ВЕРНУТЬСЯ

   - Жылға, сайда
дүбірлеп,
Жылқы келді
сауынға.
«Ноқтаны әкел,
жүгір!»- деп
Айғай жетті
ауылға.
Базар күндер
ілгері
Барлығын да
тыңдарсың,
Барлығын да
білгелі,
Сен бармасаң,
кім барсын?!
Ахмет бөпем, ақ
бөпем,
Ақ бесікке жат,
бөпем...
Ұйқта, бепем,
әлдиім,
Қасыңда өзім
қалғиын...
Қой жақтағы
сыбызғы
Қоя қойсын деме
сен,
Сабадағы қымызды
Санап пісті жеңешең.
Базар күндер ілгері,
Барлығын да
тыңдарсың,
Барлығын да білгелі
Сен бармасаң кім
барсын?!
Ахмет бөпем, ақ
бөпем,
Ақ (бесікке жат
бөпем...
Ұйқта, бөпем,
әлдиім,
Қасыңда езім
қалғиын.
Ақжар басы
аулыңда
Күндіз барсың,
түн барсың.
Базар күндер
алдында,
Барлығын да
тыңдарсың.
Ұйқтай тұршы,
әлдиім,
Қасыңда өзім
қалғиын...
Білігі бір
тайпыда биді сынар
Қуанның аяулысы
Бибішынар,
Бұлайша ақ
бөпесін әлдилейді,
Көзінде көптен
бергі ұйқысы бар.
Риза Бибішынар
шаңыраққа,
(Жалғанда жақ,
дейді ол,'тәңір аққа) -
Жұбаннан Қуан
енші алған күні
Қалған жоқ
қарттың үйі қаңырап та:
Биібіден бес
нәресте бесік көрген,
Барлығы
бақ-ырыстан несіп терген.
Төрт қыздың
ортасында Құдайберген
Құрметті құптап
еді есік, төрден.
- Жұбан жалғыз,
Жұбаннан Қуан жалғыз.
Екеуге енді, құдай,
куәң болғыз!-
Қуаннан Құдайберген
туған күні
Соны айтып жат
жұрттағы қуанды он ,қыз.
Он қыздың
ойда-қырда зары - тілек!..
(Оларсыз жанды
қашан жарытып ек?!-
Қызартып қыз
шығарар жарығыңды,
Оларсыз дүниенің
бәрі түнек!..)
Білігі бір
тайпыда биді сынар
Қуанның аяулысы
Бибішынар.
Елжіреп еңкейеді
бесігіне,
Ол үшін отқа
салсаң, күйгісі бар...
Уа, әлди!
Көкірегіме еніп ал да,
Енді сен, ақын
десең, мені қолда!-
Ақжардан
аңыраған саз баласын,
Жаныма жалғамасаң,
мен ұғам ба?!
Әлдиін ындатқаны
асыл үннің
Алтыншы жылы еді
осы ғасырымның.
...Үйдегі саз
.баласын .көрейін деп,
Үзііктің
жабығына жасырындым...
Ей, заман, зар
илеген заты баяу -
Көрсеңші, ей,
өгіз мінген жарты жаяу!
Құдайберген
көкештің жеткіншегі
Ахмет ақ,бесікте
жатыр ояу!..
Түбінде осы ұл
сені табалайды,
Тарттың деп тарысы
жоқ сабан айды.
Көрдің бе,
бесігінде күліп жатып,
Құндағын екі
қолмен сабалайды.
Сен осы екі қолды
айғыздап шын,
Өсіріп ап, өзіңе
жайғызбақсың.
Сен халыққа бұлбұлын
бұйыртпаған,
Қақсап қалған
қашанғы байғұз .басың.
Есінде ме, ел
босып қаңғырғасын,
Күйдің шөлін
күйікпен қандырғансың;
Құрманды да
толқыны жұртты жұтқан
Жағадағы
жартаста қалдырғансың...
