ВЕРНУТЬСЯ

    Ерттеулі ен
далада қос сайгүлік,
Құм шөбін
құнығады аштай жұлып.
Елсізде отыр
Әуес, Құрманғазы,
Көзді көз, мың
жолықса, қоштай күліп.
Жер адыр, аспан
биік, кеңірек те,
Төрінен тұрады
нұр төгілед те.
Махаббат құшағына
еніп алған
Екеудің жұмысы
жоқ төңіректе.
Құмарта
құшақтайды үмітін жан,
Азғырдың ыстық
төсек - құмы тұнған.
Екі жас - еркін
тотай. Бұл сағатта
Бұрнағы түн
әлегі ұмытылған.
Сүйіспей ерін
неден аянады?..
Бет қызыл ұятына
боянады.
Түседі жер анаға
дене құлап,
Қарашық сөніп
барып, оянады.
Тағы да
еркетайға ер төнеді,
Бетке бет
тақалады, өртенеді.
Махаббат
жалынына жүрек төзбей,
Шаттықтың
шарпуынан дерт өнеді.
-        Аямай Ақбаяндай балапанын,
Ыстықтай ішкен
оның дала қанын!-
Мұны айтса, қыз
шошынып Құрмашының
Бетіне басады
ыстық алақанын.
-        Қорықпа! Көріп алар, сірә, басым
Тағдырдың
даярлаған сыбағасын.
Ит болып жүре
алмаймын тойған жерде,
Ізімнен мейлі
жауым сығаласын.
Қорықпа! Көріп
алар, сірә, басым
Тағдырдың
даярлаған сыбағасын!..
Өлгенше өжет
жаным дұға дейді
Өнердің екі
шекті құба ағашын.
Тарылтып
қысалаңда дыбысымды
Туғаннан cop
азапты дін ұсынды.
Тәңірім бұл жолы
да бұқсын десе,
Кеудемнен кайтып
алсын дыбысымды.
...Ол солай
жығылмады тәубесіне,
Алмады «күпір
болам» деуді есіне.
Қараса, аянышты
ақ маңдайын
Қыз оның сүйеп қапты
кеудесіне.
Тағы айтар таба
алмады асқақ үнін;
Ол сипап қара
шашын жас жарының
Алысқа,
әлдекайда көз жіберсе,
Ілбиді баран
атты, артта - құлын.
О да бір жас
жігіт пе жиырмада,
Ызамен шола ма
екен қиырды о да?
Әйтеуір шықты
бастап жадау көшін
Жүгі бар
тайлағында, сиырда да.
Шашбауын қайта
түзеп тағып Әуес,
Қараса: қара
белде тағы да көш.
Шөлдеген неше
күндей ел секілді -
Адамы ескі
жаңбыр қағына өш.
-        Ел неге үрке қашты қойша құмнан!
-        Қай ауыл?
-        Кім біледі, қай шағылдан...
-        Балықты батағадан дәмелі ме,
Болды екен Бозан
суын кім сағынған?..
Білмекке Құрман,
Әуес атқа мінді,
Қалдырды аптап
ыстық артқа күнді,
Қос жүйрік алып
жетті көш басына
Лақтырып ауыздықтан
ақ сабынды.
Жаңағы бие
мінген дөңестегі
Карт екен,
илікпейді кеңескелі.
Еленіп түк
демейді, естімей ме,
Әлде бір миы
ауысқан емес пе еді?..
Сен оны қайғылы
да қаралы дей
Алмайсың. Қабағы
бар қара дүлей.
Ұйпалақ бет-аузы
көк жабағы,
Аларып қарағаны
алады үрей.
Көзден бір
төкпегендей жылап жасты,
Күліп те
көрмегендей сұр албасты.
Мынау кең
дүниеге - сахараға
Келгендей осы
күйде түрі алғашқы.
-        Ассалаумағалайқум!..
Үндемейсіз.
Қалайша сәлем
алмақ жөн демейсіз.
Қарт ата, неге
бізге қатал карап,
Ашылып бір тіл
қатпай жол бөгейсіз?!
Қайтер ең
аяулыңды алса дырау?..
Кінәм ба кәрі
'басын шалса қырау?..
Тағы да түк
демейді, түк демейді,
Аларып тек қарайды
шал саңырау.
Жоқ! Мұның
бекітпепті тәңір аузын,
Құлақта қалмаса
да саңылау дым...
-        Қайтпаймыз! Хан салығын ала қаштық!
Айғайлап бар
айтқаны саңыраудың.
