ВЕРНУТЬСЯ

      Құлағы
әлдеқандай ызың құшқан,
Кеудесін кәрілік
пен құзыр қысқан
Саралқа салқын
кірді абақтыға -
Дозаққа адам
соққан қызыл қыштан.
Іңгәлап темір тордың
ар жағынан,
Қақсайды жаңа
туған «зар-жақ» ұлан,
Терезе тесігінен
қарғыс айтып,
«Су бер!» деп
ұсынады маржа құман.
Мұнда да жатқаны
ма халық өсіп,
Тұтқында туған
бала халы нешік?..
Шыр етіп жерге
сәби түскен үйдің
Аузында
құлыптаулы қалың есік.
Қаз-қатар қалың
есік құлыпталған,
Тұтқындар
тұтқасын да жұлып болған.
Кім білсін,
қаңыраған қара пештер
Қай жылы ақтық
рет жылып қалған.
Ешкім жоқ мұнда,
сірә, жарық күткен,
Аспалы шырақтар
да жанып біткен.
Теріскей
терезеден қарар ма едің,
Күн көзі,
қасиетті жарықтық сен!
Бұл орын
жаралмаған бастан баққа...
Адамға ажал мұнда
бас салмақ та...
Қарт ана
қараңғыда осыны ойлап,
Үн-түнсіз
өрмелейді баспалдаққа.
Ізетпен офицер
де ілеседі
(Қаталдық оның
ғана үлесі еді),
Неліктен ол
бишара оңашада
Жақсылық саған
бейне тілеседі?
Оған да
бататындай ана шері,
Оның да бір
ғажайып бар әсері.
Байраққа, атаққа
да алданбаған
Адамның осы
қандай баласы еді?..
Жік-жапар бола
қалды ол несіне?..
Кім кепіл
бүйткені үшін өлмесіне?..
Ерекше Перовский
тәдбірі деп,
Құрманның ол
әкелді бөлмесіне.
Бір себеп
мұның-дағы барлығына,
Өнердің кім
бағынбас жарлығына?
Жақында жәйіт
болды көнбейтұғын
Түрменің
қаталдығы, тарлығына.
Бал болды таяуда
бір таң атканша,
Ішілді тәтті
шарап, тамақ қанша?..
Отырды нөкерімен
губернатор
Өзгені өз
кәзінен таратқанша.
Алдырды
өнерпазды әр халықтан,
Түстіктен, тау
тараптан - Арқалықтан.
Әнші мен қанша
биші құтқарылды.
Биылғы
төленбеген бар салықтан.
Жоғары отырғызып
төрге өзінен,
Генерал кеңес
алды кербезінен;
Зайыбы оған
айтты:
- Мұңлы сазды
Даланың тыңдау
қажет киргизінен.
Ол айтты
ярмаркадан тыңдағанын,
Жұрт жинап бір
домбыра тынбағанын.
Және де еске
салды сонау жылғы
Жыртық бет
жылқышының таңдағы әнін.
Шұлғытты жар
талабы генералды,
Адьютант
Орынборды он оралды.
Қаланың шетінде
бір қасапшы қарт:
«Тұтқында отыр,-
депті,- өнер алды».
Жазғызып
аты-жөні, түр-түсін де,
Беделі бөлек
депті жұрт ішінде.
Қасапшы
күрсініпті, тағы айтыпты:
«Жарықтық азат
болып жүр түсімде».
...Ала кез, алпамсадай,
қабақты жан,
Айдалып балға
келді абақтыдан.
Дәм ауыз
тисе-дағы «ішпәрадан»,
Ішілмей кері
қайтты арақ бұдан.
Біреулер қызып
алды жел-өңештеп,
Жабайы мұның жұрты,
ел емес деп.
Ызғарлы тыйым
салды Перовский
Күлгенге
күпі-тонды келемештеп.
Генерал бейне
жаны ашығандай:
Біледі - кімнің
іште өші қандай,
Ол әсте ақмақ
болып жаралмаған
Өзгенің,
қайғысынан шошығандай.
Сөз берді
домбыраға жыласын деп,
О да бір торға
түскен лашын деп.
Саудаға көздің
жасын салатұғын
Обадай осы да
бір рас індет.
«Танып қал, табиғатым,
құлығымды!»
Ішінен түйді
қазақ бұл ұғымды.
Шалқыта
«Балбырауын» күйін тартып,
Шаттыққа душар
етті ұлығынды.
Қадала талай
ұлық көп қарады,
Ызғарлы бұған
деген леп бар әлі.
Бір ғана
бейтаныс жан ынтызардай,
Күйшіні сұқты
көзбен жеп барады...
Құшқандай бүгін
осы бір адам бақ...
