ВЕРНУТЬСЯ

-        Сыңқылдап бір ән салады,
Сықылықтап
күледі.
Әм шырайлы, әм
саналы
Жан тәрізді. Кім
еді?..
Кім де болса
келе берсіні
Көйлек онсыз
жыртылған.
Қайтсін әйел
келемешін,
Менің мынау
түр-тұлғам?!
Әрілесе қыл
самайым қорқытар,
Әрілесе асқақ сұлу
қор тұтар -
Отырды
Құрманғазы осыны ойлап,
Әлгіде қыл
пернесін басып ойнап.
Сөйлеткен
домбыраны қойды қайта,
Қыз келді; ақ
қолында асыл оймақ.
Жан бар деп
әдепкіде қыз ұқпады;
Құлпырды ақ
бетінде қызып қаны.
Өзімен
сейілденіп өзі ғана
Сүйріктей
саусақтарын қызықтады.
Ұшқалақ
тотайлығын жиі қыла
Асылды
бәйбішенің иығына
Момақан Құрманғазы
кеш ілікті
Ойнақы қара
көздің қиығына.
Бір сәтте
қалды-дағы тыжырына
Сөйледі
бәйбішеге қыз ұрына:
- Бұл ағаш
әзідегі дәруіш пе
Әлдекім құшатұғын
құзырына?!
Кім бұзған
домбыраның мәні, шырқын?
Құлағын
бұрағансып... Бәлі, шіркін!-
Әулекі жаралмаса
адам деген
Өзінің байқамай
ма әлі, сұрқын?!
Маңдайын ұстағансып
сәл бүгіліп,
Бұлайша ару
бикеш салды қылық.
Ұшынан аяғының
жүгіргіштеп
Ізінше домбыраны
алды жұлып.
Алды да,
ерке сұлу пәк
түледі.
Жетердей бір
өзіне бақ-тілегі...
Су жібек жең
аузынан суырылып
Асылды
күй-шанаққа ақ білегі.
Жүйрік қол
періштенін қанатындай,
Жай көзің ұстай
алмай-қалатындай.
Сұқпатты сұлу
төсі көтеріңкі,
Ілгері ұмтылады
бала тынбай.
Ол қашан
тәңіріне шақты мұңын?!
Ұқпайды ұзатылар
шартты күнін.
Адайда
Мамырайдың Айжан қызы
Мастана шертті
күйін шаттығының:
Тақ күні ту-дым,
Балапаны қу-дың
Өзім болдым.
Ай-дын
Көлге төсім
шай-дым.
Ұштым,
Кеттім
Үстін
көктің
Аралап ас-тым,
Әніме бас-тым.
Жетпей қалды
жерден
Атқан оғы
мерген.
Төре де
Көре де
ар-ман-да;
Ата да,
Бата да,
бар маң-да.
Та-та-та,
Та-та-та,
та?..
«Та-та-та!»-жанның
сыры алып қашпа
Әдемі
жазылғандай анық тасқа.
Адуын күй
тоқтады.
Кім біледі,
Жолаушы қыз
өнерін әлі ұқпас па?!
Мұны ойлап, ақ,
бетінен алау шыға,
Қараса Айжан сұлу
жолаушыға,
Ұқсайды
қыс-боранда балық аулап,
Көк теңізде
көргені мол аушыға.
Теңіздің душар
болсаң тентегіне,
Дәулеттің
қарамайды кем, теңіне,-
Шетінен шекпені жоқ,
өнері мол
Деуші еді ән
салады кең төгіле.
Деуші еді «шын
таныса әр ағаны
Перизат құштарына
жарағаны»...
Таныдым: өткір
екен өр жігіттің
Мұртынан қатал
күліп қарағаны?!
«Місі мол
бейтаныстан қорынбас кім?»
Дегенше
домбыраға қолын қашқын
Ұсынды; жадырады
қалың қабақ
Сұранып рұқсатын
қарындастың.
Ақ бикеш
сындырмады мұның сағын,
Сөкпеді сыры жұмбақ
ұрыншағын,-•
«Құжырын
құлағымен естімесе
Демек пе: «Үйді
босат, үнің шағын!»
Жолаушы
күлдіреуіш күмбезіне
Көз тікті...
одан әрі күн көзіне...
Алдында паң
домбыра жатыр шалқақ.
Қымсына қыз
жасырын күлді өзіне.
Шүбәлі Айжан әлі
«ағасына»,
Шынымен туған ба
деп бақ асыра.
Тықсырып ту
басынан домбыраның
Бес үлкен саусақ
келді сағасына.
