ВЕРНУТЬСЯ

        Алдымызда өз тұлғасы алыптың,
Біз қараймыз, қарайды да ол бері.
Ылғи езі ортасында халықтың,
Сермеледі оң қолы да ілгері.
Қашан көрсең
жүзі жанға жылулы,
Қимылы тез, уақыт қымбат-
Салты осы!
Ылғи даяр өз
қасында ілулі
Қара бұйра
құлақшыны, пальтосы.                 
Қім біледі, бұдан
шығып, бәлкім, ол
Қабылдайды кенші, теміржол шыны,
Қабылдайды я бір жаңа, көне қол -
Түрлі түсті тілшіні де, елшіні.
Дидарында ашық күнгі кең мінез,
Тұрады бір қызыл арай таң күліп.
Оның сөзі оттан ыстық, әрі тез,
Өмір үшін күреседі мәңгілік.
Келмейді жай шешен адам деуге де,
Сипаты бар симайтұғын өлеңге!
Ыстық бізге оның сонау жерде де
Өз қимылын қайталаған көлеңке.
II
Анық
көрдім біздің елде, шет елде
(Оған еріп мен
де неше жыл өттім),
Дос сүйеді, жым-жырт болып бөтен де,
Ол сөйлесе түкпірінен жүректің.
Ленин атын, ту ғып ұстап ел өсті,
Отан- оның
гүл жайнаған өз бағы.
Қайталаймыз Владимир
Ильичті
Дәл өзінің
қимылындай біз-дағы.
Көзден ол
бір қалған емес қабатта,
Қуат бар ма онсыз сенде, мендеде?-
Бұл
сағатта өзі неше заводта,                              
Тың далада, теңізде де, мінбеде.
Ылғи езі және
кәроетіп тұрады.
Неше қабат сексен беске келсе де!
Бүкіл әлем оның мәңгі түрағы,
Дұшпандары
көнбесе де, көнсе де!
Кең әлемді
гүл жайнатқан бұл шақта,
Көктем дейді оның ұлы атын ел.
Жырым - букет! Букетімді
құшақта,
Гүлмені бірге оны туған апрель!
Алдымызда
өз тұлғасы алыптың,
Біз қараймыз, қарайды да ол бері.
Ылғи өзі ортасында халықтың,
Сермеледі
оң қолы да ілгері.
1955