ВЕРНУТЬСЯ

Кейінде сәрсенбіде
Жайық қалды;
Кең дала
етек-жеңін жайып салды.
Қасқа жол қайқаңдайды
белден белге
Ұқтырып
өткен-кеткен жайыттарды.
Бұл жолмен
бақ-талайын сынасқалы
Сағызға, Жем
бойына кім аспады?..
Батырға,
кірешіге, торғыншыға
Оңаша ортақ мұңын,
күн, аспаны.
«Қош!» айтып
кейіндегі қалың жұртка,
Бұл жолмен жылап
асты қалыңдық та.
Біреуі сорлы
кыздың сонау белге
Депті ғой:
«Оңашада қанымды ұртта!»
Белгісіз
жылдарының саны маған;
Жел ғана соны
жоқтап сарнаған.
Қасында қарақшының
құлпытасы
Ит өтті әлденеше
сарып оған?!
Ал, мынау кімнің
ісі?.. Ер ісі ме?..
От жаққан үңгіп
барып жер ішіне.
Ұқсайды ұры
тентек пісіргенге
Бедеудің етін
орап терісіне.
Біреудің көз
жасына қарамастан,
Жиіркенбей жеген
қанша арам астан?!
Қылыштың сынығы
да қыр басында
Адамның
сүйегімен араласқан.
Қай заман, қанша
жерге кан ағыздың?
Өшпестен бәрі
жатыр қаралы іздің.
Қалбаңдап сол
төбеде әлі де жүр
Екі рет жүз
жасаған қара құзғын.
...Неше күн
жортып келіп, ат шалдырып,
Шапаннын. тұйығына
жатсаң кіріп.
Бұл жолда бұдан
да көп ой келеді,
Кетесің
тағы-тағы шапшаң жүріп.
Тағы да
некен-саяқ ел көресің,
Кез барда
қоналқаға үлгересің.
Ақырын таң
намазда қош айтысып,
Тағы да қарияға
қол бересің.
Тағы да түні
бойы қутыңдаған,
(Нағашың, жездең
болып күй тыңдаған),
Ала аяқ қалады ұйқтап,
төсегінде,
Үргенмен
естілмейді итің де оған,
He керек оған,
сірә, сенің өзгең?..
Сонда да ел
жақсы ғой сері кезген:
Тағы да түйе
сауған жас келіншек
Таң ата ұзатады
сені көзден.
Сендей сол Құрманғазы
жалғыз атты;
Жолшыбай күй де
шертті, жамбы да атты.
Бәрі де «көз
оқытар», көніл ашар»-
Жемейді
жалғыздығы жанды қатты.
Астында бәйгі
бозы бұлаңдаған,
Киналып, аса
шауып бұланбаған.
Сыншылар мойынын
көрсе жануардың
Аққу мен ұқсатады
жыланды оған.
Көргенде үлкен,
кіші - тілесе кім -
Бір бөлек сөз қылады
тілерсегін.
«Мініскер емес»
деді бір «сәуегей»,
Ол қалай саған бақыт
тілер тегін?..
Сатсын деп
саңлақ атты ол шенеген;
Сұқ көзде тілек
те бар өлсе деген.
Адам аз
жануардың сағағы мен
Қарыстап
омырауын өлшемеген.
...Жолаушы
күзектегі ел ішімен
Ұзады: ат
танбады желісінен.
Ат бүгін пысқырады:
сұрапылды
Сезгендей қоңыр
суық жел исінен.
Батпай-ақ күннің
көзі өшті бұрын,-
Калың бұлт
қарауыта көшті қырын.
Аспанның
жабығынан жарқыл ойнап,
Төңірек тұнжырады
кешті құрым.
Маза жоқ қара
күс пен қырғауылда;
Соғар ма мұның
арты мол дауылға...
Күндік жер әлі
бүдан Төремұрат,
Қону шарт сонау
шоғыр малды ауылға.
Апыр-ау, сонау
әйел безектеген,-
Асығыс ала қаппен
тезек терген...
Бейшара, нағылса
да, біреу болды-ау
Басынан бар
қызығын тез өткерген!
Адам ба жат
есікті жесір ашқан?!..
Айып па ұрғашыдан
жөн сұрасқан?..
Қалайша
қорқытпайды бейшараны
Найзағай,
қарауытқан жол, сұр аспан?.
