ВЕРНУТЬСЯ

Көп адам сонау төменде

      Көп адам сонау төменде                 
Көпірге тіреу койып жүр;
Көп адам сонау тебеңде
Құдықтың тасын ойып жур.                                 
Есеп емес аз-көбі,
Біреу сай, біреу жонда жүр.
Әйтеуір әркім өз тобы
Қайда болса, сонда жүр.
Табанның тыңдап тырсылын,
Жүре бермей қайқайып,
Тұтатып алып бір шылым,
Әңгіме аздап айтайық..                      
Қараңғы түнде қалғитын,
Күндіз де дайым мелшиген,

Балықшы жанын барласам

        Балықшыны ойлап отырсам,                                
Көзімнің алды - көк толқын:
Жарысып өзен жатыр сан,
Көлдердің саны жоқ бәлкім.                                           
Теңіздер қанша тынымсыз
Дауылды күндер толғатқан?!
Тыншып бір жатса түн үнсіз,
Шағала таңда тіл қатқан.
Хабарсыз әсте қүстан да
Мұхитта толқын
-«Айдаһар».
«Айдаһар» ашу қысқанда
Ысқырып апта, ай жатар.
Өштігін
соның басуға

Нұра

       Кешір, Нұра!                                                              
Жазда иелмей күз қалдым,
Кешіксем де, толқыныңдай қозғалдым -
Бүгінгі бір сенің сұлу бойыңды
Достарымнан - ақындардан қызғандым.
Аңшының да
жақтырмадым бұққанын,
Аушының да
саған қолын сұққанын,...
Жас құраққа
бауыр бастым баладай,
Жақсы түстей өңімдегі ұққаным.
Шошымасын аққуларың, шортаның,
Сегіз тәулік сене
алмай жортамын.

Құрманғазы (Шұнақ шал)

Уау, ағайын, Үш
арыс Қара таздан!
Әулет едім
әлімнен қанаты озған,
Бақай 'батыр
қалдырған төрт түліктен
Жазда жайлау,
қысында қора тозған.
Ол дәулетті
кешегі жұт жалмады;
Титығына
бармаған жұрт қалмады.
Ақ найзаның
астымен қайтса керек
Екі бірдей
тоқсанның жұтқан малы.
Қолымда күш, еп
барда ауызымда,
Қатып, семіп қалам
ба қауызымда?!
Баба десең, құр
қалма фатихадан,

Құрманғазы (Арнау)

Мұңдасы, көшкен
елдің қиялдасы,
Ал, тебірен, ақ
сақалды күй атасы.
Келеді сені тыңдап
баяғыдан
Өлкеңнің езен,
тауы, қия тасы.
Білмеймін, қанша
жанға күйің дарып,
Ашулы, ащы өзегін
өтті жарып...
Білмеймін,
«Сарыарқаңмен»
қош айтысып,
Қанша жан қабіріне
кірді барып.
Келмейді оны
ойлағым,
баяулағым;
Сен маған әр
толқыны аяулы ағын.
Тасимын тасқыныңмен
бірге сенің,

Страницы