ВЕРНУТЬСЯ

        1. Интервью сағаты
Жауға (ат-жөні
тізілген)
Өлім жазасы
оқылды.
Өмірдің (көп
тіні үзілген)
Өрмегі қайта
тоқылды:
Окопты жапырақ
жапса да,
Түрендер түгел
жыртты оны.
Қала жер болып
жатса да,
Тірілтті қайта жұрт
соны.
Тастамай заңын
тасаға,
Жарқын жаз келді
баянды,
Талайлар туған
босаға
Ұйқыдан боздап
оянды.
Ерлікпен өлген ұл-қыздар
Енді тұғырға
бекінді;
«Сөнді-ау, деп,
сондай жұлдыздар!»-
Тірілер ғана
өкінді.
Тірілер ғана
жыртығын
Жақсы докторға
жаматты;
Жесір, дертіне
жер тығын,-
Жалғыздар төсек
жаңартты.
Жо-жоқ, бәрі
емес!.. Біздегі
Адалдық атты құс
аппақ.
Нелер жас жесір
бірді-екі
Жетімді қалды құшақтап.
Таланттар (тәнін
жер алған)
Жатса да дөңде
шық үнсіз,
От пен су кешіп
оралған
Ән-күйлер -
әскер шығынсыз...
 Ән-күйлер кан мен көз жастан
Әлде бір қанша үн алған,
Бірде біреуі
тозбастан
От пен су кешіп
сыналған.
Өнер ғой досы
шын елдің
Қашанғы жаны пәк
оның.
Ән-күйлер енді
шинельдің
Сандыққа салды
погонын...
Ән-күйлер енді
әр үйде
Тойларда, сахна,
бақтарда;
Жүргені де бар,
әрине,
Жұмыспен бөтен
жақтарда.
Күн мен жел,
боран, бұршақ та
Бұза алмас
берік, зор ұя -
Алматыдағы бұ
шақта
Асқақ консерватория!
Бұза алмас
дауыл, бұршақ та
Алматыдағы кең ұя
-
Муза мехрабы бұ
шақта -
Армандай Академия.
Көрген жоқ
гүлдеп сан бағың
Жемістен мұнша
жүк алып:
Екеуінің де
салмағын
Егіз көтерді Жұбанов.
Композитор да,
ғұлама,
Атақты халық
артисі;
Оған жеңілдік
қыла ма
Ауыр міндеттің
әр тұсы.
Жаңа бір дабыл
қағылды-ақ,
Жан-тәні неге
тыншысын,-
Ол отыр міне
қабылдап
Неше газеттің
тілшісін.
Т і л ш і:
Өнер тынысы -
ендігі үн
Артынбақ қалай
ел жүгін?
Ж ұ б а н о в:
Өнер деген
күресте, ұрыста да
Жүректіге
жүктелген борыш қана.
Өнер - шағым, өтініш,
арыз да емес,
Қоя алмайсың
үстінен бұрыштама.
Өнер жолы
асфальтты қаламайды,
Қиынға ол
қиналып қарамайды;
Арба да емес
жүрмейтін күпшегіне
Баттастырып
жақпасаң қара майды...
Жататұғын
жаланың үстеп үстін
Сиясы емес
қиянат істегіштің.
Қант емес ол
тәп-тәтті бүгінгілер
Қаймақ-шаймен
дейтұғын, тістеп ішсін...
Айтпақ парыз
уақыт сұрағасын:
Арзан бізде бояу
мен сыр бағасы...
Өнер деген
кәдімгі нан-тұзыңдай
Ащы-тұщы
тірліктің сыбағасы.
Ол - һәм қиял
бұйрығын орындаушы,
Табынбайды тағдырға
оның даусы.
Оған түк те
қылмайды шалғыныңды
Ору үшін
жаралған «өлім-*баушы».
Өнер жұрттын.
өзіндей бағалысы,
Қанаттыға
қақтырмай бағар ісі...
Құдіретті
өнердің құлы ғана
Ендігі ойдың
биік, жоғарысы!