Енді мынау өкі
қол таңылмаған
Құл деп жатыр
қозғалсам тәңір маған:
Өтпек тәртіп
төсекте түні бойы
Тамсандырған
түсіңді таң ұрлаған...
Қос титімдей осы
қол жел тіледі;-
Жел дүниесін
сабалап жетіледі...
...Доланадан
туғалы домбыра шер
Жалғыз өскен
жапанда жетім өді.
Уа, домбыра, сен
енді бұны сына!...
Суығы ,ма,
өмірдің жылысы ма,-
Бәрін ,құптап,
өнердің дирижері
Бесігінен
кірісті жұмысына.
Опа, шабыт
олжаға кенер бұны
Бақжұлдызын бар
етсе келер күні;
Тәңіріден
жеңілдік тіленбей-ақ,
Тосып алар
тосқауыл, кедергіні!..
 
         БІРІНШІ БӨЛІМ
       1. Көш-жөнекей
Жаралған жазы,
қысы тынбағалы
Өмірдің
«өлең-сазы» тым бағалы.
Беймаза бала
Ахмет төңіректен
Түйгені -құлағымен
тыңдағаны.
Бітпейтін бірі
бәсең, бірі ұшқары
Таңбалы
табиғаттың дыбыстары.
Тиіссең, қара
тас та қарап жатпай,
«Тек!»-дейді...
Өміршінің дұрыс бәрі.
Қойғанда қоңырау
да томсарады,
Торғайлар толғап
жүріп «там» салады;
Көлденен Темір
суы, көл суы да
Ескекті тартып
алсаң тамсанады...
Жабықтан жар
салады жаңбыр табы;
Байғұздың
жоқтауынан жан қорқады;
Тұмсықпен
Толғанайдың тоқылдағы
Күбісін күні
бойы жаңғыртады.
Көк есек күнде
жылап ышқынады,
- Үстінде күліп
шанқай түс тұрады.
У жылан қой
басынан қорыққанда
Қопалы
Қарағаннан ысқырады.
Қыс желі қызыл
беттен ұрғыз дейді,
Үскірік жаман
итті үргізбейді;
Бораннан қашып
келген қар ыбырлап,
«Тентек ұл,
терезеден кіргіз!»- дейді.
Күз тойлап қаз
бея аққу қайтар айды,
Ақ,бұлттам әсем
әнді қайталайды.
...Басынан Айырықтың
«Бап!» дегенде
Жан-жаққа
жаңғырығың жай тарайды.
Қотанда қой
жамырап күн батқаны,
Төбеттер жағын
жаппай түн қаққаны...
«Базарды» байқап
түйген Ахметке
Аз емес алты
жастың тыңдатқаны.
...Міне енді
жайлауына май айында
Ел көшті... Көз
алдыңа жаяйын да.„-
 
Көк-Нұра, Бестау
асқан даңғазаны
Ахмет құлағышан
аяйын ба?!.
Көші бар
қыз-келінді, бозбалалы
Шолады жазғы
жасыл көз даланы.
Ал көңіл - алғаш
рет тайға мініп,
Қалың көш
қапталында қозғалады.
Ұланның ұғымын
сол қағытады,
Үйіріп, тұңғиыққа
тоғытады;
Өмірдің сыры
терең сиқырынан
Ұтады ол,
ұтылады, тағы ұтады.
...Қой қалай
кеше ғана қоздағасын,
Шарқ ұрып
шақырмасын өз баласын,
Жүк apтсаң
енесіне, екі көзі
Жаутандап бота
қалай боздамасын?!.
Шалқалап,
шапалағы ұрып төсін,
Бір асау
бұғалыққа іліккесін,
Қысырақ қыл
құйрықты желге тігіп,
Қалайша шыңғырықтан
үрікпесін?!
Батан шал қара
саннан қамшыласа,
Алмайды қомды
қоспақ қарсыласа,
Бейшара бекер
жылап бақырғанша,
Қайтеді ақтык
рет қансыраса?!.
Бәріне құлақ
аспақ балаға заң...