Ол кайтсін
құлақ-күйін бұрап, аңдап -
Шалқытты!
Шағаладай ақ
сұлулар
Толқыды орындықта
бұралаңдап.
Біреулер
ибадатты ізгі сақтап
Жүзімді
сабағынан үзді шақтап.
Бағзы бір
чиновниктер өз бетінше
Қыздырмақ
«мазурканы» қыз құшақтап.
Тағы да тәлкек
етіп күй-шанақты,
«Жә, жетті,-
деді біреу,- күй шарапты!»
Генерал
баршасына оң қолымен
Танытты тәртіп
деген ишаратты.
Әлгілер тағы
жым-жырт игі жандай.
Қайсақтың қара
дүрсін күйі қандай?..
Генерал тыңдап
қалды ілтипатпен
Тап қазір ол
осыған ұйығандай.
Сол қолдың
майысқаны жан жарыңдай,
Оң қолды
жанығаны қанжарыңдай.
Дыбысты
шеңгелінде шырқыратып,
Сығады аямай-ақ
хан жанындай.
Дәл өзі сыры жұмбақ
виртуоздың,
«Сен бәлкім 'бұзықтарды
ертіп оздың:
Осынау өнер үшін
қуылғансың,
Айтып тұр
лапылдаған өрті көздің».
Генерал іштей мұны
топшылады,
Сақалын, сары мұртын
көп сылады.
Шапшаң да, шала
тартқан темекінің.
Түтіні көз
алдында кекшіл әлі.
Токтатты шырқап
барып қазақ күйді,
Ұлықтар бәлкім
оны аз-ақ түйді.
Генерал жылы
қарап жымиды да,
Бастатты басқаларға
азат биді.
He түрлі
музыкада ұлы күйші,
Әсем джаз,
айналады мұны биші.
Манадан ароматы
арымаған
Шалқыды
шараптардың тұнық исі.
Ұйтқыды ұзын
залдың жұрты мықтап,
Люстра шырақтары
жыпылықтап...
Бокалдар бар
тараптан төңкерілді,
Ағзамның
саулығына жұтылып қап.
Би бітті... Досқа
басын дос иісті,
Әдеппен ашыналар
қол сүйісті.
Тұтқыннан баска
жанның бар құшағы
He түрлі гүлге толды
хош иісті.
Бал бітті, қызып
барып таңға жақын;
Алдыртты
офицерлер шандоз атын.
Тарасты
үйді-үйіне бет-бетімен
Тамаша әнші,
биші, маңғаз ақын.
Ит біткен осы
«езде үрмесі ме?..
Үзілмей үміт
шіркін тұр несіне?..
Айдауда кете
барды тірі әруақ
Өзінің түнейтұғын
түрмесіне.
Ауыр күн өтерінде
асыға ма?..
Оныңды дұшпан
түгіл, дос ұға ма?
Есіктен ене
беріп бір күрсінді,
Өнердің алған
сыйы осы ғана.
Бекер-ақ
жақсылықлы жүрек күтті;
(Түсінде көкке
шырқап жүр ед тіпті.)
Түрменің
ботқасын да түгел жемей,
Сол адам содан
бері жүдеп бітті.
Ағаштан
жасағандай жонып ұста
Жадау жан
азаттыққа қолы қысқа.
Айтпақшы, рұқсат
бар туыстармен
Түрменің
түкпірінде жолығысқа.
Сол ғана балдан
алған рақымы,
Балдағы
енбегінің сірә, «құны».
Сол үшін кәрі
ананы камераға
Түрменің бастап
барды бір әкімі.
..Ал, міне түгел
ашық құлыптар да,
Ақ шеше, аймалай
бер, кіріп бар да.
Шошынба!..
Шошығанын. ауыр тиер
Қолдары кісендеулі
кіріптарға.
Е, бәсе!.. Нағыз
осы батыр ана
Ер жүрек тұңғиыққа
батыра ма?..
Қашаннан
білмеген ол тәтті сөзді -
Еменнің иірінде
бал тұра ма?!
Дегендей:
«Дерттен туған жақсы бала,
Тас-түйнек
емшегімнен ақ сұрама!»,
Ұлының
кісендеулі қолдарына
Қадалып, қатып
калды ақ сұр ана.
«Уа, құдай!..
Қобыланды, Қараман жол!..
Жинап бер
шырағыма қарадан қол!
Шыдап бақ, шыт
болсаң да мори көрме
Жағасын жендет
жыртқан қара қамзол>
Cay шығар ішкі
зерек сарай ғана;
Ол мұңға толды
бәлкім... сан ойға да...
Апыр-ау, аз
арада ақ кіріпті
Қап-қара
сақалына, самайға да.
