ВЕРНУТЬСЯ

       Анам тарих!                                                                      
Адам кешкен жолыңды ұқ
Неше ұрпақ календарьдан жұлындық?..
Бүкіл
жерді бүріп ұстап шеңгелі,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық?!..
Өлім мешкей, өмір аштан бұрлықты,
Дүние сонда өрекпіді, дүрлікті.
Қанша дауыл теңіздерді сапырып,
Қанша дауыл солқылдатты күрлықты.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген
Әлем демін әрең алды шеңберден...
Жұтап біткен жұмыр жерді Аврора
Ажыратты қанды қара шеңгелден.
Аврора - алғашқы сол азат таң!..
Таң емес ол жай жадырап өзі атқан,-
Шапағы бар біздің жарты ғасырдың                             
Жарып шыққан қарғыс, таңба, дозақтан!
Неше мың жыл төкен намыс, төленді ар
Жарты ғасыр жасады ұлы календарь!
Одан оқып, бұрынғының
бұғауын
Үлкен қолмен үзіп жатқан әлем бар!
... Жер жетілді еңбек шалқып, таң күліп,
Бұл Отанда бір ғана сол заңдылық.
Тірілер мен құрбандығы
тіркеулі
Октябрьдің календары мәңгілік!                       
1966