Саңырау кете
берді; қалды бұлар,
Жабырқау енді
кездің алды мұнар.
Екі жас Жиделіге
бет түзеді,
Тәдбірлі
маңдайында хандығы бар.
Қиялдан Құрман
нені ізденеді?
Шаттығын неге
ғана үзген еді?
Білсеші
қатарында қарай-қарай
Қара көз жаңа
сүйген 'қыз келеді!
Ұзатты бұлар
елдің көшін нендей,
Құрманға енді жұмбақ
шешілгендей,
Ойласа қаңғып
үнсіз ет жүрегі
Қатыбас шал
кінәсін кешіргендей:
- Кім білген,
мекен етіп зынданды да,
Бейшара бір
жылдары жынданды ма?..
Әлде ол өз
бетінен әсте қайтпай,
Қасарып өскеніне
жүлде алды ма?
Жоқ, әлде ұқтыра
алмай ешбіреуге
Тас берік
жабылды ма ескі кеуде?-
Құлағын өз
қолынан бекітті ме
Жердегі көп бұйрықты
естімеуге?..
Жұтты ол бәлкім
ащы тіл уын да...
Болжауым оны
мазақ қылуым ба?..
Білем мен: адам
оны ашындырған,
Көзінің тартып
алған жылуын да.
Мүнша көп ұқтырады
дала бүгін
Адамның жан
түкпірі алалығын.
Өзгенің несі
барын түсінбейтін
Өттің-ау, қайран
аппақ балалығым!..
«Балалық,
балалық!» деп дауыстады,
Әлгі бір ойды
Құрман тауысқалы.
Қылықты қыз
алдында енді ғана
Ол өзін бір
тәкаппар тау ұстады.
Су да жоқ
суыттықта, қанша сайда,
Қысаңда қыздың
шөлі қанса пайда:
Еңкейіп екіндіде
ат үстінен
Қарақат жұлып
берді Қалқатайға.
Жол ұзақ
жортуылда ат сабылтты,
Оранып күн де
батты ақша бұлтты.
Ай еркін көк
жүзінде көлеңкесіз,
Қайтсін ол
хандығыңды, патшалықты?!
Онда жоқ ыза-кек
те, бұрқасын да,
Ол ерке жұлдыздардың
ортасында.
Босқындар жерде
ғана жатыр түнеп,
Жылт еткен
оттарынан қорқасың да.
Құм жапан.    „
Мұнда қандай үй
тұр еді?..
Жел жақта сасық
құйқа үйтіледі.
Моладан күрең
көзді мысық қашып,
Елсізде бала
жылап, ит үреді.
Оларың шайтан
болсын - кім елепті?
Ғашықтар алты
малта үнем етті;
Жамылып екеуара
жалғыз шапан,
Аулақта ақ
ұйыққа түнеп өтті.
...Енді жоқ
мөлдір көзді түн сұғанақ,
Боз торғай -
бұтадағы тыңшы қонақ
Әлгіде көтерілді
әшкереге;
Шағылдан
шашырайды күн сығалап.
Ашынған албырт
демін алты күн ап,
Арғымақ
кешегіден артығырақ;
Ойнайды күннің
қызыл сәулесімен
Жалқын жал екі
бірдей, жалқын құлақ.
Көркем-ау таң
пердесін сызып ашса!
Көрсең-ау Құрманымды
қызы ;қаста.
Ауылға апам
менің түседі енді
Бір қабат
Жиделіде қызыл асса.
Уа, өлең! Тегің
өткір жайдан десем,
Еркім бар қайда
қонып, қайдан көшем -
Мен жетем құйғып
барып сүйіншіге,
Мен алам не
берсе де қайран шешем.
Тасталар дәлір,
жамбы, тана, тойға,
Кимешек
кигізер-ау тағы апайға.
Үстімнен күміс
жауса құр қалам ба,-
Айғайлап мен де
кірем талапайға.
Жоқ, тоқта!
Неқылады-ай мына жүрек?!
Бұл кейде бұлқып
солай бұра жүред...
Ып-ыстық көрінбей
ме сүйеріңе
Қызығың қызың
болып бір-ақ рет?
Болмаса ол
қызығың егер сенің,
Бөтеннен бастала
ма бақ, өркенің?!
Сәнің ғой сәл қызарып
босағаңа
Әуелгі сүйенгені
ақ еркенің!
Деп едім соған
жырды құл етермін,
Кетем-ау тойын
тастап Құрекемнің?!