Кендірмен
кебісін де ілгештеген,
Құдай-ау, кайда
барып, бұл не істеген!..
Каңырап
қашықта*тұр домбырасы,
Көршідей көпген
бері тілдеспеген.
Перзенті
без-ағаштың шарапатты!
Оның да
үсті-басы жарақатты.
Үнге де үкім кесіп,
түрме жасап,
Оған да
жабатұғын жала тапты.
Сұр қазы сонау
жайып тастағаны;
Бос емес мыс
шәйнегі, тостағаны.
Бекер ме, айлар
өтті десем мұның
Аузына адам
дәмін тоспағалы?..
Білердей
мүсіркене, толғана да,
Бар екен
дос-жараны бұл қалада.
Жалғыз-ақ бұрьштыдай
жанары жоқ,
Шаттығы
бойындағы болған ада.
«Ер-нарым!..
Көзі неге бұлдырайды?
Масқара!.. Жасын
тегіп бұл жылайды».
Қалайша қайран
шеше бұған төзіп,
Баяғы бір
орыннан бұлжымайды?..
Жоқ, енді
түгесілді төзім деген,
Оңай ма үн
шығармай өзін жеген?..
Намысты намазындай
жоғары ұстап,
Ол қашан көз
жасынан безінбеген.
Ер деген, нар
дегені налып, күйді -
Басынан бастау
керек әліп-биді -
Алқаның шарт
дегізген шапалағы
Жағына баласының
жанып тиді.
- Жампоз деп
бекер саған жар сұғынды,
Су неге жанарыңа
жасырынды?!
Сарқып бер
кұдайыңа менен кейін,
Көрсетпе
көзіңдегі жасығыңды!
Бір жолғы
олжасындай қанжығаның
Медетсіз неге
мұнша қан-жыладың?!
Жәргелтай жаман
шора туған болсам,
Несіне қалжа
тілеп қалжырадым?!
Апыр-ау, енді
кім бар ақ бұған жақ?..
Болар ма ана
сөзі ақтық азап?
Жоқ әлде «нар
баласын қарпығаны»
Жанына бәлкім
мұның жақты ғажап?..
Уа, ғажап!..
Көптен бері үні тынған
Бұлбұлым!
Ұшандағы ұлы тұлғам!
Күлдің-ау:
«Баяғыдай бар екен деп,
Шапалақ
әлдеқашан ұмытылған».
Әлгіде жау да
сені бағып қанша,
Күрсінді, көзің
жасы ағып тамса.
Жан-шуақ, енді
міне жадырадың
Офицер кісенінді
ағытқанша.
Ал көріс!..
Бақыт әлі бар екен де...
Тағы сүй!..
Маңдайын сүй!.. Бәрекелде!..
Ал, енді жез
иықты жендетіңе айт:
«Бекзатым,
домбыраны бері әкел!»- де.
Отырып офицерге
ол ымдапты,
Құдырет өз
бұйрығын орындатты.
Түрінді екі
жеңін жалды Құрман,
Темірдей білегі
де оның қатты.
...Оқушым, сен
екеуміз орашолақ -
Ұғарсың өзіңе
бір қарасаң-ақ...
Тыңдалық тыным
алып енді біраз,
Сайрасын
қапастағы қара шанақ.
«Кайран шешем!..
Қайран шешем!..
Сағындым!..
Жаңа бір сәт
жанарына шағындым.
Көз алдымда
күллісіндей бар болдың
Көк теңіздің, Ақ
Жайықтың, Шағылдың!
Қайран шешем!..
Қүзеткенің түгел
ме?
Маған деген
көжектерің түгел ме?..
Бел үстінде
белгісі жоқ
кешегі
Байғазыға көз
еткенің түгел ме?..
Қайран шешем!..
Дүр сілкінер
Жайықта
Дүбір бар ма,
әлде бүгін ғайып па?..
Кан төгілген
Бекетайда қызғалдақ
Кызыл-шақа
алақанын жайып па?..
Қайран шешем!..
Жан емессің
жүргінші!
Аялдашы, аз ғана
бір жүгінші.
Жүрегімде саған
деген сазым бар;
Қайран шешем!..
Қайран шешем!..
Ұғыншы!
Түсіндің бе
түрмем қандай екенін?..
Қалғытпайды
қасиетті мекенім;
Осынау бір ойшыл
үйден несі артық
Пайғамбары ұйқыдағы
Мекенің?..
Құдай емес
мұндағы жұрт қожасы.
Еркін мұнда
елдің шері, ызасы.
Тарауықтай
тартылады осы үйде
Неше түрлі
баһадурдың музасы.
Қайран шешем!..
Білмейсің-ау
музаны:
Ол осында атар
таңның азаны.