Азбайды енді
шынар мен емен шөлден.
Азықтанбақ немен
қыс, немен шілдең?
Өнерімен!..
Жүрекке жүгірген қан
Бүгін соны
сұрайды лениншілден!
...Осы сөзден
Жұбанов әрі аспады:
Көп сұрақпен
көңілі жараспады.
Қиял ұшқыр!..
Оның да қанаты бар,
Оның да бар
өзінше жер, аспаны.
Ахмет үнсіз.
Кезекпен сыр ағыла,
Жұрт жауап күтіп
жатты сұрағына.
Ал, ақын
бұзып-жарып осы арада
Бір шама
қызынбаса, сірә күнә...
...Ей, тілшілер,
өтінемін: Біз ғана
Білейік те
біліктіні қызғана,-
Бұл адамды
күнделікті сұрақпен
Тұмшасын деп
тумаған ғой ізгі ана.
Кешпек әлі неше
кедір-бұдырды.
Сол себепті
жауаптан тез кідірді;
Жылы жүзбен
жымиса да біздерге,
Оның ойы басқа
жақта қыдырды.
Бір кезде ол бір
тыныштық білместен
Өткен-кеткен
бабалармен тілдескен;
He заманғы көне
тарих түбінде
Неше түрлі
сарыны бар түн кешкен.
Яки сол бір
қап-қараңғы үңгірден
Құлағына үлкен
күйлер үн берген;
Сол үңгірді
шарлағанда шам ұстап,
Сан силуэт
'беріп үлгерген.
Сол дыбыстар кек
пе, күйік-жанық па -
Барлығын бұл
алып шыққан жарыққа.
Ал, бүгін-ше?..
Бүгінгімен бойдағы
Ыстық қаны бірге
аттанған жорыққа.
Бүгінгі ауа -
онын. да өз тынысы,
Өз бейнеті, өз
жанының тынышы.
Оны айтқызып
бекер уақыт ұтпаңдар,
Онсыз жоқ, қой
күні яки түн іші.
Үңгірі емес
ызаның,
«Жаңбыры» емес
қазаның,
Дерті де емес
музаның,
Ауыры емес
жазаның,-
Қымбат оған
тыныштық
Асқақ үні тым
ыстық:
Үн серпіні
өзгерек
Терең толғау тез
керек.
Оның ойы енді
шырқап басқаша,
Дейді:- Мейлің
мүсін жаса, тас қаша,
Күйлер шығар
-бәрі бір ол бағасыз,
Ойшылық ұрпақ
сені алдыңнан тоспаса...
Тартыс жанға
тимесе де тым жайлы,
Ертенгі үшін
қиналудан тынбайды:
Бүгінгінің асан-бәсең
дыбысын
Туылмаған
шөберең боп тыңдайды.
Сенен тапса сұлу
өнер серісін,
Шөберең боп пір
тұтады сені шын,
Таба алмаса,
күні бұрын (көзіңше)
Шөберең боп
қызарады сен үшін.
Ал, шөберең
бәлкім нанда, жемісте,
, Нан, жемісті
қарыз демей жеп-ішпе:
Көркем үннен көп
сыйлықтар даярлас
Бізден соңғы
көздер көрер жеңіске.
Ахмет ойы
қыдырып жүр со жақта.
Ендеше, ол
-бүгін жалғыз өзі-ақ па?..
Ол - көп буын...
Үлкен сұрақ жөн енді,
Көкірегі көп
буынды қазаққа.
...Әлде не бір
уақыттан соң ол тұрды.
Бал қымызға бір
фужерді толтырды.
Жұрттан түскен
қағаздарды жинап ап:
-        Міне,- деді ол,- көп сұрақтан том тұрды.
-        Бірақ,- деді ол,- бұл сұрақтар
шындықтан
Әлде қашан жауап
алған... Сондықтан...
...Бір сұрақты
жеке тықты жилетке.
Ол не сұрақ?
Біреуміз жоқ соны ұққан...
Ауызша соңғы
сұрақ:
Кешірім бұл
сұрақты сұрағанға:
Ептеп кеше бір
газет сынаған ба?
