ВЕРНУТЬСЯ

       Ж е т і м сыры
Өзім өткен жолдарыма қарасам,
Сан сайларға түсемін де, ер асам.
Арғы сонау балалық шақ бақытсыз -
Сүзек, қадақ, оба, жөтел, қорасан.
Шаңырақ сынды, жерге түсті жел-түндік,
Куәлігін қолға ұстатты жетімдік.
Қош айтысып қора-жаймен, күлкімен,
Күн шыққанша күрсінуге жетілдік.
Қараң-құраң о жақтан да, бұ жақтан...
Жетім кәзі күндіз бәрін ұзатқан.
Өлген әке көлеңкесін түсімде
Көрген сайын шошыдым мен ұзақ таң.
Ғайып
болдым; тәуекелге жолдадым...
Бал ашқанда өлді депті молда-дін.
Қас қарая табылам деп қасыңнан
Қарт анамды таңға жуық алдадым.                     
Пәк жанымды көз жасынан аядым.
Ойын қалды, алға басты ой адым...
Ұлтаны жоқ табанымның қанымен
Жер тікенін жеті күндей боядым.
Өнер-білім, өлең-жырдың ділгері
Сол   кеткеннен кете берді ілгері,
Қала берді, қала берді біртіндеп
Аш-жалаңаш, жыртық-жамау жыл кері
Айналайын!.. Аяған жоқ қызуын
Интернатым, ағаш жонған ФЗУ-ым.
Жерге, желге бір таміпысын төкпестен
Қасіретке қайтып бердім өз уын...
Мен осында дүние сырын жөн ұқтым.
Әлі есімде от сезімге жорық тун:
Жатақхана бөлмесінде ұрланып
Үйқысы жоқ өлеңіме жолықтым.
Ол екеуміз сағат сайьін таныстық,
Лар газет пен қыз-альбомда табыстық...
Ғашығыңа құмарың бір қанар ма,-
Өлең шіркін тағы сүйсең ,тағы ыстық!                  
Б із д і ң    қ ұ р д а с    Б и ж а н ға
Өмір шуақ, жауын-шашын, борасын,
Жылмен бірге жылжып кетіп барасың -
Еске сақта рабфактың жылдарын,
Тамырыңа ыстық жалын тарасын.
Еске сақта завхоз шалдың біз үшін
Отын
жинап, кезден аққан сорасын.
Еске сақта тіптен сонау тістеуік
Нан таситын торы мәстек қорасын.
Рабфакта неше көкгем, күз қалды,
Ұмытылмас
ұл мен талай қыз қалды.
Онда талай қоңыраулар соғылып,
Онда талай күн тәртібі қозғалды.
Жайық, Шаған жағасында, құрдас-ау,
Екеумізден екі миллард
із қалды.
Жиырма жастың тойын сонда тойладық,
Сондағы той бізден несін қызғанды?!
Сыйға тартты арғы, жылдың аштығын,
Безгектердің сабан-төсек, жастығын,
Сыйға тартты толоино мен байлардың
Каланчаға он жыл тыққан астығын.
Сыйға тартты коммунардың сенімін,
Сыйға тартты фашизмнің қаетығын.
Бірде күліп, бірде күйіп, тұтылып,
Төбемізден неше түрлі асты күн,-
Сол күндердің бәрі бізге сыйлады
Комсомолдың жалындаған жастығын.               
Одан бері жауға, талай оқ аттық.
Одан бері қанша досты жоғалттық?!
Екеумізден қасірет те,бақыт та
Үлес алды айлық, күндік, сағаттық..
Кейде жеңсек, кейде болған шығар-ау
Асығыстық, албырттық пен ағаттық,-
Елу дейтін шаңқай түсте әйтеуір
Шашымызды арпалыспен ағарттық.
Күн, жел, аяз жүзімізге тот салды,
Әжім жазды қайдағы бір жоқ санды.
