ВЕРНУТЬСЯ

Сүйекпен
нақышталған әр қапталы
Ақбайдың ағаш
үйі нар қақпалы.
Бай, болыс барша
жұртты шақырыпты
Осында
«күпірлерді» қарғатқалы.
Әлек боп
шабармандар шұғыл іспен,
Танған жоқ таң
атқалы жүгірістен.
Келген жұрт кең
сарайға әрең сыйып,
Еденде елу катар
жүгініскен.
Биікте бір
қанатта тақуалар,
Үкімін іштей
отыр оқыя олар;
Адамның ажалы
мен азабына,
Әзелден өздерінше
пәк қуәлар.
Діншілдер
ортасында қажы Дөңбай,
Жаны шат бір
адам жоқ казір ондай,-
Дегендей: «Он
артынан жүзді беріп,
Сот аузын сатып
алсам, қазынам бай!»
Олардың ашық
жатыр көк 'құраны...
Ортада түсі суық
сот құрамы;
Төменде ел
сабырсыз гуілдесе,
Сот күміс қоңырауын
соқтырады.
Солардан арғы
төрде, кеңшілікте
Киіп ап
пенснесін 'кеңсірікке,
Ақбаев Әбубәкір
отыр оғаш,
Қарай ма қалың
жұртқа кемсініп те?..
Кім білген,
жандар үшін сорлы маңдай
Бүгін ол күтіп
отыр сырды қандай?..
Аузынан шыққан
шылым түтіні де
Сумаңдап жөнеледі
сұр жыландай.
Отыр ма
сайлаудағы антын бұзып,
Арам ой ағысына
малтып, жүзіп?..
Қатал ол... Жарқылдайды
жалғыз ғана
Аққұба
саусағынан алтын жүзік.
Ал, міне,
үнсіз-тілсіз ғарыптықпен
«Күнәкар» жандар
келді халық күткен.
Ешқайда
карамайды, осы өмірден
Адамдай ақ
көңілі қалып біткен.
Бұл сәтте
аш-арықтан әлді ажырап,-
Қобалжып арттағы
жұрт алды азырақ.
Екі үлын
Сағырбайдың мылтықтылар
Айдап кеп
отырғызды алға жырақ.
Жауапты жалғыз
рет ыршығалы
Байғазы қырын қарап
қырсығады.
Тентектің барлық
ойы: «Өлтірерде
Жанымды әзер
болса бір сығады!»
Ал, сонау Құрманғазы:
«Ерікпен мен
Келдім,- деп
отырғандай,-
зеріккеннен»,-
Үкіммен, үреймен
де жұмысы жоқ,
Мегзейді қиялға
жол беріп кеңнен.
Дегендей зұлымдарға:
«Жасты мүшкіл
Жазала, кұмардан
шық, қастық, іс қыл!.
Жүзінен қаны
кашып, қалыпты тек
Қара сұр
миығында ащы мысқыл.
...Қонырау әр
денені пысықтырды;
Тақымнан қалды
біреу қысып бірді,-
Атынан ақ
патшаның, «ғаділдіктің»
Ақсақ сот шойнаң
етіп ұшып тұрды.
Елдегі шабысуды,
атысуды
Қоздырған ақсақ
Әбіл аты шулы,
Түйені түгіменен
тағы жұтып,
Бүгін де аямасқа
ант ішулі.
Ел одан не жақсылық
етер үміт,-
Өз жарын өзі
өлтірген екені ұмыт.
Сөйлесе ақ
кірпідей дүрдиеді,
Астынан
танауының екі елі мұрт.
Оны әсте «елдің
дәмі, тұзы ұрмаған,
Сыйлаған тәңір
осы құзырды оған».
Аузында бүгін
міне:
- Екі сотқар
Жылқы алып,
бейуақытта қыз ұрлаған
Киелі қажыны да
мазақтаған,
Тартқызып қартайғанда
азапты оған..
Адаскан екі
пенде тағы-тағы
Кінәны мойынына
аз артпаған.
Ә б і л:
(Байғазыға қарап)
Жалған сөздің
арты cop,
яки қатты...
Жасырмай паш қылып
айт ақиқатты.
Аяқка жығьлтғанға
мүсіркеу бар,
Абайла!.. Азатғұмыр
бақи тәтті.
Б а й ғ а з ы:
Бәндедей өз
кінәсы бәрінен де аз,
Толғайды тіпті
мұқым әріден саз,-
Адалға зұлым рас
тағзым етсе,
Сен жығыл
аяғыма,
кәрі жемпаз!
Жоқ сенде
адалдықтан түйір қан да,
Жетіксің жетім
жанын сиырғанда.
Старшин, хажы-қалпе,
өзің барда
Өзгеге азат
ғұмыр бұйырған ба?! -
Ал, менің
қылмысым жоқ.
Д ө ң б а й:
Уа, лағнат!
Сауысқан сары
қыста ала қанат?..
Таратып ақ
малымды балықшыға,
Сен қылдың мені
мынау далаға мат.