Жұб а нов:
Сізше қалай?..
Зейнеттен табылатын
Бар болғаны
бал-шырын сыбағам ба?..
Жөндерің бар
маған сын тағатұғын:
Тікеннен де қарақат
қағатұғын.
Мен қалақай
емеспін, жазатайым
Тиіп кетсең,
күйдіріп шағатұғын.
...Әрі-сәрі
әзілдің бүкпесі бай
Интервью
күлкімен бітті осылай.
     2. Домбыраға  қол  соқты
Арғы жағына ақ бұлттың
Жарқырап шыққан
«ТУ» лайнер,
Аңыз бен көне
дақпырттың
Күн жағын ала
зулай бер!
Тасқыннан күшті
талапқа
Басқадан бетер
бас куә!
Алматың әлгі
тарапта,
Маңдайың алды -
Москва.
Біреулер жайлы
салонда
Шалқая түсіп
қалғиды.
Пульканы соққан
сол, оңда
Қарташыларда хал
күйлі.
Жұбанов жалғыз
тынымсыз
Иллюминатордан
қарайды.
Қалдырып өтті
тіл-үнсіз
Іле мен Балқаш, Қараойды,
Оларды қойшы, ой
терең...
Тереңде қанша
үйірім?!-
Өзің шарласаң
қайтер ең
Талай заманның
шиырын?!
Жан-жақтан
келген ғалымдар
Зерттемек күйдің
аспабын.
Жанатын отта
жалын бар,-
Алаудан ыстық
асқақ үн!..
Антрополог,
этнограф
Білімсіздікті
дерт дейді;
Аспаптың сүйек,
етіне кіріп,
,3epгep өнерді
зерттейді.
Домбыра! Күйші
тарихтың
Күмбірлеп тұрған
көзі едің.
Сан жұрттар салуа
танитын
Сарапқа түспек
кезегің.
Долана басты
домбыра!
Қашанғы жырдың
серігі ең.
Ұғымтал миға
қондыра
Баяндау қажет
сені кең.
Арқалап едің
халықтың
Қашанғы зарын,
шаттығын,
Халықтан нелер
хал ұқтың -
Сөйлемек соны
шарт бүгін.
Осынау бір ой
мазасыз
Бұлттар үстімен
көшкен-ді.
... Жыр толғау
етіп жазасыз
Келесі күнгі
кешті енді.
* * *
Москва.
МГУ залында,
Аспанға шатыр
көтерген.
Осында мұң мен
зарың да,
Өкінішің де
өтелген.
Конгресс бүгін
осында...
Прожектор жаппай
жағылсын...
Осында негр,
орысың да,
Араб пен испан,
ағылшын.
Жұпар гүл исін
жұтты әр кім...
Оттың көп қызыл,
жасылы;-
Осында бүкіл
жұрттардың
Ақ, қара, сары
нәсілі.
Ертеден бері -
сөз дәйім...
Бандура, дутар,
қобыздар
Баяндап жатты өз
жайын;
Жұрттарда көне
көп із бар...
Бір сәтте
ағы меңдеген
Самайын сипап
байсалды,
Жұбанов жұртқа
мінбеден
Ойлана тұрып ой
салды.
Жан-жақтан
фотообъектив
Жарқылдап жатты
кешқұрым;
Оларда жоқ қой
сабыр етпек...
Залдағы жұртта -
еш бір үн...
- Даласы дарқан
жұртым...- дегі,
Бастады менің
мақтаным;
Бал қымыздай
біртіндеп
Балқытты жұртты
мақпал үн.
* * *
Домбыра!
Сені қораш
көргендердің,
Күпсіген
көкірегі құр кең (дердік)
Күллісін жинап
алып тығар ма еді
Астына атам
барып кірген жердің!..
Жақ жаппай
қақсар еді жан шығарда,
Үстінен ескі
лахат жаншығанда;-
Шыңғырып айтар
еді домбыраның
Шындығын
қадірлегіш жансып онда.
