ВЕРНУТЬСЯ

      Көп адам сонау төменде                 
Көпірге тіреу койып жүр;
Көп адам сонау тебеңде
Құдықтың тасын ойып жур.                                 
Есеп емес аз-көбі,
Біреу сай, біреу жонда жүр.
Әйтеуір әркім өз тобы
Қайда болса, сонда жүр.
Табанның тыңдап тырсылын,
Жүре бермей қайқайып,
Тұтатып алып бір шылым,
Әңгіме аздап айтайық..                      
Қараңғы түнде қалғитын,
Күндіз де дайым мелшиген,
Басынан киік қарғитын,
Жақпарын жалғыз жел сүйген.
Дәуірдін талай қыртысын
Бүктеген суық бауырына,
Салмағын таудың бір түсін,
Арқаңды тосып ауырына.
Әзіл ғой, достым, ондайға
Арқаңды қайдан тосарсың?!
Мезозой яки сондайға
Қаныңды қайдан
қосарсың!
Ертегі - «аңыз үгіттің»
Бос жолын қуып қайтерсің!
Шын жолын біздің жігіттің,
Одан да көзің жай көрсін.
Ілестің маған оқушым,
Құй
қарындас, құй аға...
Бәрібір ғой оқу
үшін,
Ап кеттім сені қияға.
Бір-екі тасқа аялдап,
Маңдайдың терін құрғатып,
Алқынып қайта аяңдап,
Өрмелей бердік қырға тік.
Машина жолы тым алыс,                  
Тауға да тура
өрледік;                              
Тағы да жолда.демалыс,
Тағы да жүрдік, терледік.
Осынша тауды үш күнде
Орынан жүлып алатын -
Десем мен: үлкен күш кімде?
Атайсың осы жол атын.
Атайсың оның геройын,
Атайсың бәлкім жырын да...
Асулы жолдың өр, ойын
Ескермей жылдам жүр онда!
..Шығыппыз солай екеуміз
Шүйделі таудың басына,
Екеуміз келген екенбіз
Құдықтың
колонкасына.
-        Жағалай құдық... Бұл құдық
Көмбесі ғой дәрінің.
Сірә да сірә бұл
қылық
Көкесі ғой
бәрінің.
Жарылған кезде нетесің?
-        Қарамайсың тау
жақка.
Жан керек болса, кетесің
Тоғыз шақырым аулаққа.
-        Осының бәрі көк тас па?                                 
-        Тезек қой деп
пе ең, достым-ау
Өтпейді мұнда
оқ тасқа.
-        Ақыным, ептеп
бөстің-ау...
Әңгіме - осы үзінді
(Оқушы, автор ермегі)
Алысқа бармай үзілді,
Басталды көздің көрмегі.
Жағалай құдық - жүз құдық,
Аралары бес метр;
Жағалап бәрін жылжыдық,
Жағалай сыртта бөшке тұр.
Сонау бір қалған бостардың
Кезі емес мөңірей
түсетін;
Бөшкеде
бүгін достардың           
Сулары толы ішетін.                          
«Жеделкөмек» - автобус,
Оқысты о
да тұр күтіп;
Тұрсын ол
әрбір шақта бос,
Қайтеміз оны зырғытып?
Мақтана
берсін сестра:
«Барлығын қамтып
жүрмін» деп,
Зиян жоқ одан
еш сірә,
Мақтану
кейде бір міндет...
Бригадир яки прораб -                                           
Бәрі де құдық маңында;
Әркімнің халін сұрап ап,
Айтып жүр тәртіп, заңын да.
Тізімдеп барлық
жұмысты,
Жатпайық айтып түрін де;
Керегі бізге жұмысшы,                           
Жұмысшы - кұдық
түбінде.                                   
Біліп қой мұны, оқушым,
Түспей тұрып
төменге:
Көп қынжылмай
оқу үшін,
Шек қоямыз өлеңге.
«Тауды бұзып, тас жарып,
Тамшылатқан
ащы тер»,-
Осы өлеңге - бас әріп,
Осы бір терге - басшы тер.
«Солқылдата соғылсын
Бесжылдықтың балғасы»...
Жыр деген солай төгілсін,
Осы өлең - соның жалғасы.                           
Жалғасы деген өлеңнің
Басына қайта соқпайды;..
Басы боп жаңа сөйлемнің,
Нүктеге басқа тоқтайды.
Жақпар тас қалай бұзылды,
Қайткенде сүймен мұқалды,
Түймелер қалай үзілді,
Қай тасты жігіт мүкі алды?
Қай бір тас артық ойылды;
Қай жердің кердік тарлығын,
Кай тұстан басқыш қойылды
Жазған ғой оның барлығын.
Одан әрі ақындар
Алмайды техник міндетін;
Болғансып маман не ақым бар
Онсыз да жүк көп менде тым.