Байқамайсың
бақылап қарамасаң:
Ауған түйе
жүгінен құларыңда
Құман, шелек,
қаңк, етті қара қазан...
Жас бала
ортасында жасыл әлем
Сиғызып
түйсігіне осыны әрең,
Дейді іштей:
«Даңғазаның тілін білсем,
Айғайлап адалына
қосылар ем!»..
...Бар сезім
басқа келіп үймеледі,
Бір сезім:
«Білмесіңе күйме!»-деді.
«Қыраттан қына
теріп қайталық!»-деп,
Талай дос тай-құнанмен
кимеледі.
Ахмет қайсыған
да елікпеді
О баста
тумағандай еріккелі;
Қабағын түйе
қарап, түгел досқа
Қасымнан кет
десе ерікті еді...
Айтқан жоқ,
қараған жоқ бір балаға...
Құрбылар кетті
шауып құр далаға.
Көш басы -
қыздың әні, қырдың сәні -
Ат үсті
ойын-сауық .құрған аға.
Бұған да елтіп
еді біздің ұлан;
Базардың
барлығын да бұзды бір «ән»-
Бейшара жесір
қатын көш соңында
Жоқтаудың жұтады
ащы тұздығынан.
Елсізде енді
қалып бара жатқан
Көз алмай сорлы
қатын мола жақтан,
Зарлайды; біздің
ұлан жас жүрегін
Келеді құтқара
алмай тол a3aптан
- Базарым едің,
.қалдың-ау,
Басыма қара
салдың-ау!..
Шаңырақ түйе
соңында
Шаршадым да,
талдым-ау!..
Өріті те жүрген
мал мынау,
Өлмей де жүрген
шал мынау,
Қырыққа ,жетпей
қырқылып,
Қызығым, артта
қалдың-ау!..
Қара бір шашым
жаяйын,
Қара бір көзді
ояйын,
Қызықсыз қалған
жүзімді
Қызыл да қанға
бояйын!
Жаратқан құдай
алмаған
Жанымды қайда
қояйын?!
Уаһ, ой-ба-ай,
жанымды қайда қояйын?!.
Бұл саздан бала
Ахмет у ішкендей...
Адамның көкірегі
қуыс нендей?!.
Өмірдің
сиқырынан сыр ашпаған
Балаға сірә жат
пен туыс теңдей:
«Жесірді, дейді
ол, біреу жұбатпай ма?!.
Жалғаннан тапсын
дей ме жылап пайда?!.
Қалған жұрт
қайғы-шерден ездеріне
Тең бөліп түйе
құрлым жүк артпай ма?!.
Бұл саз тек екі
көздің мол жасы ма?!.
Жоқ әлде
жылағанның олжасы ма? .
Неліктен арбайды
екен адамды саз
Алғашқы
жеткізбей-ақ он жасына...
Дауысқа жер де
сыбай, көк те сыбай...
Дауыссыз
көкіректен кетпес ылай...»
..Ахмет әлгі
саздық әлегімен
Қалың көш
қапталында кетті осылай.
       2. Б а л а қ а ш т ы
Ақпан дейтін «Ақ
үлекті»
Бұрқылдатты қыс
қатты;
Талай көктем
тағы да өтті,
Жылдарды жыл қысқартты.
Неке жар-жар,
«бәдік» сарнап,
Нелер апта, ай
тынды.
Жатқан сұлап
өлікке арнап
Жаназалар
айтылды.
Сәбиге ат қоя
қалса,
Салып айғай сан
азан,
Құрбанға мал соя
қалса,
Сазбен айтпақ -
сара заң...
Абақтыдан ән
толғанып,
Шешек, оба
шертті күй;
«Жаңа сазға»
аң-таң қалып,
Ақша тікті шекті
Би.
Зар мен сауық
бәрі де саз
Сарнаған да,
сайраған;
Әрі жемтік, әрі
жемпаз
Қырдағы күй, сайдағы
ән...
Түйді Ахмет
түнерді де
Ойлап бәрін оңаша;
Күн соңынан түн
ерді де,
Берді белес, дөң
аса...