Сотқарлар көзі
алақтап, тіл салақтап,
Түнекте күй
аспабын тұрса мақтап,
Бабаның сонда жатқан
қу басы да
Лажсыз күлер еді
ырсалақтап...
Ұлы күй, ұлы
терме, үлы әніңді
Таратқан
тамырына ұланыңды
Қай заман танып білген
домбырасыз,
Білсең айт
домбырасыз ұраныңды.
Сөйлеттің
домбыраға көшіп жүріп
Ақыры қонысыңа
қонарыңды.
Ленинді
домбыраға мадақтаттың
Қандырып қашанғы
бір құмарынды.
- Қольща Ленин
туын нық ұста да,
Бара бер
арпалысқа, жығысқа да!-
Деп еді бұл
домбыра комсомолға
Баяғы алыс Қиыр
Шығыста да.
Күйшіні бұғаулатып
қара саннан,
Бір кезде аспаны
да аласарған
Үркітке,
Сахалинге жақсы күнде
Жасарып, домбыра
да қала салған.
...Жиналып отыр
міне зиялылар
Ғарыштай түпсіз
терең қиялы бар.
Мінбеден Ахаң
түсіп аңыратқан
Құлақта «Ақсақ
құлан»- күйі әлі бар.
Жұрттардың
алыс-жақын өкілдері -
Замана залға
толы секілді еді:
Бірлесіп
домбыраға қол соққанда
Талайы ақ бас
шалдың селкілдеді.
Даналар,
айналайын алтын баған!
Сыйлады қасиетті
салтын маған:
Осылай отырып ап
домбыраны
Бір кезде
Пушкин, Тарас, Даль тыңдаған.
Жемқорлар бай,
болыс пен ишан атты
Өмірде күй
санамай, үй санапты...
Ал, біздің
Александр Затай-Әбіш
Күркеден күткен
ыстық ишаратты.-
Қысылма
қымыз-саумал бере алмасаң,
Шайқа да,
тостағанға құй шалапты.-
Дейтұғын зәкүні
бар Затай-Әбіш
Мың сауып,
сарқа, алмаған күй шанақты.
Үстінен талай
шыққан ірі көштің,
Торғыншы,
тонаушы мен ұры қостың,
Атақты
Затай-Әбіш аруағы
Бұл залда ісін
қылды ұлы достың.
Осы зал оның
«Бес жүз», «Мыңын» көрді.
(Көрген жоқ он
мың атан, мың інгенді).
Ағылшын, испан,
неміс, араб, эстон
Түсінді түгел
шаттық, мұңымды енді.
Александр
Затаевич ел аузында осылай да аталған.
He деген ел
намысы еңселі еді;-
Қозғалса жер мен
көкті еңсереді!..
«Қызғалдақ қыз
басымен композитор,
Шығыстың
Шолпанымен сол тең еді:
Мәскеудің
аспиранты Ғазиза да
Осы зал
ортасында теңселеді;
Осындай
көктеміңді көпсінгенше,
' Қу құдай,
баяғыда-ақ берсең еді!..
Жалынды жас
жүректің бар сенімі:
-        Күй сөнсе, күн көзімен бір сөнеді?..
Ендеше, бүгінгі
сыр, бұрынғы аңыз -
Домбыра.
Домбыраға ұрынбаңыз!..
Ол әсте
жақтырмайды даңғыраны;
Ол әсте
нан-тұзыңнан дәм құрады.
Ат мінгіз
қонағыңа, шапаның жап,
Ал бірақ, сыйға
тартпа домбыраны:
Домбыра бөтен
үйде тұншығады:
Өлгені домбыраның,
- тыншығаны.
Екі шек
сайрағанда сағат сайын
Тірліктен
қайталанбас тіл шығады.
Дүниеде үн
өшпейді тірлік тұрып,
Тізеңді қояды
сол бір бүктіріп!..
...Жұбанов
лекциясын аяқтады
Осынша дүниені дүрліктіріп.
   3. Керуен көшкен, ит үрген...