Қайтейін, өзгеше
бір өлеңі бар
Тағдырға тақау
келіп тұр екенмін.
              Тұтқиыл
Алыста мұнартады
шағыл ағы,
Жасанда Дөңбай
қажы шаңырағы.
Итарқа, қалмақ
үйлі қоңсылары
Ауылдың тұяқ
кесті шаңы жағы.
Өзінше осы Дөңбай
жан асылы,
Азғырда
аш-арықтың жанашыры.
Бұлк етпес қалың
беті қала берсін...
Бүгін бар бұл
ауылдың жаңа сыры.
Апыр-ау,
жігіттері ентігеді,
Кімге сор, кімге
сәтті жөн тіледі?..
Ауыздан шықса
бір сөз қағып алып
Қатындар үйден
уйге жөңкіледі.
Бармайды жалақ
сары бала малға,
Жетілген сынық-сылтау
бар амалға.
Өтірік қара
кемпір күлгенсиді
Көз жасын ұрлап
тығып орамалға.
Айтты ма әлсізге
бір әлді кесім?..
Оқылмай неге
қалды әлгі бесін?..
Дөңбайдың дөкір
қара дойыршысы
Айтып тұр әне,
тыңда, әңгімесін.
Бүйірін таянады
ентігіп кеп,
Ол солай өмір
кешкен есіріп тек,
Мазағын мақтан қыла
сөйлегенде
Қамшыны көтереді
екі бүктеп.
- Мен,- дейді,-
тосқауылда кешті күткем;
Сабазға таңда
тидім бес жігітпен.
Бұлдірдім
дүниені... өкінбеймін,-
Ер болып ондай
сірә естіліп пе ем?!
Адамды аяп,
сірә, ақы алғам ба?..
Боялып болған
қоныш, тақам қанға.
Ағып кеп
жолымүйін жығып өттім,
Ауылға ақ сұр
келіп тақалғанда.
Бұл шағыл
жаңғырықты, ол шағыл да...
Қазанын төртке
бөлдім ошағында.
Шешесі бақанымен
жолатпады,
Ойпыр-ай, кім
болды екен дер шағында?!
Адамды ақырғаны
тоңдырады.
Бір өзі бір
жігіттей он-дүр әлі.
Арбасып ала
алмадым бауырынан,
Сыры бар
сындырмалы домбыраны.
Қайтсе де
таныттық-ау бай қажыны,
Төгілді
төсегінің сайға жүні.
Алдынан інісінің
шыға ма деп
Байладық
домалатып Байғазыны:
Алыстан Құрманғазы
оны ұқпас па?..
Айғайы анасының:
- Орып таста!
Бес бері бұлаң
етіп жөней бердік,
Шараң не
мылтығынан қорықпасқа?!
Қалмаған
серіктерім бірі қаста;
Баяғы өзім жаным
сірі қасқа -
Кесірлі келін
бетін көрейін деп
Сұғына
жасырындым сұлыбасқа.
Кейінде келер
десем жығын арба,
Қып-қызыл қыз
жасауы - жүгі нарда,
Бір өзін
әкеліпті жетім тағдыр
Жер құшып
етбетінен жығыларға.
Арудың, шықса
керек әбден есі,
Талықсып жерде
жатты ақ денесі.
Сабырмен салқын
барып аяулының
Бетінен көк
желетін алды енесі.
Қара көз сонда
көрді көктен күнді,
Жел оған шашу
етті от пен күлді.
Жығылып жатқан
үйін құшты-ай келіп
Жылқыдан алған
батыр Көктеңбілді,
Айтпақшы,
Көктеңбілге барғызбады,
Сол ғана қаным
-қайнап, жан қызғаны
Көзім жеп қала
берді көп жылқыдан
Қажекем қалап
мінген жалғыз малы.
...Дөңбайдың
айтпақ еді мақтаншағы
Сөз құрап не
ғаламат жоқтан тағы,
Желігіп
желкесінде, маңдайында
Әлі де ойнар еді
көк қалпағы.
Тұс-тұстан түгел
кетті ұйтқып шаңы
Қабаған өңшең
ала «үй құтпаны».
Бұлдірді
аулақтағы жылқышының
Ауылға «Аттан!»
салып құйғытқаны.
Қым-қуыт бола
қалды әлгі жиын
Қарақтап
аруақтың жалғыз үйін.
Кім білген
оңашадан осы ауылға
He сұмдық
әкеледі жанды құйын.
Сүйенген асасына
Дөңбай еңкек
Шамдана шығып
айтты:
- О қай тентек?!