Абдолладан, Құсайыннан
Оқып өспек борыш
та...
Санап үш жыл қыс
айынан
Сабақ білді
орысша.
Ақжардағы осы
мектөп
Әке Қуан
салғызған;
«Енді түзік осы
бет» деп,
Ескі салтты сан
бұзған...
Кұдайберген
құтты жолға
Ұшқан асы
ұядан;-
Ол оқуды кетті
жалғап,
Хат-хабардар үй
одан...
...Көктің отын
енді үрлеген
Ойда-қырда
ой-арман;
Жылда жиын, ел
дүрбелең,
Ендігі жұрт
оянған...
Он алтыншы жыл
өртеніп,
Күйдің сазын өзгерткен.
Жігіт қанға
жігер толып,
Жалын атты сөз
дерттен.
Паш етіп өз
парызын ақтаған-ды,
Ақыры сол күндер
де артта қалды.
Далаға Ақыраптың
даңқы тарап,
Өзгеше өмір алға
аттаған-ды.
Өтпейтін
дабырасыз күні босқа
Ендігі ел ішінің
үні басқа.
Ендігі жыл бақьгтын
жыр етеді
Ардагер аға кісі
іні жасқа.
Ахмет сапында
сол ерөсектің,
Күткені -
келешек күн, келешек түн:
Депті ол
достарына:- Алдағыны
Арманның ақ
желкенді кемесі еттім!..
Осынау ойлы
жастың бір қызығын
Ал бүгін Жұрын,
Шалқар, Ырғыз ұғын!
...Тойына Сырға
қыздың қазақ, ноғай,
Қалдырмай
шақырыпты қыр мұжығын.
Жұттан соң кұт
қонақтап, ел байысқан,-
Бақ-бейне қой
үстінен торғай ұшқан...
Белқұдық
жазығында ат шаптырып,
Жиналған дүйім
жұрттан жер қайысқан.
Сүт беріп,
шалғын орып шал жаратқан
Көз алма сонау
бөлек шабдар аттан;
Жануар жалын
құшып Ахмет сол
Арттағы аламанға
шаң қаратқан.
Бақыт қой ат
үстінде шіркін желік!..
Оқпанды жерден
бейне секірді елік;
Жігіттің жібек
сары бөкебайы
Барады аққан жұлдыз
секілденіп.
Ағады ат созылып
арғы жақтан,
Бөтен бір бөліне
алмай арғымақтан.
Ахмет құлағына
құпияны
Құяды жел сарыны
әр құлақтан.
Жал, кекіл
жаппай шулап жалбарынға,
Әулеттің, дейді,
сонау жандарын ұқ:
Қарап тұр Бибішынар,
түгел туыс,
Сен-ақ деп бақ-талайы
жанған ұлық.
Сыйлайсың жас
туысты, кәрі ағаны
Сен болсаң сенгені
мен қалағаны...
Ал бірақ, улайды
ғой осындайда
Қиылып қыз
алыстан қарағаны;
Ұмыт боп күні
кеше бала кезі,
Сәз салған бір
тайпыдан қалып өзі,
Тіл қатқан жазғы
түнде жалғыз ауыз
Қарап тұр қалқа
Науат қара көзі.
Қасында- жаңа
бешпет, көне көйлөк -
Жеңгесі тұр-ау
«күнім, көре ғой!..» деп.
Қарап тұр қалқа
Науат, қара көзін
Көк торғын
орамалы көлегейлеп.
He ойлап тұр
аттың барып, қайтысынан?..
Қарайды ол қалың
топтың қай тұсынан?..
Білмек шарт
шуылдаған мына көкіл,
Мына жал, мына
желдің айтысынан.
...Бәйгені бұ
қазақ та кім жазбаған?!
Қазақтың қай
жүйрігі күнде озбаған?!
Айта алсам саз
баласы естігенді,
Сол мәңгі
көтерілген күмбез маған...
Шапағат содан
маған жауады шын...
Сын сағат, ат
зымырап, ауа түссін...