-        Алматыда аспанмен астасыппын.
Қашан сірә
көшеге босқа шықтым?!
Бағып жүріп
білмеппін, тоқал тамның,
Қой тастардың
бәрімен қоштасыппын.
Тал мен терек
талайғы қара ағаштар
Жапырағын
жамылып қос ғашықтың,
Әзіл айтты
әлгіде:
-        Ей, Ахмет,
Бар болғаны бір
алпыс жасқа шықтың.
Кешіп жүріп не сұлу
қыз қаласын,
Әншейін-ақ
егдесіп қозғаласың;
Айтпасаң да
білеміз, іштей бізді,
Баяғыша басқадан
қызғанасың?
Тал мен терек,
талайғы қара ағаштар -
Екі ғасыр
жасаған кәрі ағаштар -
Осылайша
сыбырлап тағы-тағы
Жан-жағымнан
әлгіде қағытады.
Қалай ғана
қарттыққа жүгінейік;-
Науатқа айттым:
-        Біз де бір жүгірейік!
Ал, достар!
Албырт-тентек шампандарды
Жастықтың
арқалатқан жүгі дейік!..
* * *
Жаңғырықты күлкі
залда.
Қызына бер
қылқып ал да!..
(Бұл бір шаңқай
шақ еді ғой!
Найзағай мен
күркіл алда).
Алматы. Жаңа
ресторан.
Бесінші банкет
залында.
Үш күннен бері
дос-жаран
Өнерші, малшы,
ғалым да.
Жұбановтың
жұртқа жайған
Дастарқаны
дарқан бүгін.
Арқадағы жүк те
азайған...
Азамат-ау,
арқанды ұғын;
Адамбысың арқан
сенің
Жайшылықта
жаншылмаса,-
Іске кетіп бар
қан-сөлің,
Шоқтық шығып,
жал сынбаса?
Шыдам яки
тағатың да
Шылым құрлы
шегілмесе?..
Салтанатты
сағатында
Дос-жараның
егілмесе?..
Осы кештен үш
күн бұрын
Операның
сарайында
Жұрт ақтарған іштің
сырын,
Тізіп бәрін
санайын ба?..
Санап қайтем
тізімдерін
Мезгіл туған
мекеменің.
-        Мені сүй!-деп тізілді ерін,-
Сүйді Ахмет
мекен, елін!..
Жұбановты
баяндаған
Мәшһүр ұлы
Мүсірептің.
Бар шындығы
аян-ды оған
Алтын діңгек,
мыс тіректің...
-        Ахаң,- деді ол,- алтын діңгек
Айдын көлде
жарқыраған;
Көп сатыға
артылдым деп,
Айтпаған бұл
жарқын ағаң.
Арзан баққа
колқа салып,
Күндері жоқ
сайрандаған;
Қолдан әсте
қолпашталып,
Дәрежеге
сайланбаған.
Табиғаттың сыйын
құптап,
Жүгін артқан
жүрегіне.
...Тасқын су да
қиындықта
Қиыр кешкен жүре
біле...
Тасқын кешпек құмайтты
да,
Ірі тасты, ұсақ
тасты!
...Мәшһур Ғабит
мұны айтты да,
Жұбановпен құшақтасты.
Терең залды
тербетті де,
Екі перзент -
егіз тағдыр;
Кірпіктерді
терлетті де,
Кеудем тарих
кешті тағы бір.
Терең залда тұрған
ұйып
Мені де сөз
дедектетті,-
Осы Хамит
Ерғалиев
Сол жиында не
деп кетті:
- Жыр - деді ол
- өзін істе той қамдарын
Қайда әлгі ұзақ
сақтап қойғандарың?..
Күз емес, көктем
келіп мадақтап тұр
Өнердің
өлкемдегі пайғамбарын.
Сезім шырқап,
іркілсін ақыл ептеп,-
Көктем бүгін құсын
да ақын етпек.
Алатаудын
самалы, бұлағы да
Сыбырлап тұр құлақка
Ахмет деп.
Мезгіл! Саған
мен айтам:
- Рахмет!- деп.