Көргем жоқ нақ
өзіңдей құлда сұмды,
Күйдірер құдай
сенің қу басыңды!
Б а й ғ а з ы:
Ал, менің
арғы-бергі зәузатыммен
Өзімнің ащы
терім құмға сіңді...
Кім бәсе, 'қайда
бәсе, көп сауысқан
Тірідей
қан-сөлімді жеп тауысқан?!
Жемтікке құзғын
сендей .құнығар ма?!
Құл еттің.
Жаның, сірә, мұны ұғар ма?
Ақымды сонда
сенен әпермеген
Кұдайдың
әкесінің құны бар ма?
Апырау, мұнша
қылмыс асбатыра ма,
Десең де: «Үсте
тұр алла, аста тұр алла
Ақ пейіл
пақырлардан садаға кет!
Т а қ у а л а р:
Анық бұл күпір
болды, астапыралла!
Б а й ғ а з ы:
Мекендеп ішін
сонау Қой-үңгірдің,
Екі күн
сауық-сайран,
ойын құрдым,
Ол рас: малым
текке кетпесін деп,
Апарып аш-арықты
тойындырдым.
Хабарсыз одан
менің туыстарым,
Білмейді қайда
қандай ,қуыс барын...
Ол үшін
Сағырбайдың ұрпағына
Демессің: «Түгеліңмен
у іш бәрің»
Ә бі л:
Тақ, тақ-с!..
Тас қамауға*апар да, жап
Күтіп тұр мұны
кәміл «сапар», ғазап...
Ал, мырза,
Құрманғазы, сізге бола
Қалайша ар-ұятын
сатар қазақ?..
Есерге ел
жылқысын тонаттыңыз,
Бір сізден
өндіреміз он атты біз...
Қалайша баска
біреу қалыңдығын
Ұрлап ап,
жүрегінен оны аттыңыз?..
...Мынаусы батты
білем жауға тым-ақ
Біреуге біреу
сөзін жалғатып ап,
Айғай-шу
арасынан қисабы жоқ
Аспанға
лақтырылды жалба тымақ.
Азғырдың
арық-бақа көк кедейін
Көремісің?..
Кеуде толы кек пе дейім,
Қорғаштап сонау
тұтқын сүр жігітті,
Даңғаза
басылмады көпке дейін.
Сөздері:
- Статьяңды ап
көрелік!..
Етпесең
ғаділеттік, ақ төрелік
Жарлы мен
жақыбайдың ортасынан
Сайгүлік он
арғымақ ат берелік.
- Күнәсыз
күйдірмеңдер ақ баланы,
Бойда бар өнері
мен бақ-таланы.
-        Саламат жаннан сауал алынбасын!
-        Ақталсын Құрманғазы!
-        Ақталады!
-        Буынсыз жерге пышақ ұрындық па?..
-        Біз келдік ақ сары бас ырым қып та...
...Ақбаев енді
ғана мына сөзін
Шалқалап жатып
айтты орындықта:
-        Асылан, алар деймін 'бұл сипатта
Ғаділ сот ел
талабын илтифатқа.
Ал, сізге,
Сағырбайыш, айтарымыз:
Сауғасыз кеткен
қызды қайтарыңыз!..
Қойынға жасын
төгіп қарғайтұғын
Жаны қас жалған
жүрек қай парыңыз?..
Қыз жетер: фәни
де - қыз, жұмақ та - қыз
Қиянат-қилап
істен жырақтаңыз.
Мал беріп, бата қылған
бар деседі,
Пақырдың жігітін
де жылатпаңыз.
Жатпай ма һәмән
келін-кепшік өліп?-
He қажет қатын
үшін кекті болып?-
Айлақер
Ақбаевтың бұл «ақылын»
Күтпеген өзге
бір іс кетті бөліп:
-        Құдай-ау, түлкі ме еді төре деген,
Түн қатып
тиын-тышқан тере жеген?!-
Мұны айтып ақ
шарқатты асыл Әуес
Шашылып ішке түсті
терезеден.
Қаларын, ғайып
болып жоғаларын
Біле алмай, әлгі
діншіл ағаларын,
«Ақ сайтан», «ақ
сайтандап», «сүбіхандап»,
Ұстады бәрі
бірдей жағаларын.
Ашынған (есіл
Әуес ентігеді -
Қашан ол соңынан
сөз ертіп еді?
Түтіккен...
Бүгін оның ажарына
Еш біреу отырған
жоқ елтігелі,-
Аяйды қара қазақ,
сұғынбайды,
Жан лебін
жанарынан сығымдайды.
Кұсталы
Құрманғазы енді ғана
Жарқ етті.
-Мәнісін жұрт ұғынбайды,-
Ол сезді жаладан
жар ақталмағын,
Ек алғаш
ашу-кегін ақтармағын...
Уа, ғажап!.. Манаш
қызы ұстарадай
Тісімен тілді
өзінің ақ бармағын.
Кім көрген бұдан
өжет қалыңдықты:
- Ен таза неке
су - деп, қанын жұтты.