Зындандағы
зиялының аузымен
Ол кеседі
патшаға да жазаны.
Мың оралса оң
жағыңды, солынды,
Мылтығың да тыя
алмайды сол үнді.
Дұғамен ол
шошытпайды жаныңды,
Көз жасымен қандырады
шөліңді.
Илан,
мені баяғыдай
мен десең,
Соны тыңдап
сағат сайын мен де өсем.
Ғибадатты түрмем
менің тақауда
Түн жарымда
түгесетін медіресем.
Батанды бер,
баба қызы, жолға сал!
Мен де жұмбақ
жүрегі бар жанға сан:
Намазшамда
нағашыдан жар күтсін,
Жарым түнде
еркіндікпен жалғасам.
Бақыттан көз
жаза қойман!..
ІздеңдерІ
Енді қалған аз-ақ
айдан іздеңдер!
Қараңғыда көзге
түссін көлеңкем,
Бір жарқ еткен
нажағайдан іздеңдер!
Сазым осы, cop
демесең, бақ десең...
Бұдан артық
қандай тіл мен жақ шешен?..
Тамам болдым...
Табысқанша тарықпа,
Қайран шешем!..
Қайран менің ақ
шешем!
Домбыра
сындырмалы, сым ішекті
Осындай оның
ішкі сырын шертті.
Дәм беріп
анасына абақтыдан,
Құмарта Құрманғазы
шылым шекті.
Ол енді өзге
сөзді қаламайды,
Сұрайды хан
жайлы да, қара жайлы:
Дөңбайдын қазасына
жиналыпты
Азғыр мен арғы
шеті Қарабайлы.
Жан еді жүрегіне
ыза толған,
Әбіл сот арақ
ішіп, өзі атылған.
Атақты
Мамырайдың Айжан қызы
Жайықтан арғы
бетке ұзатылған.
Обадан отыз үйлі
Ысық өлген -
Питерден ақ
киімді кісі келген.
Басынан бекіренің
у жайылып,
Безіпті
балықшылар Кіші көлден.
Үпіден мүфти
келген кесем салып,
Биылғы
бітір-зекет - өсім салық.
Азамат абыржыған
ел ішінде
Бір-ақ жыл,
өзгерісі осыншалық.
«...Айырып байды
бастан, құлды ісінен,
«Жазымыш»
жаңылмапты күллісінен;
Бекер-ақ бес
уақыт сиындырған
Құдайға
Құрманғазы күлді ішінен:
«Сен берме
бақытымды, еркімді де,
Сыйлама
сүйегімді, етімді де!»-
Ол қалды мұны
ғана ойға түйіп,
Есіктен Алқа
шықты екіндіде.
Қап-қара,
қасіретті іші мұздай
Түрмеден ана
шықты түсін бұзбай.
Офицер есік ашты
ең ақырғы
Тұтқаға оның
қолын ұсынғызбай!
Ол кетті оңашада
бір қиялда -
Әлгі саз әлі
шырқап жүр қиянда.
Құлағын түрсін
енді кұрсақ көрген
He түрлі
сұқпатты мен сұрқияң да.
Уа, ғажап! Ерен
сазға ердін, ана!
Мұңы жоқ мүндар
адам елді ұға ма?
Көз жасың қасиетті
омырауды
Түп-түгел жуып
кетті енді ғана?..»
Тағы да
талаушымен егескелі,
Ел тегіс көз
алдыңа елестеді:
«Сахара, сары
белді ата-мекен
Жалбызы жанып
біткен емес пе еді?..»
Тағы да теңіз ұлын,
тау ұлын да
Тыншытпас алдағы
шақ - дауылым ба?
Асылдың жерге сіңбес
қаны болды-ау
Қызғалдақ
қызыл-шақа ауылымда?!..
Шүкірлік!
Тағы шүкір
ұрпағыма!
Ал, тақсыр,
аямасан,
ұр тағы да.
Үлесі ердің ғана
жағалы жау,
Оған жоқ
тәңірінін, ортағы да.
Бұғаула,
есігінің бәрін жап та -
Ол сатпас намысы
мен арын жатқа!..
Бетінен бейуақытта
қаны шығып
Сонау күн барып
қонды Нарын жаққа.
Ол соған ұқсап
бағар нағылсаң да,
Сарқылмай мен де
күтем сағынсам да.
Арман жоқ
алыстағы күмбезімді
Алдынан бұлаңдатса
сағым сонда.
...Қалдырып жаны
мәңгі жас ұлыңды,
Құпия шерттің
осы жан сырыңды.
Қош енді жолықпасақ,
Қайран шеше,
Көзімнен ақ
жаулығың жасырынды.