ВЕРНУТЬСЯ

Қараңғы түнде тау қалқып

       Түңліктен көрсе - көшеді
Ақша бұлт
шарбы - шамалы;                                 
Сәскеде баяу еседі
Іргеден таудың самалы.
Шабытқа қажет бұл еді,-
Абайдың ашық омырауы;
(Аз ғана көңіл беледі
Алыста құлын қоңырауы).
Оңаша төрде
дөңгелек
Қарағай стол аласа;
Тұс кілем -
Сурет дөңде елік
Орғиды тастан ол аса.
Қаналы ақын үйі еді,-
Көрсең-ау
кітап көлемін!                          

Құрманғазы (Жатақтағы жақсы кеш)

     Қашқынның
тірлігінің жөні-ақ осы:
Берілді
бейуақытта қонағасы.
Әйгілі құжырадан
жоғалу шарт,
Ұзатты таңға
жуық оны ағасы.
Сықситып аша
берді көзін оған
Жатақтың жаман
үйі құжынаған.
«Осында бала
туып, баба кетіп,
Осында жігітіне
қыз ұнаған.
Осында домбыра
да шертіледі,
Осында көз жасы
да сүртіледі.
Әзелден
қайырымды қазақ - ата,
Ол қашан өз
ұлына cop тіледі?..

Күй дастан (Екінші бөлім)

                   1. Әкенің оралуы
 Ленинград...
Досты көрдің
Махаббаты қайнап
тасқан!
Ленинград...
Қасты көрдің
Қаны суық қайрақ,
тастан...
Шаттығы мен
дертін көрдің
Ағзамдар мен
азапкердің.
Алауынан өрт
түндердің
Адам жанған
дозақ көрдің.
Қара таска
қайралғандай
Қанжар тілді
сағат кердің...
Қайсыған да
қайран қалмай
Сан мәртебе
сабақ бердің.

Менің философиям

       Үндемей, төмен үңілсем,
Көзімді жұмсам, ашсам да,
Таппайсың
көңіл,
тыным сен,
Сен жайлы толғау жазсам ба?..
Қызықсың көңілім кейде сен,
Қол жетер биік емессің,-
Шалқуың даяр күй десем,
Арманнан арғы елессің.                            
Дәмем бар алыс қиялдан,
Болса да биік ол аса,-
күтіп тұр
ғажап күй алдан,
Жетерге бойым аласа.
Ұқтың ба,
достым, ойымды?..                 

Тұңғыш

             Октябрь елі - Ұлы Одақ,                                 
Алаулап атқан
таңдаймыз.
Жарқын, жақа өмірдің                                  
Тамашасын таңдаймыз.
Күллі әлемге күн болып
Жарқыраудан танбаймыз;-
Пролетариат табына
Ленин жазған томдаймыз!
1936

Страницы