ВЕРНУТЬСЯ

Мұңдасы, көшкен
елдің қиялдасы,
Ал, тебірен, ақ
сақалды күй атасы.
Келеді сені тыңдап
баяғыдан
Өлкеңнің езен,
тауы, қия тасы.
Білмеймін, қанша
жанға күйің дарып,
Ашулы, ащы өзегін
өтті жарып...
Білмеймін,
«Сарыарқаңмен»
қош айтысып,
Қанша жан қабіріне
кірді барып.
Келмейді оны
ойлағым,
баяулағым;
Сен маған әр
толқыны аяулы ағын.
Тасимын тасқыныңмен
бірге сенің,
Келмейді ұзақ
жолға жаяулағым.
Бір қызың мені
туды толғасын деп,
Адамның асыл
жанын талғасын деп.
Бұлыңғыр
замандағы ата Құрман
Жүрегін
жүрегімен жалғасын деп.
      ПРОЛОГ ОРНЫНА
Азғырда,
Жалпақшағыл Жиделіде,
(Жиделі әлі
күнге дейді өлі де)
Кектеніп ол
заманда құм қазағы,
Сарнады сол
арадан күй желі де.
Ол тұста саңлақ
аттар сандалатын,
Ізінде
барымтаның қан қалатын.
Қайғыны әкесінен
бала үйреніп,
Жаралы жүрегі
бар жан болатын.
Он бесте қыз
зарлады шашын жайып,
Қарақат көз
шарасын жаспен шайып,
Аулақта жігіт
салған ән жылады -
Махаббат күнде
болды көзден ғайып.
«Қош» айтып айлы
түнде ән жосылды,
Әніне
махаббаттың жел қосылды.
Түншығып түнде
шолпы сылдырлары,
Жарасы жас
жүректің қатты осылды.
Білмеймін кім
көргенін бақ пен құтты -
Еңбекті қарсы
алдынан қайғы күтті.
Жиіркенбей
саптыаяққа құйып алып,
Адамның ащы
терін адам жұтты.
 
Дей ме екен
ата-анадан жас қаламын,
Жұт жылы жер
қойнына тасталамын -
Әйтеуір жаман
еді жылағаны
Көрпеде көзін
жүмған аш баланың.
Әлде осы тағдыр
соққан «гүрзі» ме еді:
Ізгі адам өз еңбегін
кірсінеді,.
Сыртынан қойшы
үйінің тыңдасаң да,
Түн бойы күрке
бейне күрсінеді.
Өмірдің алдамшы
еді жалтырағы...
Білмейсің қайда
екенін жан тұрағы;
Болса да бүгін
сендік, ертең бөтен,
Жартасы туған
жердің, жапырағы.
Бүгіннен онда
жаман ертең еді;
Жау тисе
көресіңмен көр тең еді -
Адамнан адам
баққан жылқы безіп,
Босағаң көз
алдыңда өртенеді.
Айқассаң
тонаушыңмен,
жете салып,
Қаныңа суытасың
төсің малып,
Жағасын жаңа
тіккен шапаныңның
Ақ құйын ат
үстінен кетеді алып.
Болады жаның
жерге құлағандай,
Сиқыр жел өлі
шашың сылағандай.
Адасқан енесінен
бозша бота,
Сен үшін қыр
басында жылағандай.
-Сабады-ау,
түйреп кетті-ау!
-Өлді білем!
-Өмірде сенен
қалып не деп күлем?!
Мұны айтып өлігіңе
шешең құлап,
Жылайды, бола
алмайды дертке бұл ем
Әр жұртта қалып
елдің бір маңғазы,
Жоқтады ойдан қысы,
қырдан жазы.
Осындай азасы
көп күндер кешіп,
Жанынан жалын
төкті Құрманғазы...