Түсейік еңді кұдыққа,                                           
Көрейік одан Есболды;
Тау астың өлең қылып та,
Жазайық елу бес Жолды.
Жазайық елу бес жолды
Қараңғы үңгір туралы,-
Деп едім. Мұным кеш болды:
Өзгеріпті оның құралы.
Сүйменді бүгін жігітім
Колына тіпті алмапты;
Өзі қазған құдықтың
Ішінде мүлде болмапты.
Тетігін білсін-білмесін,
Ермегі - экскаватор,                                                      
Онысын достар білгесін,
-        Хал нешік,-
дейді,- уа, батыр?
-        Хал жаман,-
дейді геройым,
Түрткілеп механизмді,-
Тағы бір қозғап көрейін,
Тегінде сүймен төзімді...
Сүйменім жақсы,-
деп алып,
Сүймейді оны тағы да;
Ойланса қайта дем алып,
Ұнамайды екі жағы да.
Тетікті жақсы
білмейді,
Сүйменді
лайық көрмейді.
Тегінде жаңа күралды
Көнеге ешкім бермейді.
Тағы да тетік бұралды,
Бұзылды, мотор жүрмейді,-
Бәрібір жаңа құралды
Көнеге ешкім бермейді.
Қайтадан келді механик,                        
Тәсілді кайта үйретті.
Моторға езін ие танып,
Тағы да тасты түйретті.
-        Менікі қате, сөлекет...
Моторым мықты сүйменнен;
Бек сүйдім мұны, біле кет,
Шығады бәрі сүйгеннен.
Өскен соң сүю басталды,
Өскенше жыл мен ай өлді...
Сүйгесін киіп бас тонды,
Сүйгесін
алдық әйелді!..
Жігітім солай сампылдап,                                    
Қарады тура маманға;
Механик кетті сәл тыңдап,
Қосты ма мұны жаманға?..
-        Тілмәрсіма,
сөзді қой,
Көзіңе кара!-деп кетті.
Калжыңнан мынау озды ғой.
Қалжыңы
желге тек кетті.
Механик - өзін
артықтау                                  
Ұстаған
әлде кеуде ме?
Немесе айтып артық дау,
Ашуға тисем деуде ме?
Көп емес,
оның бәрібір,
Бүйірден кәміл түртті ғой.
Ол сірә мені қайрап
жүр;
Ол сондай кара мұртты ғой.
Дауласпай оны тындайын,
Мотордың тілін табайын.
Тамаққа дейін тынбайын,
Айыптың
бәрін жабайын.-
Мұнысын ойлап тұтқаны,
Қаттырақ мығып қалғаны...
Tape етті, мотор тоқтады,                                         
Қырсықтың әбден шалғаны.
Жақсы
ойлап, жаман еткені
Жанына батты жігіттің.
Ызаның әбден өткені:
Қарайып кетті жігіт тым.                                                        
Тетігін білсін-білмесін,
Ермегі экскаватор.                              
Мұнысын достар білгесін:
- Хал нешік, дейді,-уа батыр
Бұл кезде үнсіз отырды,
Көзі де түкті көрмейді.
Бәрібір үлкен моторды
Сүйменге әсте бермейді.
Ал, бірақ бүгін жігітке
Осының жайсыз жағы бар.
Артта қап қою үгіт пе?
Рапорт деген тағы бар...
«Экскаватор нормасы
Он есе»- деп жазыпты,
Сүймені бар жолдасы
Екі есе терең қазыпты.
Ендеше іштен тына ғой,
Жиырма есе кейін кетіпті ол.
Бұл деген шылғи күнә ғой!..
Амал жоқ, соған
жетіпті ол.
Поповты көрсе не айтады,
Шегердім дей ме норманы?
He Попов келіп байқады,-
Құдайдың онда ұрғаны...
Қазылмай
қалса түк емес,
Бес-алты тонна тас бұрын;
Осы бір сағат - бұл белес
Заманнын бұзды
дәстүрін.
Алатын күні осы еді
Армандай кепілдемені.
Үміттің оты өшеді,
Мұздатып
бәлкім денені.
Моторды - үлкен норманны                               
Медгеріп болмай неге алды?
Тым жақын еді-ау арманы,
Жақсылық
бәлкім жоғалды...
Көпшілік деген күшті мен
Парторг берген дат қайда?..
Аспанның сонау үстімен
Ауылға кеткен хат қайда?              
Беделін жігіт бір күнде
Өліктей көмсе - кім болды,
Мезгілден озып жүргенде,
Апыр-ау, қандай күн болды?..
Ең аяғы - кұрдасқа
Кұрдасша қарай алмаса,
Болады шығын кұр босқа
Кәдімгі нан мен колбаса...
Ойлады бәрін, ойлады,
...
Маңдайдан кетті мұздай тер;
Өнбойын суық жайлады,
Мұндайда қызыл жүз қайтер
Әрине, кұп-қу
болады,
Шығады көзден қажуын
Сызылып бетте
қалады,
Ызаның дымқыл
жазуы.