Жақсылыққа
жаршылық ақын етпек.
Талғар жақта
азаннан ат қойдым мен
Бүгін туған бір
ұлға Ахмет деп,
Ол перзент те
өнердін тұнық ойшыл
Пірі болсын!
Ұйқысыз түні болсын!..
Ол перзент те
Ахаңның ақ құсындай
Шырқап шығар
шығыстың үні болсын!
...Бұл сөзді
тойға сол түні
Торалғы санап
тоқтағам.
...Тотайлар
қанша шолпылы
Алтыннан түйме тақты
оған!..
Арада үш-ақ күн
озды;
Банкетте енді ел
шешен;-
Енді жөн түрлі
мінезді
Безбенге тартып
өлшесең...
Біреулер бар-ау
«тез көргіш»,-
Мінезді қолдан
жасағыш;-
Ауамен бірге
өзгергіш
Айласын бұзып-жарса
күш...
Басқалар басқа...
Анау-ше?..
Ахаңды мақтайды
ұялмай...
Сол еді-ау кеше
«тонаушы»...
Сұңқылдап кетті,
ой-аллай!..
«Дос едік,
дейді, бастан-ақ
Бір кешкен қиын
күндерді»
...Сендіріп жұртты
тастамақ...
Сол сұмға сөзді
кім берді?..
* *
Достар деймін!..
Кешегіден ендігің
Жарқынырақ!..
Еңселірек ел бүгіп!
Күйіп кетсін
күйкі-жеке тіршілік,
Ардақтайық
мезгіл артқан ер жүгін!..
Келер мезгіл -
ортамызда бір бесік,
Тербетейік!..
Тербетейік бірлесіп!..
Өзгеде жоқ
езімізде бар бақыт,
Өтейік те
рақатын бір кешіп!..
Бұл күндерде
тәттіге сын, тұзға сын...
Соны ұғуға
өзгелерден біз басым.
Сол себепті, сенің
қара бояуың
Менің қызыл
бояуымды бұзбасын!
Құрып кетсін
күйкі мезгіл күйесі!..
Төрт құбыла төрі
жаннат үй - осы!..
Алақанға
аялап-ақ отыр ғой
Адамдағы үлкен
жүрек иесі!..
Ей, дос!..
Сенсіз бақыт мені нағылсын?!
Сол үшін де
сорым емес, бағымсың!
Бағы жанған мына
біздің Отанда
Барлық бояу сұлулыққа
бағынсын!
Таразыға тартсын
сені, мені сын,
Әр кісінің әжімі
мен меңі шын...
Бірақ бар-ау,
айналайын ақ досым,
Сенің орнын.
мехраб қой мен үшін!..
4. Қ a р а л ы   к ү й г e  қ a p c ы л ы қ
«Қарты кімнін
жоқ болса,
Жасы болар
диуана!
Бір сынаған
жаманды
Екінші кайтып
сынама
Тіріде
сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын
көзіңе
Өлгенде бекер
жылама!»
*(Махамб ет)
Қасірет-ай,
қаныңды шағып емген!..
Ей, тағдыр-ау,
шошындым тағы неңнен?..
Тақсіретін
ажалдың тартпақ үшін
Неше бұршақ
мойныма тағып ем мен?..
Қайда менің
кейінгі, бұрынғы ағам?..
Күнім қайсы
күйікке бұрылмаған?..
Қаныш, Мұхтар,
Күләштар қазасында
Өрт шашқан-ды
өкіріп бір үн маған.
Сол үн тағы
жанымды шарпығандай.
Аяй білмес
азаның шарты қандай?!-
Жастар өксіп, көз
жасын тимаған соң,
Орамалын отыр
ғой шал тыға алмай...
Менің көңлім
шөккен бір қыр басындай
Қас-қабағым
шойын мен қорғасындай;
Қанқам бейне қарағай
бір жеңілдік
Сұрапылдан сұраған
зорға сынбай.
...Ескі таныс
рояль күмбірлеген.
Оған сәлем берем
деп кім кірмеген?!