Жолаушы солай
кетті ұғысқалы.
Үрейлі әйел
еппен ығыстады;
Тақымнан қара
шолақ мылтык көріп,
Қос қолдап
жағасын да нық ұстады.
- Жарқыным,
қорықпаңыз!..
Залалсызбын.
Ісі ғой оңашада
ол әлсіздің...
Барар жер, басар
тауым - алдым ұзақ;
Жөн сұрап өзіңізден
алам сіздің.
Рет жоқ
түсіңізді түк бұзатын...
Адаммын ақтан
туған түпкі затым...
Ол бұлай айта
түсіп... Ат тоқтады...
Жап-жақын
аралары... Тіпті жақын.
Шықпады, дінкелерін
құртып үн де,
Жүректің не
ғаламат түр түбінде?!
Ала қап сылқ
етті де, жерге түсті,
Келіншек бір
қақпады кірпігін де.
Әлі тұр... Әлі
кезге көз қадалған.
Бірі жоқ
қарашығын қозғап алған.
Осы еді-ау асыл
тоты;
оны кеше
Алыстан ұзын қолын
созған алған.
Алдамшы бақыт
кеше аялаған,
Енді не?.. Қатал
тағдыр аямаған.
Секірді Құрманғазы
аттан оқыс,
(Алдында кім
тұрғаны аян оған).
Бұлайша түспес
болар әркім аттан,-
Шылбыр да
алынбады арғымақтан.
Денесін Құрманғазы
дереу жиды;
Намыс пен оны
жерге ар құлатқан.
Тізерлеп кайта
тұрды, қарманды да.
Жер-ұшық,- деді
саған арналды да,
Келіншек ұшып
келді қанаттыдай
Жүректе жүрген
бәлкім арман бұ да.
-        Кыз Айжан!
-        Құрман аға!
-        Асыл Айжан!
Мақшарда табысар
ма осылай жан?
-        Ағажан! Абзал еді пейіш десең...
Өңім бе?.. Сорлы
басым, осыны ойлан...
Нұр жауды, Құрман
аға, үстімізден;
Әнекей, жарқыл жақын
ұшты көзден.
-        Иә, сәулем! Қатты жаусын қара
жаңбыр,
Кез жазып қала
тұрсын күшті бізден.
Иә, солай!..
Бағымызға, заты, солай,-
Аспанда ғаламат
боп жатыр талай.
Жаурасаң,
сағынышым сая болсын,
Кел! Аттың ығына
кел жатырқамайі
Көргем жоқ көк
пен жердің әмірінен
Мұншалық
мүшіркеуді өмірі мен!-
...Өзіне тартып
алды оны Құрман
Шапанның орын
беріп өңірінен.
Паналап иектің
астын, қолтығыңды,
Жаңбырдан,
найзағайдан ол тығылды.
Оның да ыстық
демі төске тиіп,
Жүректі бұл
жалғанның өрті қылды.
-        Жарқыным! Асып барам алыс жаққа,
Жөн жоқ деп
хан-теремен алыспаққа...
Тағы да қашып
барам, жасырам ба,
Жеткем жоқ
өлмеген соң әлі ұшпаққа...
Тірлікте
баршасына мейір қансын;
Қайтам ба
тәуекелге бой ұрғансың?!
Ал, енді өзің
білгіз: бұл тайпыда
Сен кімнің
бақытына бұйырғансың?
Кісіңді
жасырғанын. күнә, шырақ,
Тотыны бағып
отыр кім асырап?-
Аямай қара көзден
жас келтіріп,
Айжанды қатты
соқты мына сұрақ.
Кез дереу көзбен
суық арбасты да...
Сонда да ақ
жүзінен әр қашты ма?!
-        Ағатай,- деді бір сәт,- екеуміздің
Баяғы бақытымыз
- алғаш күнә.
Соңғы да күнәм
менің сол болатын,
Есімде жақсы
түстей сол ғана түн.
Кісімнің содан
бері атағам жоқ
Жүректен - улы
жылан сорған атын.
Болып ем оны
мәңгі ұмытқандай,
Жылт етті бүгін
тағы үміт қандай?!
Әлгіде атын атап
жүгіріппін,
Жаны жоқ тас
мүсіндей тұрып қалмай.
