ВЕРНУТЬСЯ

       Үндемей, төмен үңілсем,
Көзімді жұмсам, ашсам да,
Таппайсың
көңіл,
тыным сен,
Сен жайлы толғау жазсам ба?..
Қызықсың көңілім кейде сен,
Қол жетер биік емессің,-
Шалқуың даяр күй десем,
Арманнан арғы елессің.                            
Дәмем бар алыс қиялдан,
Болса да биік ол аса,-
күтіп тұр
ғажап күй алдан,
Жетерге бойым аласа.
Ұқтың ба,
достым, ойымды?..                 
Мақтанып болғам жоқ әлі,
Сыйлаймын шағын бойымды
Үмтылу үшін жоғары.
Сағат пен жылды сүйіп тең.
Берілем арман, елеске!-
Аласа терек-биікген
Алысқа маяк емес пе?!
1963