ВЕРНУТЬСЯ

Уау, ағайын, Үш
арыс Қара таздан!
Әулет едім
әлімнен қанаты озған,
Бақай 'батыр
қалдырған төрт түліктен
Жазда жайлау,
қысында қора тозған.
Ол дәулетті
кешегі жұт жалмады;
Титығына
бармаған жұрт қалмады.
Ақ найзаның
астымен қайтса керек
Екі бірдей
тоқсанның жұтқан малы.
Қолымда күш, еп
барда ауызымда,
Қатып, семіп қалам
ба қауызымда?!
Баба десең, құр
қалма фатихадан,
Құрт құдайдың
әзәзіл жауызын да!
Қашан, қайда ат
басын бұрар жүнің
Білмей жүріп
қылғаны-ай бұралқының!
Ей, Төрежан,
алартпай маған көзін,
Езіп берші
мынаның бір алқымын.
Төремұрат
Ал, ашығын
айталық, Қаңғыбозым!
Елден елге
көргем жоқ қаңғып өзім...
Қарғатамыр
қазақтың ұлы ғой деп,
Саған түсіп
қапыда қалды көзім.
Келген бетте құлақты
елеңдеттің,
Күңірене күй
шерттің, өлендеттің.
Ұқтық оны: туады
дейсің, тәйір,
Ұйықтап жүріп
бекерге өлем деп кім?..
Айтып келдің рас
сен ең шыныңды.
Ертелі-кеш
тыйғам жоқ еш үніңді.
Арғы бетті
шулатқан Құрманғазы,
Жан біткеннен
жасырдым есіміңді.
Нағыл дейсің?..
Түрің де
жасарыпты
Жақсылықты нән
басың нашар ұқты:
Хан мен 'патшаң
бағар ма мынау өңшең
Өзің сынды нәрегей,
аш-арықты?!.
Мақсат кәні
бұларды іріткенде?..
Жалған десе,
айтсын 'бір тұрып пенде:
Бағзы бірдің
шешесі, 'басқасының
Қатыны тұл қазан
бас түрікпенде.
Шаңырағын,
желісін, қазығын да
Жоғалтқанды жинасам
жазығым ба!..
Қай дәулетті
қимадың қасқаларға,
Киімін бе, аты мен
азығын ба?..
Қамшым сабын
ұрлау ма үйден менің,
Түрмесінен
орыстың үйренгенің?..
Сенің де сол
жұмағың көкте шығар,
Адам басқан жер
болса жиренгенің?..
Жоқ, жігітім!..
Қарғыс пен өлім қатар...
Әркім үшін бір
жерде орын жатар...
Ұқсаң женін бір
басқа... Ұқпағанда,
Құдай езі бұйрығын
орындатар.
-        Уау, батыр-ау, алды жөн, арты зілді
Мынау қай сөз?..
-        Ал құрытты!.. Ал тұжырды!..
Тағы шықты дейді
ғой елден ерек,
-        Алты бірдей бұзақы, алты жынды!..
-        Ә, б.. бізді де қазақтың қызы емізді...
Батырмаңыз
шымбайға тізеңізді!..
-        Бүйткеніңше, қан ішіп, қарғыс алған
Тәубеге жық,
адамша түзе бізді!
-        Біз де сыйлап тап-таза жүректіні,
Пәк баралық құдайға
керек күні!-
Шетінен бір
шегір көз, ұзын өңеш
Қарақшылар
осынша өрекпіді.
Жирен сақал,
жирен мұрт, жирен қасты
Бір бишікеш
осынша өрен жасты
Қамшымен де,
беркімен :қатты жасқап,
Өрттен жаман
жанжалды әрен басты.
Қ ұ р м а н ғ а
з ы
-        Мейлі назың, мейлі жұрт зілің десін,-
Айтпақ керек аз
тықыр білінгенсін.
Екі бірдей
құлағын мен жұлғандай
Анау шұнақ
қарияң бүлінбесін.
Төремұрат,
рақмет!.. Орынбордың
Қашқынына
қасыңнан орын бердің.
Рас, талай күй
шерттім... Біле алмадым,
Кімге несі
дарыды ол үндердің?..
Әлгі сезің
дарақы қай ерсілік?..
Мен келгем жоқ
жиенсіп, қайынсыиып.
Елден елге
қаңғыру маған бақыт,
Саған бәлкім ол
сапар - қайыршылық.
Өзің-ақ қал
жерінде жер-гүбектің.
Қамқоршысы
болғансып жетімектің?
Байқа бірақ
жақынды жауықтырып,
Тірілерді
қолыңнан жетім еттін.
Көргенім бар
оңаша тұрып менің
Мысық ойнап
тышқанды тірілткенін...
Қыстай қылыш
соқтырып, қырық пышақ,
Енді қылмақ
қазағын, түрікпенін.
Балалары Бақайдың
«сері» кілең!
Құнықтырған -
жылқы мен сені кілем.
Білсеңші бір
қанаттас: түрікпенді:
Оның соры осал
ма сенікінен?!
Жерге төгіп бір
қасық қан нағылам
Құмығынан құдайдың
қалмағынан?!
Мынау сенің
сіңірлі көк шеңгелің
Хан патшаның
несі кем қармағынан?!
Менің осы
айтарым! Түсін мені!..
Менде жоқ қой
ашуың, күшің кегі,
Тастат анау
қанжарды Өтен киген,
Күпіңіздің
жеңінің ішіндегі.
Аттанбаймын мен
ондай «күн көріске»-
Кісі жеуге, құн
алып, құн беріске.
Дұғай сәлем айта
бар менен соған,
Осы жолда
езіңмен кім көріссе.
Ұстап алып ұрыны
қаныпезер,
Өгіз етсін
желікесін қамыт езер!-
Шаңқ етті Төремұрат:
- Тоқтат!-дейді;
Қалмады енді
мұның халы төзер.
- Алдым,- деп,-
ақылгөйден өсиетті,-
Қамшымен қыр
арқадан осып өтті.
Белгісіз бір жұдырық
оған тиіп,
Түбіне
батырыңның осы жетті.
Ол сәтте Құрманғазы
аптықпаған:
- Ал,- деді,-
даңғой неме артты ұқпаған.
Ат жалын тартып
мінген ермін деуші ең,
Енді жоқ ер
мінетін аттық бағаң.
Екі ұдай ел
шуылдап, би де қашты;
Жігіттер бақан,
сырық жиды ағашты;
Құрманға суық
қолды жақындатпай,
Қоржынға қоса
басты үйдегі асты.
Аулақта бір
тасада ән туғызып,
Күй шертіп, тағы
болды арты қызық,
Астыртын осы
түнде сыр бойына
Асырды соны
мынау «алты бұзық».