Қайтесің тамыры
тас қуарғанды,
Мен кашан ұмытқалы
қуанғанды?!
Сөзіме
иланғайсың: сонау тұрған
Ақ үйде ақ
сақалды куәм қалды.
Ол менің қатал
ием қасиетті,
Пенде емес, оны
маған хақ сый етті.
Тыншимын өлі
жандай, егер сол бір
Баурыма қатты
қыссам қарт сүйекті.
Бір соның көз
алдында бұғын төмен,
Айтқызбай
әміріне жұғып, көнем.
Әсем саз, арман,
тілек, сағыныштың -
Барлығын бір сол
үшін жоқ еткен ем.
Мен оның тартыларда
құшағына,
Домбырам отын
болды ошағына.
Қақталды қара
борша сол ағашқа,
Таласты күндер
алтын шашағына.
Күндерді содан
бері кезекпенен
Ұйқтатам, олар
үшін тезек терем.
Осындай оңашада
мағанасыз
Қызарып шыққан
күнді тез өткерем.
Кеспірсіз кең
даланы кезеп көрем;
Мен соған күнде
оңаша көз жеткерем:
Су ішкен, жалғыз
оттап, құралай мен
Қу жыңғыл
саясынан көжек көрем.
Жетім ұл қора
қойды жалғыз жайды,
Оңаша зарлағаны
жан қозғайды.
Ала қаз
жұмыртқасын жылан сорған,
Өзінен басқа
жанға жарғызбайды.
Бір тәңір
барлығына айыпты да;
Осыны сорлың
бүгін жай ұқты ма?..
Жарыңа серік
болмақ сертім еді;
Сені де бұйыртпады...
Жайықты да...
Жараспас шүбәсі
көп жерге тұрған,
Үйге жүр аға
болып бірге туған.
Алласы, аруағы -
бәрі де бар,
Олқы емес менің
түскен ірге-түлғам.
Жөн десең ескі
дертті жаңғыртуың,
Өзің көр:
өзегіңді жандыр, суын.
Сез бітті, ол
ақырын сипап алды
Құрманның
маңдайынан жаңбыр суын.
Бір қилы Құрманғазы
тұнжыр енді,
Қапаста қайран
асық тың жүр еді.
Мұны да
құлазытты ару жастың
Бақыттан
әлдеқашан тұл жүрегі.
- Іс болған,-
деді Құрман,- нелер
«ғажап!»
Уа, тоба!..
Сұлулық пен өнер мазақ...
Тегінде,
аңыраған саздан қорқып
Әлдисіз,
жаназасыз өлер қазақ.
Жә... барам,
ағаң болып «көргенді» үйге,
Маңырап
малы-басы өрген биге.
Ұзақ түн көңіл
айтам сол есікте
Жоғалған
махаббат пен өлген күйге.
Қайтейін, қалап
сүйген қарындасым,
Кісенге кісің
қолы қарылғасын!..
Өтініп өз
жарымнан сұрап алған
Сен едің ақ
бөтеге қарлығашым...
Мен сендей
жоғалтпаймын ішкі мұңды,
Имандай тұтам
сонау үш күнімді.
Қоспаған қатал
тағдыр жеңгелігі
Қалдырды
жүрегімде ұшқыныңды.
Ал, саған айтар
өлең: «Аулыңдамын,
He десең,
жалтағым жоқ - қаулыңдамын.
Аз күнге...
Ақтық рет... Тым құрыса
Қоянның
«өжегіндей баурындамын».
...Оқушым? Болды
қызық аяғы да.
Бұл сәтте жылт
етпеді жай оғы да;
Білмеппіз, әлдеқашан
жұлдыз туып,
Аулаққа бұлт
кетіпті баяғыда.
Ақынның ендігі
сез еркі деме:
Су шөпке сұлап
тұрды екі дене...
О да бір
ғарыптардың осалдығы,
Сен оған
еліктеме, елтіме де.
Қарасын қара
дейік, ағын ақтап:
Сертінен қалай
ғана айнымақ пәк?..
Ғарыптар мауқын
басып, маңғаз кеште,
Жуынды
сәулесімен айдың аппақ.
Салты бар әр
ғасырдың, әр уақтың;
Ұстады
шылбырынан ару аттың;
Сағынған ағасы
мен ақ періште
Беттеді ордасына
«аруақтың».