ВЕРНУТЬСЯ

        Балықшыны ойлап отырсам,                                
Көзімнің алды - көк толқын:
Жарысып өзен жатыр сан,
Көлдердің саны жоқ бәлкім.                                           
Теңіздер қанша тынымсыз
Дауылды күндер толғатқан?!
Тыншып бір жатса түн үнсіз,
Шағала таңда тіл қатқан.
Хабарсыз әсте қүстан да
Мұхитта толқын
-«Айдаһар».
«Айдаһар» ашу қысқанда
Ысқырып апта, ай жатар.
Өштігін
соның басуға
Өмірде заң жоқ қаралған...
Әмірші болып бар суға
Жалғыз-ақ жүрек жаралған.
Ол жүрек - сонау балықшың
Бақытын тапқан тереңнен.
Судағы соны барлық шын
Өмірден өкіл дер ем мен.
Судағы дүйім тірлікті
Құрлыққа
дайым сыйлаған,
Кемеде сақтап бірлікті,
Кең жерге даңқы сыймаған -
Аушы ғой аңыз!..
Ежелден
Ақынға шабыт,
жыр еді ол.
Алыстап кетіп өзі елден,
Жүрекпен үйде жүреді ол.
Күнді де көзбен тербетіп,
Жұлдызбен
суда жолыққан,
Тереңге жанын тергетіп,
Тайыздың тілін ол ұққан.
* * *
Балықшы - кеме о бастан                           
Өз елінің бөлшегі.
Күні жоқ оның адасқан
Отаннан оғаш жол шегіп.
Ойлашы, достым, сезімнің
Арнасын еркін ағыт та:
Компасы коммунизмнің
Суда да тура бағытта.
Теңіздер үсті - қырағы                                    
Коммунизмнің дүрбісі.
Суларым - өмір тұрағы,
Құрлықтың жомарт құрбысы.
Өлшеусіз дәулет салмағын
Көтерді жаңа траулер.
Сол ырыс, байлық, сол бағын
Алдыңда күтіп тұр-ау жер...
Балықшы! Соған бет түзеп,
Сапарға шықтың кәміл шын.
Жеделдеп оған жеткізер
Намысың - нағыз
әміршің.
Балықшы туыс, достарым!
Жау бұған не дер екен.
Көтерген шаттық тостарын
Көл-көсір бүгін мерекең.
Сырнайды люктен ала шық,
Көңілді күймен желпі енді!
Полный ход!.. Алда жол ашық,
Көтеріңдер желкенді!
1965