей
жаудың да,
Түсін марқұм өзгертті;
«Арман» деген аузында
Жалғыз ауыз сөз кетті.
Ақтық рет
жаңылып,
Зираты боп сексеуіл,
Көлеңкені жамылып,
Қала берді шетте бұл.
Ұйқта енді,
Жолаушым,                                                         
жолаушы
Ұйқта ұйқың
қанғанша,
Жарық жұлдыз сонау шын
Осы арадан жанғанша!..