Қабағы тарс
түйілді,
Кірпігі жиі
қағылды.
Сезбеді өткен
құйынды,
Бетіне тозан,
жағылды.
Өңі бұл оның,
түсі емес,
Инженерді тұр
көріп.                             
Инженер басқа
кісі емес,
Өзіміз білген
парторг.
...Көпірді, сайды
аралап,
Биікке бастық
өрледі,
Қинала газик
жорғалап,
Темір де болса
терледі.
Шеткері кұдық
қасында
Дем алған адам - көп адам;
Тоқтамақ Попов осында,
Мақсаты мәлім сонадан.
Жұмысшы - кәрі, жастары
Ол жаққа қатты зер салды;
Алдынан барлық достары
Әдеппен күтіп, қарсы алды...
Анекдот оғаш
естілмей,
Тұрпайы әзіл жым
болды;
Себеппен күліп,
бос күлмей,
Әңгіме болса, шын
болды.
Аз ғана мақтап
жастарды,
«Қазбек» пен
сыйлап бір шалды,
Аралап кұдық
тастарды,
Достарын о да қарсы алды.
Ортада, шетте кей құдық,                             
Қазылса
қисық, не тайыз,
Қатеден
болған бір күндік
Сыналды қатты ондай іс.
-Сын тура, жолдас инженер!
-Сын тура, жолдас парторг!
-Кінәны ертең күн жеңер,
Арналар соған әр жорық.
-        Келінге яки
жеңгейге                
Жазбай-ақ
хатты қоялық.
-        Айтпай-ақ
Шымкент, Семейге,             
Өзіміз ептеп «соялық».
Жеке адам жайлы барлық жұрт
Былайша толқып тұрғасын,
Төбеден тарқап
қалын. бұлт,
Күн шалды бейне қыр басын...
-        Жүріндер бұған
нәр беріп,
Піспеген
бұл да бір егін!-
Жүктеді солай парторг
Біреуге біреу жүрегін.
-        Есболды білген
жан жоқ па?
-        Ол сабаз арғы
шетте еді.
...Бұл жақтан жазу
ол жаққа
Парторг жаңа беттеді.
Жақындап қалды парторг -
Жақындап қалды жақсы көз.
Жігіт тұр
одан жалтарып,
Осы кез бе әлде жақсы кез?..
Адамды адам зерттеуге
Осы кез нағыз жақсы кез.
Жолықты олар. «Ләм» деуге
Іздемей қойды жалғыз сөз.
He керек, бәсе, сөз теріп,
Мезгілді шығын етіп құр.
Жүзінен онын, парторг
Жан күйін кәміл оқып тұр.
Безіпті мүлде алаңынан
Қуақы тілі, күлкісі;
Өзінің қатал
заңынан
Алыпты үкім
бұл кісі.
Қатты
айтып, жанын не қыздыр,                   
Мейлің бер оны сотыңа -
Бәрібір жүзін тосып түр
Жалынды көздің отына.
-Жалынмен күйдір, аяма
Темірше балқыт, бүк мені!..
Жазылса жақсы поэма,
Осыған қойсын нүктені!..
Осы бір сәтте ұятты
Анамдай ұғып
қалайын!-
Деп тұрған
адам сияқты,
Кім білген мұның
бұлайын!
Үйренді мұны ортадан -
Өзгерген Бетпақ
даладан...
Тағы да қақты
арқадан
Жұп-жұмсақ таныс алақан.
- Бүгін сен ауқат
жеп пе едің?
(Әуелі солай калжыңдап),
-Оп-оңай жетілмек пе едің?..-
Деді де, Попов қалды ымдады
- Тасыңды мен де қазғанмын,
Сәтсіздік болмай қалмайды,
Мынаны кеше жазғанмын,
Бул да тез дайындалмайды.
Ол солай, достым, солай!- деп
Парторг күліп тұрғасын,
-        «Ол солай»
сонда қалай?- деп,
Зерттеді жігіт бір басын.
Сүрінген жерін ар көріп,
Жаңартқаны үшін көнені,
Ұсынды
оған парторг
Екінші кепілдемені.
Армандай кепілдемені
Бүктемей ұстап
Есболым,
Табжылмай қалды...
Бұл менің
Тілеген елу бес жолым.
-        Мынаусын өзің
жөнде!-деп,
Көрсетті
Попов қатесін.
-        Басқасын айтам
мен не деп?
-        Басқасын тілеп
қайтесің!
Тетікті Есбол жөндеді,
Тетіктен тапты қуаныш;
Жігітті солай өңдеді
Ертеден кешке қуған іс...
Бір кесе суды бір жұтты,-
Тұрған жоқ
одан су алыс.                      
Сергітті солай
жігітті
Ертеден кешке қуған
іс.