Сонда да біз жүқтырмадық жүрекке
Қарттық дейтін қатып қалған көк шаңды.
Біздер жұппыз.
Жалғыз қалған тақ жаман.
Еш бір досқа тілемейміз тақ санды.
Енді жүз жас болмаса да, құрдас-ау,
Екеулеп бір толтырайық тоқсанды!
Біздер әлі талай сырды түйеміз,
Жемістерді бақшамызға үйеміз;
Өмірдегі махаббаттың гүлдерін
Үлбіретіп үстімізге киеміз!..
Ақ ниетті арманшылдар үясы -
Рабфакқа басымызды иеміз.
Әлемді де, әйелді де әлі сол
Жалындаған жас жүрекпен сүйеміз!
3. А қ ы н н ы ң   д о с ы       з
ы я л ы
Қазақ университетінің тұңғыш
ректоры Оликовке
Зыялының қасиетті достығын
Қан тамырға жылдар сақтап өсті ұғым.
Екті ол маған алақаным арқылы
Екі дүркін ез қолының ыстығын.
Біріншісі - менен ұйқы қашқанда,
Қайран көңілім айнығанда астан да,-
Қасиетті Универеитет есігін
Менен басқа достар түгел ашқанда:
Емтиханның маған сыйлап үштігін,
Көп
аңсатқан көзден бір-бір ұшты
күн.
- Қет аулыңа, дереу кет!-деп сындырған
Қатал үстаз қаламының үштығын.
Зыялыға сонда барып шағынғам,
(Үлкен жүрек қайда екен деп сағынғам)
Ерін көрдім кірпігіме тірелген
Қөз жасымнан арғы бүлдыр сағымнан.
«Ақын!» деді ол, қалың ерін, ақырын.                                 
Зекіген жоқ, айтқан да жоқ ақылын.
Тағы да бір лебіз күттім, көп күттім,
Әлгіден соң естілмеді ақыры үн.
Есер күннін жалғасы ғой есті күн...
Ұқтым бақыт менен бөлінбестігін,-
Көз алдымда үштік баға жыртылды,
Махамбеттің маған қойды ол бестігін.
Абзалдықты қанға сонда екті кеп...
Жұғысқанда
жұмсақ қолы ептірек.
Алғаш рет алақанның ыстығын
Қасиеттеп қабыл алды ет жүрек.
Екіншісі - сойқан соғыс ентелеп,
Өртенгенде өжет шынар, өр терек...
Қасиетті Университет есігін
Мен жапқанда мезгілінен ертерек.
Ақын деді ол, қалың ерін, ақырын.
Қүлағыма қүйған да жоқ ақылын.
Ақын әлмек, ақын біреуді елтірмек
Оған сездің айтқызбады ақырын.
Есер күн мен неке қиды есті күн,-
Әркім жауға қанжар етті өштігін;
«Мінездеме мінеки!»- деп ол сонда
Махамбеттің маған берді бестігін.
Ерлік салтын қанға сонда екті кеп...
Емес енді
саусақтары ептірек:
Ақын жаны
аяғыштың қолынан
Екінші рет қызу алды ет жүрек.
...Сұрапылда қаза болған өлең көп,-
Қанмен бірге жерге сіңді ол еңбек!..
Көк
қайнады, ұран-айғай үрысқа
Атпен кірдім өлтірмесем өлем деп!                 
Сонда менің төсім оқпен ашылды.
Тінтті қолдар жарақатты жас ұлды;-
Ақын атым медальон ішінде
Тірі өлікпен бірге талай тасылды.
Тұтқындағы фашистерді көргенде
Көп
сүйреткен носилка мен кол шана
Ессіз-түссіз өткен күндер ен-сана.
Қайта оятқан қарашығын кезімнің
Баку маған он үшінші емхана.
Бар екенмін, көзім жетті соған-ақ;
Көзім жарық дүниеге сұғанақ.