Бір дыбыс жел
шулатқан жал, кекілден
Құлаққа сыбырлады
Науат үшін:
- Жаным Ахмет,
ентікпеші,
Аты құрсын
озбаса да,
Өзге сиқыр ертіп
келші,
Соған жұрт қол созбаса
да...
Жаның соның
шарпуынан
Жанып күйе
жаздаса да,
Сол сиқырдың
шартты уынан
Шариғатта жазбаса
да...
Күйік қала күйін
жасарт,
Тобыр тойдан тез
босан да,
Қызық та сол,
қиын да шарт,
Жүйрік түспек
көзге сонда...
Өнер айып төлемес
те...
Ән-күй азат
лағынеттен!
Арман-дертің сол
емес пе
Айы түнде маған
айтқан?!
Аты құрсын озбаса
да,
Жаным Ахмет,
ентікпеші...
Шариғатта
жазбаса да
Шабытыңды ертіп
келші!..
Бұл сенім
жүйріктейін жүгенделмей,
Тасытты тал
бойынан жігер нендей?!
Науат қыз аттың
жалы азғырсын деп,
Желді осы
жеңгелікке жібергендей...
Көп болса шарт
сынғандай шаңырағы,
Шал сейіс
күйіп-пісіп даң ұрады;
Бәйгіден басын
алып қашқан болып,
Жануар ай далаға
аңырады:
Тәрк етііп аттан
келер бір атақты,
Ахмет сол
бұрғаннан бұра тартты;
Шабдардай шаң көтеріп
озбаймын деп,
Өзіне езге биік
мұрат артты...
Даланың заулап
қалып жатты қыры;
Ендігі тыңдағаны
ат дүбірі;
Шапқан ат тұяғының
бірі дүмпу,
Сарт еткен қара
тасқа қатты бірі:
Алдында не күтіп
Тұрса да бақыт
ұқ!..
Топасты көкітіп,
Сопыға зекітіп,-
Екеуін екі ұтып,
Кете бер, кете
бер...
Қөңілді лекітіп,
Толқытып,
бекітіп,
Жүректі
жетілтіп,
Оқытып, тоқытып,
Жаңаны жаратып,
Жүлдеге
жүгіртіп,
Досыңа дұшпанның
Бетінен
түкіртіп,
Кете бер, кете
бер
Жаңаны жүгіртіп,
Ескіні тұқыртып,
Тұқыртып... Тұқыртып...
Осылай
дүбірлетіп озды еркіне;
Жан сазы жатар
деме өзгертіле...
Бұл сазды тұлпар
тұяқ күй-табақтай
Жапанның жазып
берді өз бетіне...
Калың топ алыс
қалды қарауытып,
Жарыста тоқ
ұтылды, жарау ұтып...
Амал не, ұзап
кеткен Ахметтің
Шалғайда шалы
қалды жан ауыртып..
Қарт жиен мейлі
осылай қан жыласын
Шарам жоқ, кессе
мейлі қанжығасын..
Ол анық осы жолы
ақ сақалын
Жұлды да,
жұдырықтап қалды басын.
«Ұланға ұмыттырған
шаңырақты,
Осы да бір
күштінің әмір-ақ-ты...»
Сағынған саз
мектебін «сары желкен»
Ақтөбе қайдасың
деп аңыратты.
               3. Сапар алдында
-        Басы да, аяғы да жалаңаш-ты,
Ақжардан
Ақтөбеге бала қашты.
-        Ойбай-ау, ат сатқызып жынды неме
, Жинапты сым
ішекті бар ағашты.
Бір нақыл білуші
едім мен ескіден:
Бекер сөз тумақ
деген ер өстіден;
Қыста да қыл
байлаған шыбығынан
Шайтанның
шулағанын ел естіген.
-        Дариға-ай, тірі болса Қуан аға,
Бір тиым салар
еді дуанаға!..
Енді жоқ ел
ішінде осындайды
Оқитын ауыз лебі
дуалы аға...
