ВЕРНУТЬСЯ

       Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған
Адай-түбек- ата-қоныс, Атырау!
Асылыңды түгел тізіп айта алман.
Дастан көп қой Мұрын,
Жібек, Қашаған,
Сәттіғүлдар неше ғасыр жасаған.
Жалғыз мен-ақ әлі саған қарыздар,
«Өз түбегім - өзім туған босағам!»
Жетібай мен Өзен, Ақтау жүрегін
Толғатқалы жүкті
болып жүр едім.
Көп ырыстың көзі,
мөлдір бұлағы,
Көкірегімде қайнап жатқан жыр едің!
Саламатым маған соны бастатты,
Өзге сөздің бәрін жауып тастатты.
Жаны-жалын жас ғалымның үйінде
Ән-күйлетіп бүгін ішкен ас тәтті.
Ағадан бұл сәби қалған перзентті
Әзіз жеңгем әлдиледі, тербетті.
Ұлы заман аясында мұңсыз ұл
Туған жермен сырласты да, ер жетті.                               
Жас геолог бір ғылымға сиынды,
Тау ішінде талай кешті қиынды,
Келіннен де бұрын құшты жас ұлан
Сол далада ұйтқып жүрген құйынды.                          
Көргөн жоқ бұл өр көңілін орталап,
Дәл осылай өсер болар әр талап!..
Інім жүрді аңызақ пен аязда
Мезозойдың топьфағын арқалап.
Туған таудың тасын жинап қойынға,
Көз жіберіп көне қаңқа, шойынға,
Атам қазақ айтатұғын жеті хат
Жер астынан бақыт табу ойын ба?!
Жұмысында бар да шығар әлі мін,
Өмір өзі жетілдірер ғалымын.
Жан толысар ала берсе ақыры
Жер-ананың балқып жатқан жалынын.
1963