Үнсіз жатам госпитальда, тесекте
Тұтқындарды терезеден сьгғалап.
Олардың да бар нан-тұзы, төсегі...
Өмір, өлім - екеуінің не шегі?!-
Қабырғамды тірідей-ақ қаусатқан
Олар менің әзірейілім кешегі.
Адам қанын шашып, жонын таспалап,
Жендеттер ол мейманасы тасқан-ақ.
Енді құл боп жаралғандай ,момақан,
Бөренелер көтеріп жүр, тас қалап.
Осыларды көрмек менің даруым.
Осыларға жұмсалмайды қаруым.
Тұтқын болсам, бұлар маған егер ед
Жыландардың жинап-теріп бар уын.
Қайран заң-ай, түсіндірмей қажытты-ау!..
Біреуінің бір аяғы қазықтау,-
Ақ халатты арашашым ажалдан
Әзірейілдің жарасын да жазыпты-ау!..
Жария жайлар хақында
Ал, достарым, аңсап Атырау, Оралды                       
Бір мүгедек біздің елге оралды.
Төрт жыл
ұдай төс етіммен қыздырған
Медальоным ақ жібекке оралды.
Оралған жоқ, түйіншектен шешілді,
Жыр жазбаған жыл күнәсі кешілді,-
Көркем сездің кермесіне кеп болса
Біздің дастан бір парағын кеш ілді...
Әке сыры жар сырымен жалғанды,
Батыр ұл мен баба сыры толғанды.
Көрген жоқпын су себелеп, мәпелеп
Жазды күнгі жасық гүлдей солғанды.
Дос біледі - кім ақтады үмітті...
Жау біледі -кім ұтылды, кім ұтты...
Мезгіл тығыз, менің тентек жүрегім
Мүлдем әлгі мүгедекті ұмытты.
Содан бері күн өтеді тынымсыз,
Маған шамын жағады ұзақ түн үнсіз.
Уа, қасиетті біздің сергек замана,!
Маған атақ, маған айдар, тұлым - Сіз!
Ұлы мезгіл! Сізге сыйым - жүрегім.
Сіз -бір дария, мен - бір диқан, жыр - егін.
Үні бардың міві бар ғой: мен қалай
Тірі күнде келеңкесіз жүремін?!
Диқан қалай кейде күйіп-піспесін?!
Арам шалғын бұлағымнан ішпесін!
Борсық, күзен аңызымды аралап,
Есек менің егініме түспесін!
Топ алдында толғаныс
Абзал атам, анам менің өз халқым!
Аяқталды баяғы жас бюз қалпым.
Көрген күнім - бастан кешкен өз күнін,
Өткен түнім - өз басыңнан озған түн.
Кім емірге бір-ақ яселіп қалам дер,
Уыз сүттен бір-ақ жұтып қанам дер?!-
Неше дүркін сенен туған мен екем
Беймазалау бір коммунист қаламгер.
Сен білгіздің парқын пайда, залалдың.
Бақытыңның гүлдерінен бал алдым.
Өз әлімше батырыңның семсері,
Жесіріңнің көз
жасы да бола алдым.
Қасиетті гәусеріндей тұнықтың
Қайран жастың махаббатын шын ұқтым.
Достарыңның хоштығымен тыныстап,               
  
Дұшпаныңның
ештігімен шынықтым.
Жан жұртынан
жасырады сырын кім:
Албырт шақта етек-жеңім түріндім...
Мақтанбайын, өзің айтшы, мен қашан
Ағат басқан аяғың доп сүріндім?
Төртеу-ақтай екі қоссаң екіге,
Мен жаттадым бір сөзіңді зекіген.
Опық жесем, от тұтанып
кеудемде,
Құдіретіңді
құрметтеуге бекітем.
Сөйтіп
жүріп келіппін-ау елуге...
Жүрек шыдар жүз соңынан еруге...
Жазылмаған жырлар мені бастайды
Есігіңнен жігіт болып енуге.!
1966