Махаббат пен
ерлікті мадақтап ол,
Кектің отын
дауылдай күнде үрлеген!..
Ел жатқанда
рояль құр жатпаған,
Бізге таныс қақпағын
бір жаппаған;
Сертке берік
сексен бес тілі сайрап,
Он орамды
саусақтан сыр жаттаған.
Он саусағы - оқылғыш
әзір дастан
Сан ажалмен
айтысып, ажылдасқан.
Ойнатып-ақ отырып
соңғы жылдар
Сол саусақтың
барлығын әжім басқан.
Уа, бәйтерек
осынша құлағыш па?
Сол саусақтар
соңғы рет клавишка
Батты-дағы
тоқтады - құлап түсті
Көз алдымда
айналып қола, мысқа...
Ал, қаралы үн,
еңіре, тағы тынба!
Жаңғырқтыр ауаны
таңғы тұнба:
Алпыс екі
көктемнің, ақырында...
Тал бесіктің,
перзенті табытында...
Көмеміз деп көп
адам Жұбановты,
Зират жаққа иықтап
жүк алыпты.
Көп адамның
көзінен жылы шырай
Көктем шақтың
сонында жоғалыпты.
Көктем! Қалай
осыдан азық, алдың?..
Айтылмаған
артында жазы қалдың...
Жо-жоқ!.. Көктем
күнәсіз... Сорлы басым
Көктем зарын
көшіріп жазып алдым!..
«Оттығы жоқ құр
кеуек көне шырпым!
Босағада бос қалды-ау
деме сыртым!»
Қайран Ахаң
қалдырған сөз еді бұл,
Білсең соны,
сұп-суық дене шіркін!..
Ахаң талай
азапка төзе тұрған,
Өмір үшін
дабылды өжет ұрған:
Аз күн бұрын
Науаттың лахатына
Ер кеудесін
еңкейтіп өзі отырған.
...Енді бүгін
құр дертті жұтынамыз,
Түк айта алмай
Аханның жұртына біз.
Ордендерін
қоршаған қара мақпал
Секілденіп қалайша
жыртыламыз?!
Қақсама, сен,
қашанғы қаралы күй!..
Сен-ақ ақты
шеш-тағы, қараны ки!.
Достар!.. Қазақстаннын
ауылы мен
Рояльға
қалдырмай қаланы жый!
Тірілердің
тыңдағыш құлағы үшін
Өнер өршіл
қызметін қылады шын;
Ақ сүйріктей он
саусақ әжімі жоқ
Сөйлетті, әне,
рояль клавишын.
Рояльдың жиналып
нақ тұсына,
Біздер айттық:
- Ғазиза, бақты
сына!-
Бізге таныс
рояль бір-ақ күнде
Тұғыр болды
Ахаңнын Ақ құсына!
Айналайын,
шағала..! Шағаласың!..
Мөлдір аспан,
мөлдір су шекарасын
Саған ғана бұйырткан
бұл табиғат,
Сол пейішке сен
ғана шыға аласың!..
Пейіш емес!..
Сұрапыл ауыр сынын
Сұрап алған
қанатын - қауырсының!..
Төңбекшіген
төбеде сен болмасаң,
Барлай алмас
жолаушы дауыл сырын!..
Бсйуақытқа
бетіңнен сыбатпассын.!-
Ажал мейлі ақ құсты
сынап бақсын!..
Қара киім сен үшін
тігілмеген,
Қанат, бауыры
қашанғы сен аппақсың!..
...Бірде, мейлі,
ішерсің «тақсыр» асын,
Бірде, мейлі,
маңдаймен тасты ұрасың,-
Кұрманғазы,
Ахмет арман-мүлкім
Өлгеніңше өмірге
тапсырасың!
Бұйрық осы,
шағала! Дастан бітті.
Бабам өзі
жалғасын жастан күтті...
Ұмытпа тек,
Дүниеде жау бар әлі,
Жабырқамай
қарсыла қастандықты!
  1968-дың жазы - 1969-дың күзі.