Қадалып
бай-болысқа, судьяға,
Қаратты бір
езіне қалың жұртты.
Оқушым! Нені көрдік
ақырында?..
Жаны тұр шыға
жаздап алқымында!..
Сескенбей казақ
кызы қан ішер деп
Әзелден ойлаған
жоқ ақының да.
Ә у е с:
Ақбаев, старшина
'кұдірётті
Жаныма
жазылмастай құзыр екті.
Мен одан
айдалаға ала 'қаштым,
Бір ғана махаббатқа
күл жүректі.
Ал, мені
жазғырсаңдар кінәм осы-ақ,
Бұйырмас дедім
маған сірә қосақ.
Ақбаев
қолқалаған жүрегімді
Аш бөрі койсын
дедім бір-ақ асап.
Ақ бетім тоятына
жараса шын,
Құзғын да болсын
дедім арашашым.
Жан-жаққа желмен
кетіп, шырмауыққа
Оралып қалсын
дедім қара шашым.
Әкетті солай
намыс ертіп алға,-
He дерсіз өлімге
де еркі барға?!
Жақсылык көре
алмаса екі көзді
Таласып жесін
дедім екі қарға.
...Өлмедім...
Хордың қызы өзім екен,
Бақшам бар
сайрандасам өзіме кең.
Жаралған бір мен
үшін жалғыз тәңір,
Көрінем
періштемен «өзіне тең.
Міне ол -
тәңірім мені өлтірмейтін!
Әбеке, пендең
емес ол кірлейтін!
Соттама!.. Күн
тұтылса қорқатұғын
Бабаңның көз
алдыңа келтір кейпін!..
He сұмдық оған
үкім кесті дейтін?!
Құдай жоқ Құрман
сазын естімейтін,-
Өлгенше өнерді
сүй!.. Маң далада
Құлазып қалады
ертең ескі бейтің!
Ұғып ал! Қайғысынан
бір басының
Жынданған шағы
деме ұрғашының!-
Өжет жар осыны
айтып, тәлтіректеп
Ұмтылды құшағына
Құрмашының.
Қым-қуыт
кетерілді елдің үні,
Еш біреу тыңдар
емес ендігіні.
Қалшылдап ақсақ
Әбіл құлап кетті,
Табады кояншыққа
емді кімі?
Үрейлі тақуалар
үшкіреді,
Қазірет қағаз
езіп іштіреді.
Құлпырған Құрман
ғана, мынау даң-дүң
Айғайдан санаға
бір күш кіреді.
Көздері бал-бұл
жанып, күлімдейді.
Елестеп өлген
әке «ұлым»!-дейді...
Күн бейне
күркіреиді... Ат дүбірі...
Арғысы құлағына
ілінбейді.
Мылтық та енді
мүлде еленбейді,
Бұл ғана
өз-өзінен елендейді.
Білегін
қайта-қайта жалаңаштап,
Белгісіз бір
сарынға ерем дейді.
Құстаның қара
бұлтын таратқалы,
Ол бір сәт бері
аттады
әрі аттады.
Ел, кенет мылтықтыдан
ажыратып,
Тұтқынды
алды-артына қаратпады.
-        Ақталдың?
-        Өнер ұлы, азат болдың!
-        Үкімі кесілген жоқ азап-сордың!
Сүйінші!
Қасиетің арқасында
Тағдырдың
тауқыметін аз-ақ кәрдің.
-        Әбілді құдай өзі талықсытты,
Қабағын аруақтар
анық шытты!-
Жұрт 'солай
шуылдасып, жамырасып,
Боздағын
бостандыға алып шықты.
Құрманның үлесіне
жақсы ат тиіп,
Жалына қолы
жетті. Мақсат 'биік...
Сағырбай ұрпақтары
аттанарда
Естілді ел
ішінен «Ақсақ киік».
Соқыр шал отыр
оны безектетіп,
Және де бір жас
ұлан өжет кетіп,
Бабадан
қалыспайды, осынау күй
Барады оттан
ыстық өзекті өтіп.
Кеудеге жатыр
сарын жылап кіріп,
Құрман да өз
күйіне құлақ түріп
Шошиды;
арман-қиял зымырайды
Жаралы жас
киіктей құлап тұрып.
Асыл жан нұр
сәулелі, шұғылалы
Жеткен жоқ
биігіне шығып әлі -
Заулайды...
Екпінінен безек қағып
Жел-құйын
әлдеқайда шығынады?!
Екпіннен әлі
қанша жел еседі?
Қанша жыл қайран
дыбыс ілеседі?..
Үн кетіп,
'бір төбеде өзің
қалсаң,
Олжалап оны
кімдер үлеседі?..
Жоқ, оны тонай
алмас жендетің де!
Құяды ол Еділ,
Жайық, Жемге, түнде...
Шырқайды таң
атарда кең аспанда,
Күймейді өкпесі
де жер бетінде!..
Күй боздар айт
күні де, күзем күні,
Кіндігін кіші
пенде үзер күні...
Осынау бір
қиялда ат үстінде
Шіренді Құрманғазы
үзеңгіні.