Жай емес,
жадыгер боп сауаттанған
Сайтанға қыз
бергені сауап болған;
Ахмет жазда
келіп, жадылатып,
Қалыңсыз қайын
жұрттан Науатты алған.
Заманға бастады
ғой ылаң кіре,
Аздырар әлі
талай ұланды не!..
Жұртына Жұрын,
Темір, Борлы таудың
Талай шақ
тарағалы бұл әңгіме.
Сопылар санатта
жоқ, санда тірі,
Таусылды
тақуаның соңғы ақылы.
Ахмет Орқашына
оралғанда
Өсектің өрті
қаулап сөнді ақыры.
Бас домбыра,
балалайка,
Скрипка
сұңғыла!..
Естігендер
барады айта
Естімеген
соңғыға.
Бас домбыра,
балалайка,
Қосшы ұйымға -
мандолин!
Жаратылсын дала
қайта -
Жалба тұмақ
малды әлем!
Кел қобыз, кел
сырнай,
Ұйымдас
жалшымен!
Дауласып көрсін
бай
Дабылшы,
жаршымен!
Алдың - бел, құз
да тау,
Аспандат
алаутып,-
Қыз дарқан -
қызыл отау,
Жапанға жалау
тік!
Кел, шырқа
кезекпен,
Өрге бас, өлең,
саз!
Қыс қыстау,
күзек пен
Жаз жайлау -
өнерпаз!..
Жағасында
Шалқардай қанша көлдің,
Қайран өнер,
азаттық аңсап елдің?
Жұрт білмеген
Жұбанов Ахметтей
От-жалыны онда
жоқ комсомолдың.
Еркін сілте,
енді бар аңсағаның;
Күні туды күйші
мен әнші ағаның.
Шалқып тасып
Шалқарға құйылатын
Әні қайта
жаралды әр сағаның.
...Міне жайлау,
айлы түн, маздаған шам,
Мандайыңа
лауқылда жазбаған шам,
Ендігіден сый
осы саған, ауыл,
Қашан болса
қанаттас жазда қонсаң.
Ел жиналған
жан-жақтан күн батарда,
Түгел жарлы-жақыбай
түнгі отарда;
Малдас құрып,
жантайып жатқаны бар
Қызыл отау
қызығын тыңдатарда.
... Шағын жігіт,
шашы бұйра қомақты,
Саз ойнайды
салбыратып қабақты.
Баба күйін басса
темір пернеден
Кемпір-шалдың
көзден жасы көп ақты.
Мандолинге, бар
болғаны жіліктей,
Арық қолы
қадалады сүліктей.
Оны тастап,
гитар алса, заңғарың
Күмбірлейді
күрең бесті күліктей.
Оны тастап,
скрипка қолға алса,
Қыз дауыстан қыл
жіңішке толғанса,
Еліктіріп дала жұртын
дамылсыз,
Жер түбіне
жетектейді ол қанша!..
«Қысқы кеш» пен
қайран «Дунай толқыны»
Толтырады
Орқаштағы олқыны.
Жапандағы
жарлы-кедей жалпыға,
Өмір басқа
сөйлеп кетті ол күні.
Тынған сәтте
біздің осы жаршы аға,
Күліп тұрып бас
иеді баршаға.
Түңғыш қазақ әзі
төккен өнерін,
Қолқа салмай
тайыншаға, наршаға...
Қосшы ұйымға
бағыштады қол-құтын,-
Қосшы ұйымга -
жиырма тиын, сом бүтін...
Ленинград
оқуының алдында
Солай бітті
ауылдағы соңғы түн.
Жұртты көрсең:
Жамырасқан қой қандай...
Қол соқпайды
Бейсембай мен Тойғанбай,
Лақтырылған
бөрік, тұмақ, тақия,
Құдай көктен
жаудырып-ақ қойғандай...
-        Тілеу, қабақ, назар, шүрен, таманың
Сақта, құдай
жұдырықтай жаманын!..
-        Оң сапарға!..
-        Жолың болсын, қарағым!..
-        Маңдайыңнан жарылқасын заманың!..