Ал, кетті бебеу
сарын ырық бермей,
Бала-каз,
мойыныңды бұрып көрмей
Нетерсің?! Ерен
екен жатпайтұғын
Жұртының
махаббатын жүріп термей.
Сал-мырза әлде
неге күйінген де,
Жұпыны әдейілеп
киінген бе?-
Дыбыстың көк
дауылын сапырғаны
Дегендей:       '
«Көркем ханым,
күйім кем бе?»
Басталып бір күй
кетті асау-бұрқақ.
Қыз ойы:
«Адамзатты
жасау, бір хақ,
Қолында сенің
ғана; сенің пендең
Сен берген асқақ
үннен неге қорқақ?-
деуші едім».
Мынау жігіт
сескенбейді,
Адамға кекірегі
дес бермейді.
«Мен де бір нұр
тегінен жаралыппын,
Мұз құйсаң
жалыныма, өшпен», дейді.
Апыр-ай, мына
жігіт селт етпейді,
Аусарым
басылмаған тентек дейді.
Алдымда
жолбарыстай жұмарланып
Бүп-бүтін
жүрегімді жентектейді.
Және де өнеріне
жүгінемін.
Түскендей
иығымнан жүгі ненің?..
Құдды бір желді
күні етек, жеңім
Шашылып, ыққа
карай жүгіремін.
Ықтан да
жасқанамын, жалт безінем,
Алқынам,
жасырынам жат көзінен.
Азаттык ұясында
дамыл таппай
Жүрегім
арпалысып жатты езімен.
Үрейлі безіп
жүріп күлемін де,
Кесілген кісен
бардай білегімде.
Ашамын құшағымды
қамқоршыға...
Өңім бе, түсім
бе бұл - білемін бе?..
Білдім бе
қадірін бір сыйлы бастың?..
Кімге мен құшағымды
қидым, аштым?..»
Осынша ойдан сұлу
айыққанда
Тамамдап отыр
екен күйді қашқын.
Үй жым-жырт жан
секілді күйді ұғатын.
Самайын әзер
жаңа жиды қатын...
Ілтифат, еппен
келіп қонағынан
Сұрады сұлу
сонда күйдің атын.
- Жақсы
қыз,-деді Құрман,
- құрғыр әзіл
Оятып кетті жаңа
құрбы назын.
Дариғай-ай,
бұзады ғой ақ бетіңді
Сүренің
жазуындай бір күн әжім.
Кәдеңе қалсын
дедім жарап үнім
Басыңнан ауғанда
да жаңа күнің.
Дәлудың
ақпанындай арсы-гүрсі
«Адай» деп атын
қойдым жаңағының.
Зан болды
ерегеске ер шешіну,
Емендей жай
соғылса ерте сыну.
Асығыс қараңғы
үйден қашып келем,
Қолың бер, қоштасалық,
ерке сұлу.
Қыз айтты:-затым
әйел болса-дағы,
Мен дарқан
сайрандағы көл шабағы.
Жақсыны жаяу
нағып жіберермін,
Атаның маған рас
қонса бағы.
Төзем де суық
қатер төне келсе,
Тірілей
қаңқу-өсек және көмсе.
Ағажан, отауымда
қонағым бол,
Ат мініп, асыл
киіп жөнегенше.
...Айжан кыз
мамадағы «Оркөжекті»
Мінгізіп жұмсады
бір елгезекті
- Сауық бар!
Жиналыңдар, желғабаздар!
Әп-сәтте осы
хабар елге жетті.
Әп-сәтте
қашқынды бір жер алғандай...
Демейсін оған:
«Іште жараң қандай?»-
Өзі де ұқсамайды
кіріптарға,
Өзгеше
Құрманғазы жаралғандай.
Өзгеше киіндірді
озық ана.
Сейілде сыртта
Құрман өзі ғана.
Қарайды жақсы
түстей төңірекке,
Оп-онай
сұлулықты көз ұға ма?
Әнеки, әр
тараптан ән келеді,
Алыстан ноқат
дерсің сан денені.
Бұлықсып жалғыз
аяқ бұраң жолда
Келіндер судан
қайтқан сәнденеді.
Қыздардың кешкі
шыққа кеңістегі,
Көк сауыр
малшынады кебістері.
Атүсті
құшақтасқан құрбылардың
Сонадан созылады
келістері.
Кең дала көңіл
кірін аршығасын
Сен де бір шат
өмірде бар шығарсың...
Осылай жасаңытып
адай-ауыл
Өнердің қабыл
алды қаршығасын.