ВЕРНУТЬСЯ

Коммунист сөзім

      Ыстық, қымбат елге күннен
Партиялық съезімі                                   
Азды-кәпті еңбегімімен
Саған асыл сый өзім!
Қайда қойсаң, сонда тұрам,
Аямаймын ешқашан;
Ылғи есіп таңды атырам;
Ылғи жаңа кешті ашам.
Өз орнымда Ленин туын
Көтеруге
иемін;
Өз атыңнан буын-буын
Алтын шоғын
сүйемін!
Өз атымнан
өмір құрам,                                      
Жер жасаймын торғыннан

Құрманғазы (Абақтының алдында)

     Темір тор, биік
қамал, қара құлып,
Қояр ма үлкен жанын
жара қылып?!
Әне жүр
надзиратель сап-сарала, 
Иыққа суық
қару-жарақ іліп.
Дегендей:
«сор-азаптың, өлімдердің
Ғаламат неше
түрлі зорын көрдім»,
Алыстан үрей
шашып түксиеді
Шетінде қара сұр
үй Орынбордың.
Таң атса ағылады
ел осыған -
Әркімде бір
түйіншек бересі нан.
Қол бұлғап тұтқындарға
мен де бейне
Қақпадан қатын,

Менің көшемнің тынысы

       Коммунист проспекті - менің көшем!
Алаңында, биікте Ленин көсем!
Үй, мекемем, үкметім - бәрі осында,
Тіпті жөн-ақ
осыны Елім десем!..
Адам - өзен,
жағада жалғыз тұрсам
Ылғи көрем
туыс, дос, жолдасты сан.
Мен де жаһан кезіппін, бұл көшемен
Күнде жүрген ізімді жалғастырсаң!..
Жарқын кешем жаралған ел күшінен
Маған ыстық арғысы, бергісімен.
Көз
жұмып-ақ отырып көре аламын
Әр шатырын әр қилы белгісімен!

Құрманғазы (Эпилог)

Оқушым! Өзің
соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы
ол ғасырды?!
Ал сонау ата
күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің
жүрегімен жалғас ұрды.
Білесің,
жазғырарда жендетіңді
Қаның мен жуды
қанша тер бетіңді;
Әлдилеп
бақытыңның құрбандығын
Қара жер қай
жылдары тербетілді.
Сен достың
қазасына жылағанда,
Қасыңа бөтен
күйші жолаған ба?..
Алғашқы жеңісіңе
жаршы қылып,
Өтетті өз

Құрманғазы (Ерегес)

    Жыл толды ескі
кәсіп тоқтағалы -
Жылқымен қыста Құрман
ықпағалы,
Құраулап ыстық
күнде қауға тартып,
Жоқ қарап әр төбеге
шықпағалы.
Жыл толды бал
қымыздан жұтпағалы,
Ерніне майлы
сарқыт жұқпағалы,
Ұсынып қоламтаға
мұз табанын,
Жалынға
ұлтарағын жаппағалы.
Көп болды көзгіл
шұбат ұрттағалы,
Күркесін ескі жұрттан
жықпағалы,
Күбірлеп өз
өзінен домбырасын
Бейуақыт шертіп

Страницы