Жалтырақ
жамылғаны қара ләмбөк,
Басында
селігілдейді ноғай телпек.
Тұрғандай артып
ауыр тасты иығы,
Бардай-ақ
дәулетінен бас күйігі;
Қармаса кәрі
қолы омырауын
Төсінде
қалтырайды таспиығы.
Жақтырмай қара
халық 'құжынаса
Би қажы бір
қарады көзін аша,
Тыныштық
дабырадан талап қылып
Ақырын көтерілді
ұзын аса.
Төңірек тұра
қалды тынып іштен;
Қарт қабақ
салбырады сынып іскен.
Ақшұнақ
беті-көзін бір сипады
Тақуа медет
тілеп «ұлы күштен».
Күбірлеп
көмейінен ол «әумин»,
Көзінің қиығымен
шолады үйін.
Көсілген
төбеттермен бірге келді
Жаңағы алыстағы
ала құйын.
Ақ сордақ
сүртілмеген жақтан лай,
Қаны бар
шекесінен аққан жылай;
Жылқышы сауға
сұрап «'бабасының»
Алдына домалады
аттан құлай.
Мәсіге жақты
көздің жасын барып,
Илан сен: анық
осы асыл ғарып:
Жүрегін рақатқа
келді бөлеп,
Сол үшін өз
'қолымен басын жарып.
Мың артық
сатылғаннан байға зұлым
Имандай
сақтағаны бойға зілін.
Үйірін
қысырақтың осы бала
Алдына салып
берді Байғазының.
Байғазы берік
түйіп кекті ғана
Кедейлі Бозан
құлап кетті мана.
Құрман тек үнсіз
үйде; кім біледі,
Құпия дьбыс досы
кеп тұра ма?!
Мия мен құм
үстіне созып әліп,
Жанынан отыр
күйші төзім алып.
Кеңеспей кесірі
мол бір іс қылған
Өкінді Байғазыға
өзі қалып.
Әлгіде көріп
келді бала мұны,
Күйшінің
жүрегінде дала мұңы.
Әзірше өз
қолында берері жоқ,
Өмірден көп
секілді «аламыны».
Кеңесін тыңдап
келді бала түгел;
Айтқаны: «қалың
көзді қаратып ол!»
Міне енді жатыр
жылап; таңбайды да,
Жарасын бір
баланың қанатып ел.
Тиген деп кім
соққысы жұмыр басқа,
Ел түгел
естігенше құмар босқа -
Анты бар
даладағы өз қылығын
Ауыздан өле
кетсе шығармасқа.
Бар айтары:
- Тақсыр ата!
Кешір, ата
Бір іс болды
масқара:
Жете бердім,  ,
Бөтен елдің
Жігіттері
сұлатты.
Қуып кетті
қысырақты
Боратып ап,
Қарабайлы
тарапына.
Тақсыр атам!
Менің атам!
Жер қойнына
тастама!
...Қия көрме
Жон терімді
таспаға!..
Бос әуре өзге
жанды өзімсінбек,
Мұндайда ұлың
яки қызың сөнбек.
Әміршің тұр
алдыңда; соның көзі
Секілді не
заманғы қызыл шөлмек.
Ол еді-ау жас
шағында нөгердегі
Атанған
«Бөкейліктің жүгермегі»
Жазаға
төземісің, өлемісің -
Бәрібір оған
басың не көрмегі...
Өзі де қолдан
түсіп ескі таяқ,
Жатады ертең
түкті естімей-ақ
Білмейді
мүсіркеуді тірлігінде,
Көрген жақ бұл
жалынып, ешкім аяп.
Қалшылдап үкім
айтты жас жандыға,
Қезіне керген
жанның жасты алдыра.
Бұтаға бұқты
тегіс балалар да
Жазадан сәби
жүзін жасқандыра.
Ышқына қатын
жылау... шал күбірі;
Әркім-ақ, ез
жағасын алды бүріп.
Түтеген түк
көргісіз әлгі жерде,
Масқара, екі
аяқты аң дүбірі!..
Дейміз бе осыны
да жалғыз өлген?..
Осы ма тәңір оғы
дәл жіберген?..
Ауаға сатыр-сұтыр
ойнап шығып
Ақ сойыл шаң
көтерді әлгі жерден.
Саны көп шалдың
күмән, шүбәсінің
Ойласа оқиғаның,
сірә, сырын.
Баршаға әмір
келді атқа қонбақ
Тоздырмай кеткен
ізін шығасының.